Көмір химиясы саласында үш ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда көмір химиясы саласында үш ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу жобасы басталды. Қытайлық инвестормен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.
"Павлодар облысында "Naz Dan Group" ЖШС көмірден дизель отынын өндіру жобасын іске асырып жатыр. Кәсіпорынның қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайды. Компанияға жер қойнауын пайдалану лицензиясы берілді", - деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысында "Alfa Plast" ЖШС жылына 100 мың тонна дизель отынын өндіру қуаттылығына ие ұқсас жобаны қолға алды. Жер қойнауын пайдалану лицензиясы берілді.
Айта кетері, министрлік өмір химиясы саласын жүйелі дамыту мақсатында көмір химиясы және көмір өндіруші компаниялармен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп, 2026–2031 жылдарға арналған Қазақстанның көмір химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі.
Жол картасының жобасына көмірді терең өңдеуге бағытталған бірқатар перспективалы жоба енгізілді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында "Qarmet" АҚ базасында жылына 200 мың тоннаға дейін шайырды өңдеуді, 35 мың тоннаға дейін бензол өндіруді және кокс газын тазартуды көздейтін коксохимия кластерін дамыту жоспарлануда.
Абай облысында "Samal Commodities" ЖШС 300 мың тонна аммиак және 520 мың тонна карбамид өндіруді жоспарлап отыр.
Павлодар облысында "Қаз Недро Ресурс" ЖШС Сарыкөл кен орны базасында жылына 100 мың тонна дизель отынын өндіру жобасын қарастыруда.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 08:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















