Көкшетаулық стример TikTok эфиріндегі әдепсіздік үшін 30 күнге қамалды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
видеодан скриншотКөкшетауда 45 жастағы стример TikTok желісіндегі тікелей эфирлер кезінде көрсеткен әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Ведомствоның хабарлауынша, ер адам тікелей эфир кезінде бірнеше рет былапыт сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен.
Полицияның мәліметінше, оның тікелей эфирлерін сол сәтте жүздеген қолданушы тамашалаған.
Көкшетау тұрғынына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы материал толтырылды.
Сот шешімімен 45 жастағы стример 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қоғамдық тәртіп пен мінез-құлықтың белгіленген нормаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Бүгін, 17:11
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 23:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















