Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Биыл елордалық колледждің жеті түлегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызмет өткеруге шешім қабылдады. Олардың барлығы фельдшер мамандығының иесі. Қазір олар Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің оқу пунктінде әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, Отан алдында ант беруге дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл бастаманы қатардағы Кәдіржан Байтенов көтерді. Ол алғашқылардың бірі болып әскери басқару органына барып, медициналық комиссиядан өтті. Кейін бірге оқыған достарына әскерге баруға жол көрсетті.
Бұл ұсынысты сол кезде Шымкентте жүрген қатардағы Думан Қорғанбаев та қолдады. Достарының әскерге жиналып жатқанын естіген ол Астанаға билет алып, сол күні әскери басқару органына келді. Осылайша бұрын бір топта білім алған жеті жігіттің қайтадан бастары қосылды. Бұл жолы олар әскери киіммен сап түзеді.
Қазір ұландықтар жас сарбаз курсынан өтіп жатыр. Олар әскери күн тәртібіне бейімделіп, саптық даярлық пен әскери істің негіздерін меңгеруде. Айтуларынша, бірге келген достарының жанында болуы жаңа ортаға бейімделуді жеңілдетеді.
– Біз бір-бірімізді бұрыннан жақсы білеміз. Сондықтан мұнда өзімізді сенімдірек сезінеміз. Қандай жағдай болмасын, бір-бірімізден көмек сұрай аламыз. Бірге қызмет етудің өз қызығы бар. Күнделікті сәттерді де, әскери өмірдің алғашқы қиындықтарын да бірге өткеріп жатырмыз. Қандай жағдайда да бір-бірімізге қолдау көрсете аламыз, – дейді қатардағы Алмас Болысбек.
Жас сарбаздардың Ұлттық ұланды таңдауына әскердегі заманауи технологиялар да әсер еткен. Олардың назарын құқықтық тәртіп әскерлеріндегі цифрландыру, интеллектуалды бейнебақылау жүйелері және тамақтандыру саласындағы жаңа шешімдер аударған.
Жеті досты алда әлі бірнеше айлық әскери қызмет күтіп тұр. Жауынгерлік дайындықтан кейін олар Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттер атқаратын болады.
Олардың кейбірі болашақта Ұлттық ұланның әскери медицина саласында қызметін жалғастыруды ойлап жүр. Бірнеше ұландық Әскери-медициналық басқармада қызмет етіп, колледжде алған фельдшерлік білімін әскери салада пайдалануға ниетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:12
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















