Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Кітап оқитын ұлт жобасы аясында Қамқоршылық кеңес құрылды

Кітап оқитын ұлт жобасы аясында Қамқоршылық кеңес құрылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін қазақстандық әдебиет өкілдерімен өткен кездесуде «Кітап оқитын ұлт» жобасының пилоттық кезеңінің аралық қорытындылары таныстырылып, қоғамдық қордың Қамқоршылық кеңесі құрылды. Бұл жиын жай ғана кездесу емес, шығармашыл зиялы қауым мен қоғамның кітап оқитын, сыни ойлайтын әрі рухани бай ұлт қалыптастыру идеясы төңірегінде топтасуына негіз болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 30 наурызда Астанада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында маңызды кездесу өтті. Оған Қазақстанның көрнекті жазушылары мен ақындары – Төлен Әбдік, Роза Мұқанова, Қойшығара Салғараұлы, Алдан Смайыл, Қуаныш Жиенбай, Шәрбану Бейсенова, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Мәди Айымбетов, Сауытбек Абдрахманов, Жанарбек Әшімжанов, Бауыржан Бабажанұлы қатысты.

2025 жылдың қыркүйегінде елдің бірнеше өңірінде пилоттық негізде іске қосылған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – Қазақстанда тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Пилоттық кезеңнің алты айы ішінде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында жобаға 189 мың адам қатысты. Қатысушылар орта есеппен 10-15 кітап оқыған. Сондай-ақ жобаға қатысушылар күн сайын 30-50 бет оқу дағдысының қалыптасқанын, оның отбасылық кештердің, мектептегі талқылаулардың және тіпті жұмыс үзілістерінің бір бөлігіне айналғанын атап өтеді.

Жобаның алты бағыты негізгі жас және әлеуметтік топтарды қамтиды:

Оқушылар «Кітап оқитын мектеп» бағыты арқылы қатысады. Мұнда 6-10-сынып оқушылары оқыған кітаптары негізінде викториналарда жарысады.Колледж және ЖОО студенттері «Кітап оқитын колледж» және «Кітап оқитын университет» бағыттары арқылы тартылады. Бұл бағыттарда пікірталастар ұйымдастырылады.Педагогтер «Кітап оқитын педагог» бағыты аясында командалық интеллектуалдық квиздерге қатысады.Отбасылар «Кітап оқитын әулет» бағыты арқылы қатысып, түрлі квиздерде бақ сынайды.Мемлекеттік қызметшілер «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша квиздерде жарысады.

Әрбір санат үшін 15 шығармадан тұратын арнайы тізімдер жасақталған. Бұл тізімдерде қазақ классикасы мен әлемдік бестселлерлер үйлесімді түрде қамтылған.

Жобаны одан әрі дамыту мақсатында «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры жанынан Қамқоршылық кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері – жобаның стратегиялық бағыттарын айқындау, қатысушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімін бекіту, сондай-ақ негізгі бастамалар мен іс-шараларды әзірлеу. Кеңес құрамына әдебиет пен мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі жазушылар мен ақындар енді.

Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдік: «Ілгері басқымыз келсе, сауатты болуымыз керек. Ал сауаттылық кітап оқудан басталады. Біз осындай бастамаларды қолдаймыз. Халық мүлде кітап оқымайды деп айтпаймыз, бірақ кітап оқымайтын, сирек оқитын топ өте көп. Осы жоба дәл соларға бағытталған».

Жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанова: «Қазақ халқы – тарихи тұрғыдан кітап оқитын ұлт. Ертеден ертегілер мен аңыздарға, батырлар жырына қанық болып өскен халықпыз, бұл – біздің тамырымыз, рухани негізіміз. Сол бай мұрамызды қайтадан жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз».

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, журналист, әдебиеттанушы, аудармашы Сауытбек Абдрахманов: «Бүгін өте маңызды және мазмұнды кездесу өтті. Елімізге танымал қаламгерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы – қоғам үшін аса өзекті. Бүгін оны жүзеге асырудың нақты тетіктері мен жолдары нақты көрсетілді».

Қоғам қайраткері, ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов: «Дамыған елдердің биікке көтерілуінің негізі – интеллектуалдық өсу және кітап оқу дәстүрі. Қоғамдық жоба ретінде басталған бұл бастама алдағы уақытта мемлекеттік қолдаудың берік тірегіне айналады деп сенемін. Әрбір отбасында кітапхана болуы – менің үлкен тілегім. Барша қазақстандықтарды кітап оқуға белсенді шақырамын».

Жоба «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қарағанды, Қостанай облыстарының мен Шымкент қаласы әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Байқаудың финалдық кезеңдері 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Оның қорытындысы бойынша өңірлердің үздік оқырмандары анықталады.

Биыл мамыр айынан бастап жоба республикалық деңгейге шығады. Оған 1 миллионнан астам қазақстандық қатысады деп күтілуде.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары