Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Көрмедегі Олимпиада тарихы

Көрмедегі Олимпиада тарихы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Көрме «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің мәдени бағдарламасы аясында ұсынылып, әлемдік спорт тарихы мен Қазақстан спортшыларының жетістіктерін бір кеңістікке жинады.

Бұл көрме – спорт тарихын, олимпиадалық құндылықтарды және заманауи технологияны тоғыстырған ерекше мәдени жоба. Мұнда келушілер олимпиада ойындарының 1896 жылдан бергі даму жолымен танысып, әр дәуірдің рухын, спортқа деген көзқарасын, жеңіс пен жігердің адамзат тари­хындағы орнын сезіне алады. Афи­надан басталған олимпиадалық қозғалыстың бүгінгі Астана төрінде жалғасуы да көрменің мазмұнын тереңдете түседі. Экспозицияның негізін коллекционер Владимир Потанин жинаған олимпиадалық жәдігерлер құрайды. Көрмеге қойылған барлық артефакт түпнұсқа күйінде сақталған. Ұзын саны 140-тан асатын құнды жәдігерлердің қатарында алғашқы заманауи олимпиада ойындарынан бастап бергі медальдар, олимпиадалық алаулар, дипломдар, естелік белгілер, марапаттар және тарихи маңызы зор бірегей бұйымдар бар. Мұндағы әр экспонат – өз кезеңінің үнін жеткізетін құнды дерек. Мәселен, олимпиадалық медальдар арқылы спорттық марапаттау мәдениетінің қалай өзгергенін көруге болады. Ал дипломдардағы көркем безендірулер сол кезеңдегі эстетиканың даму ерек­шеліктерінен хабар береді. Олим­пиадалық алаулар болса, әлем халықтарын біріктіретін бейбіт бәсекенің, достық пен ынтымақ­тың символы ретінде ерекше әсер қалдырады.

Көрмедегі жәдігерлер олимпиада тарихын спорттық жарыстар тізбегі ретінде де, тұтас мәдени құбылыс ретінде де танытады. Өйткені олимпиада ойындары қашанда адам мүмкіндігінің шексіздігін, табанды­лық пен тәртіптің, арман мен ең­бектің биік үлгісін көрсетіп келеді. Сондықтан бұл экспозицияға қо­йылған әрбір заттың артында спорт­шы тағдыры, ұлт намысы, тарихи кезеңнің тынысы жатыр. Көрме кеңістігі де спорт тақырыбына сай ерекше безендірілген. Экспозицияда күрес кілемі мен бокс рингі үлгісінде жасалған арнайы тақырыптық ай­мақтар бар. Бұл келушілерге тек жәдігерлерді тамашалап қана қой­май, спорт атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Әсіресе жас көрермендер үшін мұндай шешім көрменің танымдық әрі әсерлі болуына ықпал етеді.

Экспозиция Қазақстанның даңқты спортшыларына арналған Ұлттық музей қорындағы бірегей жәдігерлермен де толықтырылған. Көрменің тағы бір жеке бөлімі тәуелсіз Қазақстанның олимпиада ойындарындағы жетістіктеріне арналған. Мұнда еліміздің спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаларға қатысты фотосуреттер, марапаттар мен жеке спорттық бұйымдар қойылған. Атап айтқанда, келушілер Владимир Смирнов, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Денис Тен, Ольга Рыпакова, Геннадий Головкин және Елдос Сметов сынды әйгілі спортшыларға қатысты жәдігерлерді көре алады. Бұл бөлімнен қазақ­стандық спорттың алғашқы ірі же­ңістерден бастап бүгінгі биік белес­терге дейінгі даму бағытын көре алады. Көрмеден орын алған қазақстандық спортшылардың жетістігі – ел тарихының жарқын беттері. Олардың әрбір жеңісі халықтың рухын көтеріп, жас ұрпаққа үлгі болды. Бекзат Саттархановтың Сиднейдегі тарихи жеңісі, Серік Сәпиевтің Лондон төріндегі ерлігі, Ольга Рыпакованың жеңіл атле­тикадағы табысы, Елдос Сметовтің татамидегі қайсарлығы – мұның бәрі отандық спорттың мәртебесін асырған оқиғалар. Көрмедегі жәдігерлер осы жеңістердің рухын қайта жаңғыртып, көрерменді өткен күндердің толқынысына бөлейді.

Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі – заманауи цифрлық техно­логиялардың қолданылуы. Нейро­желілік шешімдердің көмегімен олимпиадалық дипломдардағы ежелгі грек құдайлары мен спорт­шылардың бейнелері «жанданып», қозғалысқа енеді. Бұл тәсіл көне мұраны жаңа форматта танытып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Яғни цифрлық бөлім олимпиада тарихын бүгінгі заман тілімен сөй­летеді. Антикалық дәуірдің бейнелері мен қазіргі технология мүмкін­діктерінің бір кеңістікте тоғысуы көрменің мазмұнын байыта түскен. Осы арқылы экспозиция өткенді құр еске салумен шектелмей, оны жаңа қырынан қабылдауға жол ашады. Бұл әсіресе бүгінгі көрермен үшін маңызды. Себебі қазіргі ауди­тория тарихты тек мәтін немесе жәдігер арқылы  емес, интерактивті, әсерлі форматта танығысы келеді.

Ұйымдастырушылардың ай­туынша, көрме олимпиадалық мұра мен заманауи спорттық техноло­гияларды символдық тұрғыда бай­ланыстырады. Расында да, бұл экспозицияда өткен мен бүгіннің арасында табиғи сабақтастық бар. Бір жағында – Афинадан бастау алған классикалық олимпиада рухы, екінші жағында – цифрлық дәуірдің мүмкіндіктері мен фиджитал спортқа бет бұрған жаңа заман. «Болашақ ойындары – 2026» дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияны бірі­к­тіретін жаңа форматтағы халықаралық турнир болса, бұл көрме сол идеяны мәдени кеңістікте жалғастырады. Яғни спорттың тарихы мен болашағы бір арнаға тоғысады. Көрме заманауи технологиялардың дәстүрді алмас­тырмайтынын, керісінше, оны сақтап, жаңа буынға жақын әрі түсінікті етіп жеткізуге көмектесетінін көрсетеді.

Владимир Потаниннің олим­пиадалық коллекциясы бұған дейін Мәскеу, Сочи, Бейжің қалаларында, ІІ Еуропа ойындары күндері Минс­кіде, БРИКС ойындары аясында Қазанда және Петербург халықаралық экономикалық форумы кезінде Санкт-Петербургте таныстырылған. Енді халықаралық деңгейде мо­йындалған бұл коллекция Астана төрінде көпшілікке жол тартты. Астанадағы көрменің маңызы бөлек. Бұл – отандық спорт тарихын ха­лықаралық аудиторияға таныстыру­дың да жақсы мүмкіндігі. Көрме жас ұрпақ үшін де тағылымға толы. Мұнда спорттың үлкен тәрбие мек­тебі екенін аңғаруға болады. Олим­пиада тарихы адамды еңбекке, төзімге, тәртіпке, әділ бәсекеге және мақсатқа адал болуға үндейді. Ал қазақстандық спортшыларға арналған бөлім жастардың бойында елге деген мақтаныш сезімін оятады.

Экспозицияны аралаған адам олимпиада ойындарының әр ке­зеңдегі тынысын сезінеді. Бір жәді­герден ежелгі спорттық дәстүрдің ізі байқалса, енді бірінен заманауи спорттың қарқыны көрінеді. Медаль­дар мен дипломдар, алаулар мен жеке спорттық бұйымдар бір-бірімен үндесіп, адамзаттың ортақ спорттық шежіресін құрайды. «Афинадан Астанаға дейін» атауының өзі көр­менің негізгі идеясын айқындап тұр. Афинада басталған олимпиада рухы бүгінде Астанаға жетіп, жаңа мазмұнмен, жаңа технологиямен, жаңа көзқараспен жалғасып отыр.

Ұлттық музейде ашылған бұл көрме олимпиадалық құндылықтарды насихаттаумен қатар, спорт тарихына өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ол өткеннің мұрасын сақтап, бүгінгі жетістіктерді бағалап, болашақ спорттың бағыт-бағдарын сезіндіреді. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 05:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары