Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады

Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оңтүстік Кореяның Хангук шетел тілдері университетінің магистранты, Орталық Азия бойынша сарапшы Чон Мин У «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты 2025 жылғы Президент Жолдауының негізгі бағыттарына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшы елдің экономикалық жаңғыруы мен цифрландыру бағытының өзара байланысына, сондай-ақ саяси реформалардың халықаралық имиджге әсеріне тоқталды.

- «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты 2025 жылғы Президент Жолдауын қалай бағалай аласыз?

- Бұл – өте өзекті тақырып деп ойлаймын. Алдағы уақытта мен Қазақстандағы өнеркәсіпті әртараптандыру мен цифрлық трансформация тақырыбындағы ғылыми байқауға қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл бағыт тікелей Жолдау мазмұнымен байланысты. Қазір Қазақстанның ЖІӨ құрылымы табиғи ресурстар экспортына тәуелді, ал мұндай экономика сыртқы факторларға – әлемдік дағдарыстар мен соғыстарға сезімтал. Осыны түсінген мемлекет өңдеу өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай күш салып жатыр. Меніңше, цифрлық трансформация осы үдерісті едәуір жеделдетеді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінің басты өзегі неде деп ойлайсыз?

- Менің ойымша, Қазақстан прагматикалық сыртқы және экономикалық саясат жүргізіп отыр. Ол халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған және өз мүмкіндігін барынша тиімді пайдалануға ұмтылуда. Мысалы, жақында Президент Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өткен теңізге шығу мүмкіндігі жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ конференциясында сөз сөйледі. Сол баяндаманың негізгі идеясы – құрлықтық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту және инфрақұрылымды дамыту болды.

- Президент Тоқаев саяси жүйенің прогрессивті және ашық болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол бір палаталы Парламент құруды ұсынды. Бұл саяси реформаны қалай бағалайсыз?

- Бір палаталы жүйе Қазақстан үшін қаншалықты тиімді болатынын қазір нақты айту қиын. Мысалы, Корея мен Түркияда да осындай жүйе бар, бірақ олардың тәжірибесіне қарап Қазақстанның болашағын болжау қиын. Дегенмен, ел тиімділік пен әділдік қағидаттарына берік болса, нәтиже оң болары сөзсіз. Сонымен қатар, бұл мәселенің халықтық дауыс беру арқылы шешілгені – демократиялық мәдениеттің айқын көрінісі.

- Бір палаталы парламент пен жаңа институттардың құрылуы аясында Үкімет алдында қандай міндеттер тұрады деп ойлайсыз?

- Ең бастысы – 20 миллион азаматтың сенімін иелену. Осы сенім қалыптасқан соң, экономикалық өсім мен жасанды интеллектті енгізу көрсеткіштері арта түседі. Қазіргі Үкімет бұл міндетті абыроймен атқаратынына сенімдімін. Бұған қоса, Кореямен түрлі бағыттағы ынтымақтастық арқылы үлкен синергиялық нәтиже алуға болады.

- Жолдауда цифрландыру, экономиканы жаңғырту және цифрлық активтер экожүйесін құру мәселесі көтерілді. Сіздіңше, Қазақстан үшін қай салалар «цифрлық экономиканың» басым бағыттарына айналуы тиіс?

- Бірінші кезекте платформалық экономиканы дамыту қажет. Astana Hub және Alem.AI сияқты отандық цифрлық платформаларды нығайтып, стартаптар мен шағын бизнесті жаңа технологиялық үлгілер жасауға қолдау көрсету маңызды. Бұл Қазақстанды Орталық Азиядағы жасанды интеллект орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті енгізу керек. Бұл әкімшілік үдерістерді жеңілдетіп, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырады және шетелдік инвесторларды тартуға септігін тигізеді.

Тағы бір маңызды бағыт – жоғары технологиялық өндіріс. Бұған дейін қабылданған шаралар өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырды, бірақ шектеулі болды. Инновациялық технологиялар осы шектеулерді еңсеруге көмектеседі.

- Қазақстан жүзеге асырып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың (мысалы, теміржол магистральдары, көлік дәліздері) өңірлік интеграциядағы маңызы қандай?

- Қазақстан Еуразияның көлік хабына айналуды көздеп отыр. Бұл – Қытаймен сауда көлемін ұлғайтуға және тұрақты логистикалық бағыттар құруға мүмкіндік береді. Цифрландыру бұл салада да маңызды рөл атқара алады — мысалы, шекарааралық рәсімдерді жеңілдетеді.

- Жолдауда су қауіпсіздігі, инфрақұрылым және ТКШ модернизациясы мәселесі де қозғалды. Бұл цифрлық стратегиямен қалай үйлеседі?

- Су қауіпсіздігі саласын мысалға алуға болады. 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Тэджон қаласындағы K-WATER кампусында ЮНЕСКО су қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық орталық пен «Корея – Орталық Азия» ынтымақтастық форумы хатшылығының ұйымдастыруымен су ресурстарын басқару тақырыбында семинар өтті.

Онда Корея өкілдері өз елінің жасанды интеллектті су ресурстарын басқаруда алғаш енгізген мемлекет екенін атап өтті. Бұл технология тасқындар туралы ескерту уақытын 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қауіпті алдын ала болжауға болатын аймақтар саны 2023 жылғы 75-тен 2024 жылы 223-ке артты. Осындай технологиялар Қазақстандағы жыл сайынғы су тасқыны мәселесін шешуде маңызды рөл атқара алады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер

Кино • Бүгін, 15:10

АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді

Әлем • Бүгін, 15:00

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

Қоғам • Бүгін, 14:45

Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді

Спорт • Бүгін, 14:30

Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?

Сұхбат • Бүгін, 14:21

Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді

Спорт • Бүгін, 14:10

Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті

Төтенше жағдай • Бүгін, 13:55

Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады

Сұхбат • Бүгін, 13:47

Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды

Аймақтар • Бүгін, 13:15

АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады

Әлем • Бүгін, 12:55

Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды

Спорт • Бүгін, 12:40

Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады

Медицина • Бүгін, 12:20

Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі

Әлем • Бүгін, 12:05

28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды

Қаржы • Бүгін, 11:50

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 16:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары