Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пайымы биік преамбула

Көкке көз тіккен күн

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Recovery scam қалай жұмыс істейді?

Кітап оқитын ұлт: Алматы облыстық кітапханасы 300 кітапты онлайн қолжетімді етті

Кітап оқитын ұлт: Алматы облыстық кітапханасы 300 кітапты онлайн қолжетімді етті

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, кітап – адамзат баласының рухани байлығы мен сан ғасырлық тәжірибесін сақтап келе жатқан асыл мұра. Қай кезеңде де кітаптың орны ерекше болған. Себебі кітап адамға білім береді, ой-өрісін кеңейтеді, рухани дүниесін байытады. Сондықтан кітап оқитын ұлттың болашағы да жарқын болмақ.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Жуырда қабылданған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлық та соның айқын дәлелі. Бұл бастама – жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам.

Қазіргі уақытта кітапхана саласы да заман талабына сай жаңарып келеді. Бұрынғыдай тек қағаз кітаппен ғана шектелмей, электронды жүйелер арқылы оқырманға қызмет көрсету ісі қарқынды дамып отыр. Соның нәтижесінде кітап іздеу, қажетті мәліметті табу, оқырман тіркеу секілді жұмыстар әлдеқайда жеңілдеді.

Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында да кітап қорын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа түскен әдебиеттер электронды базаға енгізіліп, әр кітаптың толық библиографиялық сипаттамасы жасалады. Бұл оқырманның қажетті кітапты уақыт жоғалтпай тауып алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар сирек қордағы құнды кітаптарды электронды нұсқаға көшіру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Бүгінде кітапхананың цифрлық қорын толықтыру мақсатында кітаптарды сканерлеу жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда кітапхана сайтында 300-ге жуық кітаптың электронды нұсқасы орналастырылып, оқырман игілігіне ұсынылды. Бұл – кітапхана қорындағы құнды еңбектерді сақтап қана қоймай, оларды қашықтықтан оқуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Әсіресе шалғайдағы оқырмандар үшін электронды кітаптардың қолжетімді болуы – уақыт талабынан туындаған қажеттілік. Осындай жұмыстар арқылы кітапхана рухани мұраны заманауи форматта насихаттап, оқырман сұранысын қанағаттандыруда.

Соңғы жылдары кітапхана саласында заманауи технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде көп жылдан бері қолданылып келген ИРБИС бағдарламасы жаңартылып, бүгінгі таңда БАРЫС жүйесі ретінде жұмыс істеуде. Жаңартылған бағдарлама кітапхана ісін автоматтандыру мүмкіндігін кеңейтіп, ақпараттық жүйенің сапасын жаңа деңгейге көтерді. Қазіргі таңда бұл жүйе арқылы кітап қорын электронды базаға енгізу, каталогтау, оқырман тіркеу және электронды кітапхана қалыптастыру жұмыстары тиімді жүзеге асырылуда. БАРЫС бағдарламасының басты ерекшелігі – қолдануға ыңғайлылығы мен көпфункциялылығында.  Бұл кітапханашылардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқырманға сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі кітапхана – тек кітап беретін мекеме емес, ол білім мен мәдениеттің, рухани дамудың орталығы. Осындай рухани ордалардың заман көшінен қалмай, жаңа технологиямен жұмыс істеуі – уақыт талабы. Себебі цифрландыру дәуірінде ақпаратқа қолжетімділік те, оқырман сұранысы да өзгеріп келеді.

Қазақ халқы қашанда кітапты қастерлеп, білімді жоғары бағалаған. Сондықтан кітапқа деген құрмет ешқашан бәсеңдемеуі керек. Өйткені кітап – ұлттың рухани жадын сақтайтын, адамды ойлануға, ізденуге жетелейтін баға жетпес қазына. Бүгінде қолға алынып жатқан осындай игі бастамалардың нәтижесінде кітап оқуға деген қызығушылық артып, рухани құндылықтарға бетбұрыс күшейіп келеді. Бұл – зерделі ұлт қалыптастыру жолындағы нақты қадамдардың жемісі. Демек, кітаппен сусындаған қоғам – болашағы берік, рухани деңгейі жоғары қоғам болмақ.

КУДАБАЕВА ЖАННА

Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының

қор сақтау бөлімінің меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see126

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see125

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see123

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see122

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see122

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see120

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see117

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see116

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

18 Тамыз 2026 16:45see115

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

18 Тамыз 2026 10:19see114

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see114

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

18 Тамыз 2026 14:23see114

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see112

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

18 Тамыз 2026 14:08see112

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18 Тамыз 2026 21:56see110

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

18 Тамыз 2026 09:18see109

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see109

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see108

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see108

Recovery scam қалай жұмыс істейді?

18 Тамыз 2026 11:42see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары