Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Кітап оқитын ұлт зияткер ұлт

Кітап оқитын ұлт зияткер ұлт

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елордадағы №5 мектеп-гимназия оқушылары арасында кітап оқуға деген құштарлық бұрыннан дәстүрге айналған десек болады. Олар оқуда ғана емес, ағартушылық-зияткерлік бағытта да замандастарынан алда.  Мектептің 1996 жылғы түлегі биыл өзінің алтын ұя мектебіне кітапхана ашып берген. Жақсылық жасаудың жарқын үлгісін жанына серік еткен шәкірт ұстаздарынан өзінің атын атап, мақтамауды өтінген екен. Бірақ мектеп ұжымы шәкіртінің игі ісімен мақтанып, «Жақсының жақсылығын» айтуды жөн көреді. Халқымызда «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген нақыл сөз бар. Осындай игі істер атқарып жатқан шәкіртіне ұстаздардың алғысы шексіз.

– Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп хакім Абай, білім мен ғылымның қайнар бұлағы кітап екенін, оны ерінбей оқып, санаға тоқу керектігін өсиет етті. Баба өсиетін бойына дарыта білген, болмысына айналдыра алған шәкіртіміз өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне деген құрметін ерекше іспен көрсетті. Ол кейінгі буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, өзі білім алған мектеп кітапханасын заманауи үлгіде жабдықтады. Сондай-ақ оқу ордасына деген құрметі мен ризашылығын тағы бір игі іспен жалғастырып, ұстаздарға арнап заманауи әрі жайлы мұғалімдер бөлмесін жабдықтауға зор қолдау көрсетті. Бұл – ұстаз еңбегіне деген құрметтің, туған мектебіне деген жанашырлықтың және жақсылықты іспен көрсетудің жарқын үлгісі. Оның бұл қайырымды қадамы кейінгі ұрпаққа өнеге болып, мектеп өміріне қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. Ол өзін мақтағанды, ісімен мақтанғанды да ұнатпайды, – деді №5 мектеп-гимназия директоры Қарлығаш Инербаева, мектепке зор құрмет көрсеткен шәкіртін мақтан тұта, марқайып...

Заман талабына сай жабдықталған, кітап қоры мол бұл кітапхана – талай шәкірттің білім жолына шамшырақ болып, болашағына жол ашады деп сенеміз.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, мәдениетінің, даналығы мен рухани ізденісінің жемісі. Ол – адамға рухани азық, адал дос, айнымас серік. Кірпік қаққанша үздіксіз жаңарып, жылдам өзгеріп жатқан қызылды-жасылды әлемде бір сәт аялдап, гаджетке емес, кітапқа үңіліп, жанға қуат алудың жөні бөлек. Ғалымдардың айтуынша, кітап оқығанда әлеуметтік желі парақтағаннан гөрі ми тез тынығады, жүрек соғысы баяулап, күні бойғы шаршау басылады. Яғни небәрі 6 минут кітап оқу адамның күйзеліс деңгейін 68%-ға төмендетеді. Бұл музыка тыңдаудан (61%), сүйікті шай не кофе ішуден (54%) және таза ауада серуендеуден (42%) әлдеқайда тиімді.

«Кітап оқып отырғанда, ми жасырын қабілеттерін шыңдайды. Эмори университетінің (АҚШ) зерттеулері кітап сюжеттері нейрондық желіде ұзақ уақыт із қалдыратынын дәлелдеді. Тұрақты оқу арқылы (бір кітапқа сол 11-12 күн) адамның эмпатиясы дамиды, зейіні шоғырланады және когнитивтік қор жиналады» дейді ғалымдар.  

 Мемлекет басшысы қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «23 сәуірді – Ұлттық кітап күні» деп белгілеп, зияткерлік-ағартушылық және рухани жаңару стратегиясының басым бағыты саналатын «Кітап оқитын ұлт» тұжырым­дамасын бекітті. Қазір елімізде жаппай кітап оқу үрдісі қалыптасып келеді. Тұжырымдама аясында былтыр Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шым­кент қаласында пилоттық негізде «Кітап оқи­тын ұлт» жобасы ұйымдастырылып, оған 190 мың­ға жуық оқырман қатысқан болатын. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және зияткер ұлт тәрбиелеу. 

Биыл «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасының аясы кеңейіп, оқуға, үйренуге, ойлануға және алған білімді өмірде қолдануға деген тұрақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді республикалық марафон өтіп жатыр. Елімізде оқуға құштар мектеп оқушылары мен студенттерді, педагогтер мен мемлекеттік қызметшілерді, отбасылар және басқа көптеген оқырманды біріктірген оқу марафоны 2027 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Reading-nation.kz сайтының мәліметінше, марафонға еліміздің түкпір-түкпірінен 1 493 882 оқырман тіркелген. 

Астана қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұсынған мәліметке сәйкес, «Кітап оқитын ұлт» марафоны жарияланғаннан бері елорда кітапханаларына 12 576-дан астам оқырман тіркеліп, қатысушыларға шамамен 31 440 дана кітап берілген. Оқушылардың кітап таңдау талғамы да, оқу әдеті де әртүрлі. Біріне қиял-ғажайып оқиғалар ұнаса, енді бірі қазақ әдебиетіне қызығады.

Елордадағы №5 мектеп-гимназияның директоры Карлығаш Инербаеваның айтуынша, бүгінде адамды әлеуметтік желілердегі түрлі контент магнитше тартқан заманда мектеп қабырғасында кітап оқуды жанына серік еткен, ерекше жетістікке жеткен оқушылардың болуы – үлкен мақтаныш.

– Көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген қанатты сөзі санамызда сақталып қалды. Ендеше кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, дүниетанымын қалыптастыратын маңызды дағды. Бүгінде мектеп қабырғасында кітап оқуды жанына серік еткен, ерекше жетістікке жеткен оқушылардың болуы – үлкен мақтаныш. Сондай оқушыларымыздың бірі 11«в» сынып оқушысы Айзере Қадырғажы, – деді Қ.Инербаева. 

Кітап оқуға құмар, зейіні сергек Айзере бүгінгі күнге дейін 100-ден астам кітап оқыған. Оның жеке кітапханасында шамамен 160 кітап бар. 

Шын мәнінде, білім мен еңбекті серік еткен, ұлтқа қызмет етуді өмірлік миссия санаған ұрпақ ұстаздарының мақтанышы ғана емес, ел дамуының басты байлығы десек болады. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 06:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары