Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?

Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл ауқымды жобаны іске асыру үшін қомақты инвестиция қажет. Сондықтан да қазір ел тұрғындарын «коммуналдық қызмет тарифтері өсіп кетпей ме?» деген сұрақ алаңдатып отыр. Дегенмен, мемлекет бұл мәселені ашып айтты. Коммуналдық төлемдер құны негізсіз әрі күрт өспейді. Ал инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы міндетті түрде әлеуметтік қолдау шараларымен қатар жүргізіледі. 

Аз қамтылған отбасылар коммуналдық төлем бойынша өтемақыны қалай алады?

Тұрғын үй көмегі қашан тағайындалады?

Аз қамтылған азаматтардың отбасылық бюджетіне түсетін салмақты азайту үшін мемлекет тарапынан тұрғын үй көмегі қарастырылған. 

Тұрғын үй көмегі – бұл табысы аз азаматтарға әкімдік атынан берілетін уақытша төлем. Бұл көмекке табысы төмен отбасылар мен азаматтар, соның ішінде зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, жұмыссыздар және өзге де санаттағы тұрғындар үміткер бола алады. Көмек алудың басты шарты: үйге және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығынның сол өңірде белгіленген шекті деңгейден асып кетуі тиіс.

Мәселен, табысы белгіленген шектен төмен отбасылардың тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге кететін шығындары жалпы табысының рұқсат етілген үлесінен (мәслихаттар белгілейтін 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшер) асып кетсе, олар аз қамтылған отбасы болып есептеледі.

Нақтылап айтар болсақ, Астанада бір отбасында 4 адам тұрады делік. Елордада бұл көмекті алу үшін белгіленген шекті деңгей – 10%. Отбасының айлық жалпы табысы – 320 000 теңге. Ал қысқы жылыту маусымында үйдің коммуналдық қызметі мен күтіп-ұстау шығындары айына 50 000 теңгеге жетеді.

320 000 теңгенің 10%-ы = 32 000 теңге. 

Іс жүзінде бұл отбасының коммуналдық төлемі белгіленген лимиттен 18 000 теңгеге артық болып шықты. Демек, отбасы дәл осы сома көлемінде мемлекеттен өтемақы (компенсация) алуға үміткер бола алады.

Коммуналдық төлемдер жаңа жүйеге көшеді

Тұрғын үй көмегін қалай рәсімдеуге болады? 

Тұрғын үй көмегі төленіп қойған түбіртектер (шоттар) негізінде тағайындалады. Түсініктірек айтсақ, сіз өтінішті өткен айдың (немесе тоқсанның) шығындары үшін бересіз.

Өтініш берудің екі жолы бар:

1. Онлайн форматта – eGov.kz порталы арқылы;

2. Офлайн форматта – Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өзіңіз барып тапсыра аласыз.

Енді биыл 12 шілдеден бастап электронды өтініш беру одан әрі оңай бола түседі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 30 наурызда Тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарды. Бұл жаңашылдықтың басты пайдасы – енді онлайн өтініш берген кезде қажетті мәліметтердің басым бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Демек, көмек алушыға бұрынғыдай көп құжат пен түрлі анықтамаларды жинап, уақыт кетірудің қажеті болмайды.

Әлеуметтік төлем алу үшін жалған жұмысқа орналасқан 4 мыңнан астам қазақстандық анықталды

Рәсімдеу үшін мына құжаттар қажет:

Жеке куәлік (тек ХҚКО-ға барып тапсырғанда ғана көрсетіледі); Өткен тоқсандағы (3 айдағы) табыс туралы құжаттар; Коммуналдық қызметтер, үйді күтіп-ұстау, байланыс қызметі және баспананы жалдау ақысы туралы түбіртектер (квитанциялар); Банктік есепшот нөмірі (IBAN); Егер өтінішті онлайн берсеңіз, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Тұрғын үй көмегі 3 айға тағайындалады. Бұл мерзім өткеннен кейін өтінішті қайта беріп, табыстар мен шығындарды тағы бір мәрте растау керек. 

Ескеру керек маңызды жайт: Тұрғын үй көмегі тек бір тұрғын үйге ғана беріледі және коммуналдық қызметтердің белгіленген нормадан тыс (артық) тұтынылған көлемін өтемейді. 

Тұрмысы төмен азаматтарға берілетін тұрғын үй көмегі қандай шығындарды жабады?

коммуналдық қызметтер: су, жарық, жылу, газ; тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау; күрделі жөндеу; байланыс қызметтері (мысалы, телефон үшін абоненттік төлем); мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысы. 

Қысқасы, егер отбасылық бюджетіңіздің қомақты бөлігі коммуналдық қызмет шығындарын төлеуге кетіп жатса, онда тұрғын үй көмегін алуға құқығыңыз бар-жоғын тексеріп көрген жөн. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 16:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары