Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Көңіл күй жақсы“. Қазақстан Парламенті қалай тарих қойнауына енді?

“Көңіл күй жақсы“. Қазақстан Парламенті қалай тарих қойнауына енді?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астанада Қазақстан тарихындағы Парламент палаталарының - Мәжіліс пен Сенаттың соңғы бірлескен отырысы өтті.

Астанада Қазақстан тарихындағы Парламент палаталарының - Мәжіліс пен Сенаттың соңғы бірлескен отырысы өтті.

Бұл ақпарат қаншалықты маңызды естілгенімен, байбалам салуға әлі ерте. Заңдар бұрынғыша қабылдана береді, тек енді онымен басқа адамдар және өзге өкілді орган айналысады. Күзде жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай өз жұмысын бастайды. Ал маусымның соңғы күні елордада ел тарихының 31 жылға созылған тағы бір тарауы аяқталды. Tengrinews.kz тілшілері осынау маңызды оқиғаға куә болды.

Күні кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сейсенбі, 30 маусымда палаталардың бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Өткен жылдары бұл Парламент сессиясы жабылып, депутаттар қыркүйекте жұмысқа қайта оралатынын білдіретін. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша - депутаттар біржолата кетіп барады. Қазіргі шақырылым 2023 жылдан бері жұмыс істеп, заңдар қабылдап келді.

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Қос палаталы Парламенттің тарихы сонау 1995 жылы, біз білетін Қазақстан Конституциясы қабылданған кезде басталған еді. Міне, енді ол аяқталды. Осы уақыт ішінде жоғарғы өкілді органда барлығы сегіз шақырылым болды.

Президенттің қатысуымен өтетін отырыс таңғы сағат 11-ге белгіленгенімен, журналистер ертерек - сағат 8-ге шақырылды. Осы уақыттан бастап іс-шара басталғанға дейін үкімет дәліздері (бірнеше жылдан бері "бірлескен отырыстар" дәл осы ғимаратта өтеді) жанданғаны байқалды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

“Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады“: Тоқаев халыққа үндеу жасады

Бүгін 08:02 1

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Осы жылдар ішінде Мәжіліс пен Сенаттың жалпы отырыстарын жариялау апталық дағдысына айналған елордалық журналистер жиналып, күтіп тұрды. Депутаттармен соңғы рет тілдесуді, сұрақтарға жауап алуды және жаңалық естуді асыға күтті.

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Халық қалаулылары таңғы сағат 10-ға қарай жинала бастады. Көпшілік күткенге қарама-қайшы, олардың әрқайсы көтеріңкі көңіл-күйде болды.

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Бәрі де журналистер "өлім дәлізі" деп атап кеткен ұзын дәлізден бейнебір подиумда жүргендей, жүздерінен күлкі кетпей өтіп жатты.

Бұл дәліз бен журналистер қыспағы туралы бөлек материалда: "Қос палаталы Парламенттің соңғы отырысы"

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Жұмысқа мерекеге келгендей" - бүгін бұл сөз соларға арналғандай болды.

"Көңіл-күй қалай, депутат мырзалар?"

Бұл сұрақты журналистер бәрінен де жиі қойды. Ертең іс жүзінде жұмыссыз қалатын адамдар қандай сезімде екенін білгіміз келді. Олардың кейбірі мұнда үш жылдан аса уақыт өткізсе, кейбірі үшін бұл тіпті бірінші шақырылым емес.

Максим Рожин. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Мәжіліс депутаты Максим Рожин көңіл-күйін "жұмыс бабында" деп сипаттағанымен, бәрімен бірге тарихи сәтті бастан өткеріп жатқанын мойындады.

"Өкініштісі сол - енді әріптестеріммен бір кабинетте дәл осы құрамда отырмаймыз. Комитетімізде жақсы әріптестер, тұлғалар көп болды, олармен қоштасу шынымен де оңай емес", - деді Рожин жымиып.

Азат Перуашев. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Мәжілісмен Азат Перуашев көңіл-күйі туралы былай деді:

"Біз Мемлекет басшысы, қоғамымыз, халқымыз - біздің сегізінші шақырылым алдына қойған міндетті орындадық. Кем дегенде, атқарылған іс үшін ұялмаймыз. Сондықтан парызымызды өтеген сезіммен бара жатырмыз".

Оның досы әрі әріптесі Еділ Жаңбыршин қысқа қайырды:

- Бүгін көңіл-күйіңіз қалай?

- Нормально. Жақсы.

Еділ Жаңбыршин. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Болашақ жоспарлары туралы сұраққа Мәжіліс депутаты Құрылтайға түспейтінін ашық айтты.

"Мен екі шақырылымда жұмыс істедім, бірақ толық емес: жетінші шақырылымда бар болғаны екі жыл, осы шақырылымда - үш жыл, үш ай және үш күн. Меніңше, осы жетеді", - деді Еділ Жаңбыршин математикалық дәлдікпен.

Айта кетейік, депутат Жаңбыршин қазақстандықтардың есінде заң жобаларына қатысты даулы пікірлерімен қалды. Оларды талқылау кезінде ол өзінің дұрыстығына сеніммен қарайтын.

Абзал Құспан. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Парламент мүшелерінен жалпы өз есінде ерекше қалған заңдар туралы көп сұралды.

Абзал Құспан Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерді әзірлеушілердің бірі болғанын және Қазақстанда сталкинг пен қыз алып қашу үшін жаза қолдануға ықпал еткенін мақтанышпен айтты.

Сергей Пономарев. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Сергей Пономаревке сауал тастадық: "Парламенттің соңғы отырысы қарсаңында қандай сезімдесіз?"

"Шыны керек, біз 112 заң қабылдадық, сондықтан атқарылған іске деген ризашылық сезімімен кетіп барамыз. Өте маңызды заңдар қабылдадық: лудомания, берешектік жүктеме, киберқылмыс туралы заңдар мен бес кодекс. Әрине, қимайсың, бір-бірімізбен достасып, бір отбасыдай болып кеттік. Біздің комитет ең тату комитет болды деп есептеймін", - деп бөлісті Пономарев. 

Бұл күннің бір ерекшелігі болды - депутаттар журналистермен ерекше ықыласпен тілдесті, мұндай көлемдегі назарға енді қайта ілігуі екіталай екенін түсінгендей болды. Сондықтан көкейде жүрген дүниелерді айтып қалу мүмкіндігін пайдалануға тырысты. 

Қарақат Әбден. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Бұл қарым-қатынас тек ресми сұрақтармен шектелген жоқ. Депутаттар әзілдесіп, ақжарқын күліп, баспасөз өкілдерімен және бір-бірімен суретке түсіп жатты. 

Альберт Рау. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Бұл көтеріңкі көңіл-күйдің айқын дәлелі емес пе? 

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Депутаттар үйреншікті өмірлеріне деген еш өкінішсіз, мұңсыз кетіп бара жатқандай көрінді. Мүмкін, олардың кейбірі болашақ Құрылтайдағы жұмысын жоспарлап та қойған болар?

Ирина Смирнова. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде "кетіп бара жатқан" парламентарийлердің кейбірі жаңа өкілді органда бола алатынын айтты. Ал өзгелері Халық Кеңесінің мүшесі атануы мүмкін.

Асхат Аймағамбетов. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Депутат Асхат Аймағамбетовке "Парламент сізді неге үйретті?" деген қызықты сұрақ қойылды. Ол мұнда келгенге дейін кейіннен алған тәжірибесінің маңыздылығын жете бағаламағанын мойындады:

"Мұнда шешімді жалғыз қабылдамайсың. Мұнда 98 адам бар (Мәжілісте - ред. ескертпесі). Барлық әріптесіңді шешімнің дұрыстығына сендіруің керек. Үкіметпен, басқа да органдармен, азаматтық қоғаммен байланыс орната білу қажет. Бұл мені жақсырақ қарым-қатынас орнатуға, икемді, жан-жақты болуға және егер қандай да бір норма бүгін өтпесе, ертең міндетті түрде қабылданатынын түсінуге үйретті. Өзім автор болған 20 заң жобасы, қазір олар заңға айналды. Мыңнан аса түзету енгіздім. Мұны мақтан тұтамын. Егер осыдан 3,5 жыл бұрын менен осындай жоспарлар туралы сұраса, менің күткенім бұдан сәл қарапайымдау болар еді". 

Юлия Кучинская. Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Сенатор Юлия Кучинская да осы шақырылым депутаттары әзірлеген, өзінің пайымынша маңызды бірқатар заңды атап өтті. Солардың қатарында әскери-патриоттық тәрбие туралы заң да бар.

"Біз алғашқы әскери дайындықты қайтардық, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің мәртебесін қалпына келтірдік, жастар арасында әскерге шақыруға дейінгі дайындықты күшейттік. Мен бұл халық пен жастар арасында патриотизм сезімін дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде бұл заңды мақтан тұтатынымды ашық айтамын", - деді Кучинская.

Мұндай ағынан жарылулар аз болған жоқ. Барлығы да атқарылған іске қорытынды жасап, мақтанарлықтай тұстарды тапқысы келгендей болды.

Ал ары қарай не болмақ?

Пленарлық отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға атқарған жұмыстары үшін жеке ризашылығын білдіріп, биыл күзде жұмысын бастауы мүмкін болашақ Құрылтайға міндеттер жүктеді. 

Бұл міндеттерді кім атқаратынын қазақстандықтар жақын арада біледі. Бүгін жаңа Конституция өз күшіне енді, содан кейін Президент жаңа Парламент сайлауын өткізу туралы жарлық шығарады.

Әзірге... Әзірге депутаттарды демалыс, ал кейбірін сайлауалды науқан күтіп тұр. 

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

- Енді немен айналысасыз? - деп сұрадық біз олардан соңында.

- Көреміз. Әуелі демалып алу керек, - деп жауап берді олар.

Сегізінші шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы жабық деп жарияланды. Шапалақ үні басылды. Бірақ, кім біледі, бәлкім жақын арада қайта жүздесерміз. 

Мәтін авторы: Алина Шашкина

Фото: Нұрлан Алжабаев

Аударған: Дина Шәріпхан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары