Көлікті алып қойса да, кредит қалады : Сүлейменов автокредиттің қауіпті тұсын атады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов автокредит бойынша қарыз жүктемесі коэффициентін қайта енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қарыз жүктемесі коэффициенті дегеніміз – азаматтың бұрын алған кредитінің жүктемесін жаңа кредит рәсімдеу кезінде ескеретін көрсеткіш. Үш жыл бұрын жаңа көлікті автокредитке рәсімдеу кезінде бұл талап алынып тасталған болатын. Енді оны 2027 жылдан бастап қайта енгізу жоспарланып отыр. Бұл шешімнің өзіндік себептері бар.
"Бізде тұтынушылық кредит 30 пайызға өсті деп айтқан едік. Ал автокредит соңғы үш-төрт жылдың ішінде 60 пайызға өскен. Бұл кредиттің сапасы да нашарлап барады. 5-7 пайызы үшінші деңгейлі проблемалық кредиттерге өтті. Кейбір кредитті банктер балансынан шығара бастағанын да білеміз", – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Осы ретте Ұлттық банк басшысы автокредитке қатысты мысал келтірді.
"Мысалы, сіз 10 миллион теңгеге автокредит алдыңыз. Бір жыл төлегеннен кейін жұмыстан шығып қалып, кредитті төлеуге мүмкіндік болмай қалды. Мұндай жағдайда көлікті қалдық бағамен – 5-7 миллион теңгеге алып қоюы мүмкін. Бірақ сіздің мойныңызда әлі де 3-5 миллион теңге кредит қалады. Оны да төлеу керек", – деп атап өтті Сүлейменов.
Оның айтуынша, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қарыз жүктемесі коэффициенті сияқты шаралар қолданылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 19:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















