Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Коммуналды қызмет қыстың кез келген сынағына дайын

Коммуналды қызмет қыстың кез келген сынағына дайын

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Осындай климаты күрделі қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету – коммуналдық қызметтің кәсіби шеберлігіне, техникалық мүмкіндігіне және дайындығына тікелей тәуелді. Сондықтан Астанада коммуналдық салаға қойылатын талап жыл сайын күшейіп келеді.

Биылғы қысқы маусымның қарсаңында «Астана Тазалық» кәсіпорны журналистер мен қоғам өкілдеріне арнайы техникалардың жұмысын, дайындық барысын, жаңа технологиялық шешімдерін жан-жақты таныстырды. Бұл жылдағы әдеттегі шара емес, коммуналдық саланың жаңа деңгейге көтерілгенін дәлелдейтін айқын қадам болды.

Бас директор Замир Сағынов алғашқы сөзінде-ақ қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтті. «Қала таңын ашатын да, көшені қыстан аман алып шығатын да – осы еңбек адамдары. Қардың астында қалмайтын да, көктайғақта сүріндірмейтін де – олардың маңдай тері», – деді ол.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, биылғы маусымда қала көшелері мен жолдарын тазалау жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылған. Күн сайын 700-ге жуық жол жұмысшысы ауысымға шығып, 408 арнайы техника қармен, көктайғақпен арпалысқан қаланың күре жолдарында үздіксіз жүріп отырады. Бұл тек сан емес, қаланың әр үйінің, әр ауданның қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін күрделі жүйенің бір бөлігі. Коммуналдық қызметтің басты қағидасы – ауа райынан бұрын әрекет ету. Осы мақсатта тиісті материалдар қоры да алдын ала толықтырылып қойған: қоймаларда 1200 м³ құм, 4400 тонна көктайғаққа қарсы қоспалар және 1000 тонна реагент сақтаулы. Бұл көрсеткіш қаланың қысқы маусымды кедергісіз еңсеруге қаншалықты дайын екенін аңғартады.

Жүйенің тиімді жұмыс істеуі тек техникалық базаға ғана емес, логистика мен технологиялық басқаруға да тікелей тәуелді. Қала бойынша үш сұйық реагент құю пунктінің болуы осыны дәлелдейді. Олар Есіл, Нұра, Сарайшық, Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарына жедел қызмет көрсетіп, техниканың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл – Астананың климаттық ерекшелігін ескерген дұрыс жоспарланған инфрақұрылымның белгісі.

 Салаға соны өзгеріс әкелген жаңа құрал

Дегенмен биылғы маусымдағы басты жаңалықтың бірі – цифрлық жүйенің толыққанды енгізілуі. «Цифрлық жол қағазы» деп аталатын жаңа шешім коммуналдық саладағы ашықтық пен бақылаудың жаңа дәуірін бастап берді. Енді қала көшелеріне шыққан әрбір техниканың қайда жүргенін, қанша реагент сепкенін, қай уақытта жұмыс бастағанын нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Бұрын мұндай мәліметтер қағазбастылықтан аспай, есептер тек ауысым соңында беріледі. Қазір бұл процесс автоматтандырылып, операторлар барлық техниканың қозғалысын нақты уақыт режимінде көріп отырады. Бұл тек бақылау емес – ресурстарды тең бөлуге, жанармай шығынын азайтуға, тиімді маршрут жоспарлауға мүмкіндік беретін экономикалық құрал. Замир Сагиновтың айтуынша, аталған жүйе 393 арнайы техникаға енгізіліп, есептілікті автоматтандыру мен шығынның ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жоғары нәтиже көрсетуде.

Астана тәжірибесіне басқа өңірлер де қызығушылық танытып отыр. Алматы қаласы аталған технологияны енгізу үшін сатып алу рәсімдерін бастап жіберген. Сондай-ақ Павлодар мен Қызылорда облыстары, Шымкент қаласының әкімдіктері де байланысын орнатқан. Бұл – елордада қалыптасқан коммуналдық саланың цифрлық моделінің республика бойынша стандартқа айналуы мүмкін екенін көрсететін белгі.

Цифрландыру тек техниканың қозғалысын бақылаумен шектелмейді. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлердің қауіпсіздігін де жаңа деңгейге шығарған. «Med365» және «Adal Check» жүйелері қызметкерлердің денсаулығын күнделікті онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңашылдық арнайы техника жүргізушілерінің жұмысқа рұқсатын нақтылап, төтенше жағдайлардың алдын алуды мақсат етеді. Одан бөлек, жүргізушінің шаршауын бақылау жүйесі де енгізілген. Кабина ішінде орнатылған камералар қауіпсіздік белдігін тақпау, рульде қалғып кету немесе бағытты өз бетінше өзгерту сияқты бұзушылықтарды бірден тіркеп, орталыққа хабар береді. Бұл қаладағы жол қауіпсіздігін арттыруға айтарлықтай үлес қосады.

 Қыс келмей, құралыңды сайла

Коммуналдық қызметтің басты тірегі – техника. Сол себепті кәсіпорын биыл автопаркті жаңартуға ерекше көңіл бөлген. Жанар-жағармай үнемдейтін, көпфункционалды, қиын климатқа бейімделген жаңа машиналар сатып алынған. Атап айтқанда, 5 автогрейдер, 10 самосвал, 1 кран-манипулятор, 5 вакуумды жол пылесосы, 8 Volvo КДМ, 5 CJS КДМ, реагент дайындайтын екі қондырғы және төрт СМП жүктегіш автопарк құрамына қосылды. Бұл жаңартулар қыстың кез келген сынағына төтеп беруге бағытталған жүйелі қадам.

Айрықша назар аударар мәселе – қолданылатын реагенттердің сапасы. Кәсіпорын магний негізіндегі экологиялық таза реагенттерге көшкен. Олардың коррозияны азайту, мұзды тез еріту, төмен температурада тиімді жұмыс істеу сияқты артықшылықтары бар. Бұл – қала көліктеріне, инфрақұрылымына және экологиясына зиян келтірмейтін, әлемдік мегаполистер қолданатын әдіс.

 Жақсының қолдауы – жанға медет

Алайда техника мен технология қанша толық болса да, осы саланың тірегі – адамдар. «Астана Тазалық» соңғы жылдары қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселесіне айрықша назар бөліп келеді. Мәселен, жұмысшыларға арналған демалыс және тұрмыстық бөлмелер күрделі жөндеуден өткізіліп, толықтай жаңартылған. Бұрын тар, жарығы нашар, қолайсыз бөлмелердің орнына 200-ден астам қызметкер кең, жарық, заманауи демалыс орындарын пайдаланып жүр. Бұл – еңбек мәдениетін көтерудің, жұмысшының күнделікті жағдайына мән берудің айқын белгісі.

Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етуге де үлес қосуда. 10 қызметтік пәтер мен 80 орындық жатақхана пайдалануға беріліп, алғашқы жұмысшылар баспаналы болды. Бұл коммуналдық қызмет саласында сирек кездесетін әлеуметтік қолдаудың үлгісі. Отбасымен бірге осы салада бірнеше жыл еңбек еткен Бақытжан Абдуалиев осындай қолдауға ие болған жанның бірі. Жас мамандар да назардан тыс қалған жоқ: бір жылдан аз уақыт жұмыс істеп, екі баласын тәрбиелеп отырған жас жүргізуші де жаңа баспананың кілтін алып үлгерген.

Соңғы жылдары жұмысшылардың жалақысы да қайта қаралды. Қыс мезгілінде жүргізушілер мен машинистер 700–800 мың теңгеге дейін, жазда 500–550 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Инженерлік-техникалық құрамның жалақысы 300–400 мың теңге аралығында. Бұл мәлімет коммуналдық саланың біртіндеп кәсіби әрі тартымды еңбек нарығына айналып келе жатқанын көрсетеді.

Замир Сагиновтың айтуынша, бұл шаралар бір реттік акция емес, компанияның ұзақмерзімді стратегиясының негізгі бөлігі. «Қалаға қамқорлық ең алдымен осы жұмысты күн сайын атқарып жүрген адамдардан басталады. Әр қызметкер құрмет пен қолдауды сезінуі тиіс», – деді ол.

Астана қысы– қаланың коммуналдық жүйесі үшін тек сынақ емес, жаңашылдыққа, кәсіби жетілуге, технологиялық даму мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін кезең. Қыс бойы қала өмірінің тоқтап қалмайтыны, көше мен тротуарлардың уақытылы тазаланатыны, жолдардың қауіпсіз болатыны – осы салада еңбек етіп жүрген мыңдаған адамның еңбегінің және соңғы жылдары енгізілген технологиялық жаңалықтардың нәтижесі. Бүгінгі көрініс – коммуналдық саланың жаңа кезеңге шыққанының айқын дәлелі.

Гүлзина БЕКТАС

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 14:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары