Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Көктем көңіл күміс жан

Көктем көңіл күміс жан

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Иә, жаны күміс, көңілі дәйім көктем шуағын төгіп, күлкісі күмістей сыңғырлауынан жазбай келе жатқан әріптес ардагер, қанаттас қаламгер досымыздың Күмісжан деген аты да затына сай. Бір байқағаным, басқа мамандықтарды қайдам, дәл осы біздің журналист қауымы арасындағы достық, бірлік, тілектестік пен ынтымақ берік болады, ұзағынан сүйіндіреді. Өзімнің де Мамадияр Жақып, Сауытбек Абдрахманов, Қайсар Әлім, Сүлеймен Мәмет, Тілеуқабыл Мыңжасар, т.б. журналистика саңлақтарымен достығымыз, тілектестігіміз көп жылдан бері көңіліме тоқ, жаныма жайлау. Міне, Күмісжан Байжан әпке досымыз да осы қатардан табылғалы қашан.

Күмкең қырық жылдан астам жур­налистік ерен еңбек жолының түйінді жеті жылын ел газеті «Егеменде» өт­керді, мәртебелі басылымның Алматы облысындағы мерейлі меншікті тілшісі болды. Күмісжанның тәжірибесі де, ғұмыр ғибраты да, қаламының ұлағаты да осы талапқа әбден сай келгенін көрдік те, білдік. Соған қуандық. Өйткені мақа­ла, хабар, толғамдары газетке күн құр­ғат­пай жиі шығып тұрды. Сөйтіп, бас­қа әріптестерін де осындай еңбекқор­лық­қа, жедеқабылдыққа жетеледі. Әрине, мұндайлық тұлпар тегеурінге, қамшы салдырмас қабілет-қарымға ақындар мен батырлар елінің қызы бұған дейінгі қат-қабат өмір өткелектері мен жауапкершілігі мол, сындарлы іс-тәжірибелерінен өтіп, жеткен еді. Ол «Егемен Қазақстанға» Сүйінбай, Жамбыл елінің жарық жұлдызына, бүтін бір ауданның мақтанышына айналған шағында келіп, сол сүйінішті үрдісті әрі қарай сәтімен жалғастырған еді.

Бүгінде жалпы қаламгерлік пен журналистикаға өмірінің жарты ғасыр­дан астамын қайтпас өршілдікпен арнап келе жатқан, есімі елімізге белгілі Күмісжан Байжанның әсіресе балалық шақ­тағы тағдыр-талайы оңай болған жоқ. Тағдырлары талқылы әулеттің жалғыз қызы әлі есін де білмейтін екі жасында майдангер әкесінен айырылды. Ерлермен бірдей етікпен су кешіп, күнкөріс қамымен қой соңында салпақтаған Рысбала анасы зордан-зор тауқымет кеше жүріп өсірді. Үңгіртастағы мектеп-интернат­та тәрбиеленіп, оқуын жақсы оқыды. ­Жан сырын айтып шешілетін бауыр, ­әпке-сіңлісі болмаса да, одан соң өрімдей 21 жасында аяулы анасынан айыры­лып, жалғыздық запыранын шексе де, ­сол қасиетімен, күмістей жан тазалығы­мен, тегінен дарыған өжеттігімен жетімдікті ­де жеңіп шықты.

Бала жастан алдына мақсат қоя білді. Оқушы кезінен-ақ кітап, газет, журнал оқуға құмарлығымен танылды, күнделік жазды, газет­терге шағын суреттеме, хабарлар жолдады. Ауылдастары: «Айналайын Күмісжанның ма­қаласы шығыпты!» деп қуанып, мерейге бөлейтін. Әсіресе, сынып жетекшісі Күләш апайы: «Күмісжан, сен өскенде журналист боласың. Осы бетіңнен тайма!» деп қайрап қояды. Тағдыр жолымыз, журналистикаға келу бағдарымыз ұқсас болғасын ба, сол бір қимас дәуренді біз де са­ғынышпен еске аламыз. Қарап отырсақ, Күмлекеңнің сыныбынан болашақ бес сөз зергері шығып­ты: Нағашыбек Қапалбеков, Жұмабай Шаштайұлы, Молдахан Мұқатаев, Рафат Әбдіғұлов және өзі. Бәрі де біздің замандастарымыз, сыйлас достарымыз.

Осы мақсаткерлік Күмісжанды мектеп бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика фа­культетіне алып келді. Университетті бітіре сала жаңадан ашылған Күрті аудандық «Шұғыла» газетіне жолдамамен жұмысқа орналасты. Ендігі жерде Қайыржан Бекқожин, Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеев сынды ұлағатты ұстаздар­дан алған теориялық білім тәжіри­белік тағылымға ұласты. Газет шығару жұмысы журналист ма­мандығының ­алуан қырларын кеңінен меңгеруге жол ­ашты. Иә, журналист жұмысы мақала жазу­мен ғана шектелмейді. Адамдармен сөй­лесу, қажетті ақпарат ала білу, тақырып таң­дау һәм оны талдау, қоғамдағы мәнді мәселелерді көре білу. Оған қоса редакция ішінің кілтипандары. Осының бәріне ұйымдастырушылық қабілет, ысылған мықты машық керек-тұғын. Ақшидегі Күрті газетінде өткен 14 жыл осындай журналистік, газетшілік тәжірибесін шыңдап, баспасөздегі қайраткерлік­ке төселдірді. «Шұғыланың» шырайын ашқан, кейінгі белгілі ақын-жазушы­лар Сәдуақас Бигелдиев, Айтуған Шәйімов, Нүсіпбай Әбдірахым, Жолбарыс Ысқақов, бас редактор Байбосын Жұматаев... Осылардың ішіндегі жалғыз әйел заты Күмісжан еді.

Қайраткерлігі мен қабілет-дарыны, толысқан тәжірибесі қосыла келгенде тосылдырмай, журналистер ұжымының басшысы деңгейіне көтерілді. Жаңа қызметі – бас редакторлық. Күмісжан Құдайбергенқызы 1986 жылдан бас­тап аттай жиырма жыл бойы Жамбыл аудандық газетін абыроймен басқарды. Алғырлығымен, батылдығымен, жаңа­шылдығымен танылды. Кезінде Шерхан Мұртаза ағамыз «Социалистік Қазақстан» атауын «Егемен Қазақстан» деп өзгертсе, боданшылдыққа қарсы, азат рухты Күмісжан Байжан аудандық газеттің «Екпінді еңбек» деген атын «Атамекен» деп ауыстырды. Бұл – Жетісу өңірінің тарихында алтын әріп­термен жа­зылып қа­лар, ер­лік­пен парапар ерендік еді.

Бас редактор­дың батыл бас­тама­шыл­дығымен «Ата­ме­­кен­нің» беттерінде ақындар мен батыр­лар елінің тыныс-тірші­лігі, қордаланған көкейкесті мәселелері жазылды, тарихи-танымдық тақы­рып­тар қозғалды, еңбек адамдары, тола­ғай тұлғалар әспеттелді. «Атамекен» көп­ші­ліктің сүйіп оқитын, күтіп отыра­тын газетіне айналды. Нарық қиындығы қыс­паққа алған тоқсаныншы жылдары көптеген аудандық газеттер жабылып қалса, «Атамекен» бұл ауыр сынға төтеп берді. Әлбетте, бас редактордың беделінің, де­меушілер тарта білген, заман ыңғайына икемделе білген қабілет-қарымының, жан-жүректегі жа­лынының арқасында.

Әрине, Күмісжан Байжанның редак­торлық жолы ылғи даңғыл, көлденең кедергісіз, кедір-бұ­дырсыз, қиындықсыз болды деп айта алмаймыз. Өмірдің заңы да солай. Газетте сын мақалалардың шығуына, кейбір өздеріне қолайсыз өзекті тақырыптардың қозғалуына бәзбір басшылар тарапынан қарсылық жасалып, редакцияның ішкі ісіне араласу да орын алды. Міне, бас редактордың өжеттігі, байыптылығы осы кезде толайым көрініс тапты. Әлгіндей әдепсіз басшыларға әділетті жауабы бе­ріліп, орындарына қойылды. Жайшылықта ұстамды болса да, сырттың қиянатына төзбейтін Күмкең редакцияның ішінде сыйластық, шығармашылық еркіндік ауанын орнатты. Ұжымы бір үйдің баласындай тілектестікте болды. Есенқұл Жақыпбеков, Рәтбек Терлікбаев, Манарбек Ізбасар сияқты белгілі дарын иелері жақсы әріптес, сенім­ді серік болды. Сонымен қатар бас редактор кейінгі толқын жас журналистер Серік Сатыбалдиев, Тұрсынжан Тоқтасынов, Ерік Амантаев, тағы басқаларына мейі­рімді де ақылман тәлімгер бола білді.

Атажұртында «Атамекенді» осы­лай аспандатқан Күмісжан Құдайбер­ген­­­қызының қызмет бабында, шығар­ма­шылық өрлеу сатысында келесі кө­терілген биігі еліміздің бас газеті – «Еге­мен Қазақстан» болуы заңдылық еді. Қа­ламының жүйріктігіне қоса, Күмкең осы жылдарда, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтқандай, елге қызмет ететін азаматтық ер мінездің иесі екендігін айғақтап көрсетті. Қаламынан туған дүниелері жұрт­тың кәдесіне асып, ел игілігіне айналып, алғыс арқалаудан жазбады. Осы арада есіме түсіп отыр, 2011 жылы ма екен, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысын­дағы күндері өткізілді. Басшымыз Сауыт­бек Абдрахманов бас болып, бірнеше ауданды араладық, соңында Ұзынағашта оқырмандармен әдемі кездесу өтті. Бұл күндердің мазмұнды өтуіне облыс әкімі Серік Үмбетовтің мұқият көңіл бөлуі әсер еткенін де байқадық. Сөйтсек... Әкімнің өзі біздің Күмкеңнің сынып­тасы екен. Бір басқосуда Серік Әбікенұлы: «Күмісжанды сыныптасым болғанды­қтан ғана емес, бастықсың ба, басқасың ба ­деп жалтақтамай, не нәрсені де бетке айта­тын бірбеткей, турашыл мінезі үшін де сый­лаймын. Сынына ұшырап қалудан сақтанып жүремін. Күмісжанның бір­ауыз сөзі бізге заң. Сондықтан мақалала­рын­да нұсқаған кемшіліктерді де тездетіп түзетуге тырысамыз. «Егемен» газетіне ертерек жазылып қоямыз» деп бәрімізді ду күлдіріп еді сонда. Әрине, әр әзілдің астарлы шындығы бар десек, мұндағы шындық – Күмкеңнің қайсар мінезі.

Абай хакім айтқандай, мінез – адам­ның сауыты. Журналист қаламгерлерге де өзіндік өзгеше мінез қажеттігін Күмісжан Құдайбергенқызы көрсетіп бергендей. Бұл – кейінгі толқын журналистерге үлгі, өнеге деп айтар едік. Еңбекқорлықтың, сол ізденімпаздықтың, ел-жұртына деген ізгі ілтипат пен терең сүйіспеншіліктің арқасында жиырмаға жуық кітабы жарық көрді. Ол кітаптардың «Жамбыл елінің жайсаңдары», «Көз ілмейтін көңіл», «Сөнбейтін сезім», «Дара жол», «Кие», «Туған жер тұмарың» деп келетін атау­ларының өзі бей­нелі көркемдігімен ғажап сыр шертіп тұрғандай.

«Жамбыл елінің жайсаңдары» кіта­бында киелі топырақта дүниеге келген би, батыр, шешен, ақын бабалар туралы толғаныстарды зердеге тоқып, жадымызда жаттап, бүгінде еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан то­лағай тұлғалар мен танымал азаматтарды танып біле­міз. Тақырып аясы бір кітапқа тарлық еткендіктен, Күміс­жан Құдайбергенқызы көп ұзатпай, осы орайдағы жаңа туындысын жарқыра­тып ұсынған. Елін сүйген ереннің ісі. Айтулы қайраткер қаламгер, үш бірдей ұлық басы­лымның бас редакторы болған Уәлихан Қалижанның «Күмісжан – ауылымыздың, ауданымыздың, еліміздің жылнамашысы» деген дәлме-дәл бағасына келіспеске әддіміз жоқ. Ал көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлы Күмісжан Байжанның кітаптарын келешек ұрпаққа сыйлаған рухани мұрасы десе, бұдан артық қандай мадақ болмақ. Олай болса, баспасөздің абыз ақсақалы, облыстық «Жетісу» газетінің көп жылғы бас редакторы Баймолда Мұса ағатайымыздың кезінде Күмкеңе «Әй қайсар қыз-ай!» деп сүйсіне, таң-тамаша қалғанына да таңданудың реті жоқ сияқты.

 Сол қайсар қыз қазір аяулы жар, ардақты ана, сүйікті әже. Салауатты жары Саламатпен бірге бақытты әулетті көктетіп, өркен жайғызған. Сонымен қатар, журналистік еңбегінің жемісі де молынан мәуеледі, көптеген марапатты иеленді. Әр жылдарда Қазақстан Республикасының мәдениет қайрат­кері, Қазақ­станның құрметті журна­лисі, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Еңбек ардагері. Нешеме төсбелгілер. Жамбыл ауданының, Талдықорған қала­сының, Алматы облысының құрметті азаматы. Құрмет пен абырой адамын тапқан деп осындайда айтар болар.

 Бүгінде үш жиырма бестің сеңгі­ріне жетіп мерейгер болып отырған қайсар қаламгер зейнеттегі жылдарда да шығар­машылық бейнеттен баз кешкен емес. Керісінше, үдемелете жазып, жүремелете жарияланып, көпшілік оқырманның үде, талабынан шығып жүр. Ел мен жер тарихын түгендеп, таным­­дық сипаттағы көркем эсселерін жалғас­тыра жазып келеді. Қаламнан төгілген жан-жүрегіңіздің сыр-толғанысы Алатау бұлақтарындай сылдырай берсін, күміс үнді Күмкем! Жетісу жәннат жерінің күміс күлкілі қызы, алда да Сүйінбай, Жамбыл елінің жарық жұлдызы болып жарқырай бергейсіз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

 

АЛМАТЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары