Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Көне құдықтың сырын кім ашады?

Көне құдықтың сырын кім ашады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осы маңнан, Терек­ті ауданындағы Шалқар көлі маңынан мамандар XIV ғасырға тиесілі деп есептейтін көне кесене табылған болатын. Шартты түрде «Жаңабай кешені» деп аталған кесене күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызылған, қабырғасының қалыңдығы 1,5 метрге жеткен алып құрылыс екен. Ке­шенді қазған археолог Яна Лұқпанова бұл жер әуелі 2018 жылы назарға түсіп, екі жылдан кейін қазба жұмысы басталғанын, кесененің көлемі және материалы бұл маңда Алтын Орда кезеңіне жататын өркениетті елді мекендер болғанын көрсетеді деген болатын.

Бүгінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақжайық өңіріндегі байырғы қоныстарды зерттеу, тарихи орындар туралы тың дерек жинау, ата-бабамыз мекендеген көне қоныстардың ізін анықтап, болашақ ғылыми зерттеулерге негіз болатын мәліметтерді тіркеу ісіне кірісіп те кетті. Жақында музейдің бірнеше маманы Шалқар көлі іргесіндегі Сарыөмір ауылына сапарлап барып, халықпен жүздескен еді. Ақсақалдар осы кездесуде ауылдан шамамен 10–12 шақырым жердегі көне қоныстар маңында Алтын Орда дәуіріне жататын бірнеше көне құдықтың сақталғанын айтқан.

Мұны естіген музей директоры Жантас Сафуллин айтылған жерді жақсы білетін Талап Молдашев есімді жер­гілікті тұрғынды тауып, бірден көне құдықтарды іздеп шықты. Соның ішінде «Жайықбай» шаруа қожалығы әлі күнге дейін пайдаланып отырған құдықтың суынан дәм татты.

Сапар шынымен сәтті болыпты. Зерттеу барысында жер астына жалпақ тастармен өте шебер қаланып салынған, диаметрі шамамен 1-1,5 метр, тереңдігі 6-7 метр болатын бес көне құдық табылған.

«Алғашқы құдық Сары­өмір ауылынан Өлеңті ба­ғытына қарай шамамен 12 шақырым жерде орналасқан Тасқұдық қонысының маңы­нан табылды. Оның жанында екінші құдықтың орны сақталғанымен, уақыт өте келе бітеліп қалған. Үшінші құдық келесі сайдың ішінде орналасқан. Бұл құдықтың ерекшелігі – құрылысы құмыра тәрізді. Құдықтың аузы шамамен 60-70 сантиметр болғанымен, төмен қарай кеңейіп, құмыра пішінінде қаланғаны анық байқалады. Мұндай құрылыс тәсілі орта­ғасырлық нысандарға тән ерекшелік деп саналады. Ал төртінші құдық Рауан Амангелдіұлының қыста­ғының дәл жанында орна­ласқан. Жергілікті малшылар оны тазалап, мотор арқылы су шығарып, мал суаруға әрі күнделікті тұрмыстық қаже­тіне пайдаланып отыр. Құдық суының ерекше тұщы әрі жұмсақ екенін өзіміз татып көрдік», дейді музей директоры Жантас Нәбиоллаұлы.

Осы сапарда анықталған бесінші құдық осы қыстақтан шамамен 200-300 метр жерде орналасқан екен. Түбіне топырақ түсіп, құрғап қалған бұл құдықты Руслан Спанов азық-түлік сақтайтын ұра ре­тінде қолданып отырған көрі­неді.

Батыс Қазақстан облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары