Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Корттағы шайқас: бақ пен бап

Корттағы шайқас: бақ пен бап

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Көптеген ел теннис әлемінде болашақ чемпиондар шығару үшін баланы жасынан даярлап, академиялық және менталдық тұрғыда кешенді жүйе қалыптастырып үлгерген. Кейінгі жылдары Қазақстан да бұл үрдіске ілесіп, әлемдік деңгейдегі додаларға жол ашты. Қазір елімізде жаңадан теннис корттары бой көтеріп, халықаралық турнирлер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Тіпті, кортқа келушілердің жас шамасына қарап, аталған спорт түріне балалардың ерекше қызығушылығы артқанын аңғарасыз.

Теннис спортының Қазақстан­да серпін алуының ең бір жарқын көрінісі – Almaty Open турнирі. Бұл ТМД бойынша ATP 250 санатын­дағы жалғыз дода, яғни бәйгеде жеңіс тұғырынан көрінген теннис­шінің қоржынына рейтингтік көр­сет­кіште 250 ұпай қосылады. Биыл Almaty Open турнирі елімізде ал­тын­шы мәрте ұйымдастырылды. Осыған дейінгі төрт бірдей жарыс бас қалада болса, былтырдан бері Ал­ма­тыда өткізіліп келеді. Осы жылы турнирде ел намысын қорға­ған спортшылардың қатарында Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Михаил Кукушкин бар. 

Сонымен, биыл алтыншы жыл қатарынан қазақстандық теннис­ші­лерге жеңіс дәмін сезіну бұйыр­мады. Сәттілік серік болмады ма, спортшыларымыз әр кезеңде жа­рыс жолынан шығып қалып жатты. Александр Шевченко мен Тимофей Скатов жұптық сынның алғашқы айна­лымында Франция өкілі Ма­ну­эль Гинар мен Аргентина ойын­шысы Гвидо Андреоцци жұбына 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Бұған дейін Шевченко турнирдің екінші айналымында франциялық Корен­тен Мутеге жол беріп, жарысты аяқ­таған еді. Жекелей сында тур­нирдің бас жүлдесін әлемнің 14-ра­кеткасы, ресейлік теннисші Да­ниил Медведев жеңіп алды. 2 сағат 36 минутқа созылған финалда ол рейтингте 41-орында тұрған Корен­тен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебі­мен ұтты. Осылайша, Даниил Мед­ведев $160,5 мың жүлдені иеленіп, ATP жарысындағы 21-титулын сақтап қалды. 

Almaty Open тәрізді ауқымды жарыстар – қазақстандық тен­нисшілер үшін бойындағы әлеуетін көрсетуге таптырмас мүмкіндік. Десе де, өз алаңымызда өткен бұл до­дада спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуі сирек жағдай. Неліктен олардың көбі алғашқы раундтардан әрі аса алмайды? Бұл дайындық жүйесінің әлсіздігін білдіре ме, әлде турнир қысымын ба? Осы жөнінде спорт журналисі, сарапшы Руслан Меделбектің пікірін сұрап көрдік. Сарапшы елімізде өтетін мұндай додаларда қазақстандық спортшылардың сүрінуін бірнеше маңызды фактор­мен байланыстырады. 

– Біріншіден, жарысқа қатыс­қан Шевченко, Жұқаев және Ска­тов сынды спортшылар әзірге әлемдік рейтингтің төменгі саты­сында тұр. Әдетте, Almaty Open турнирінде жоғары көрсеткішке ие теннисшілер жеңіске жетіп жатады. Егер Александр Бублик қатыс­қанда, бәлкім, ол фаворит болар ма еді?! Бірақ кейінгі кезде Бублик бұл жарыстарға қатыспай жүр. Теннис – ауыр спорт түрі. Ойынның ерек­шелігі де сол – спортшының жеңіске жетуі көбіне оның форма­сына байланысты. Мәселен, жылдың басында жақсы формада болған ойыншы маусым ортасында әлсіреп, соңына қарай қайта бабына келуі мүмкін. Рейтингте төмен тұрған спортшылар тек жақсы формада болған сәтінде ғана сенсация жасап, ірі жеңіске жете алады. Сонымен қатар Almaty Open – ATP 250 санатындағы турнир. Бұдан жоғары деңгейдегі 500 және 1000 ұпайлық жарыстар бар. Қазақстандық ойыншыларға, әсіресе Скатов пен Жұқаев үшін 250 санатындағы турнир өте маңызды. Өйткені олар негізінен Challenger турнирлерінде ойнап жүр. Осы тұрғыдан алғанда, спорт­шылардың алғашқы раундтарда жеңілуін «масқара жеңіліс» деп айтуға болмайды. Керісінше, тен­нисшілеріміздің  қазіргі рейтингі мен тәжірибесін ескерсек, үшінші раундқа шығудың өзі үлкен же­тістік, – деді ол.

«Mentality monster» немесе жеңісті «жұлып алатын» теннисшілер

Спорт әлемінде «mentality monster», яғни шешуші сәттерде жеңіс­ті «жұлып алу» деген ұғым бар. Мұндай қабілетті халықаралық мас­штабта көзге түсіп жүрген ойын­шыларымыздың бойынан да байқауға болады. Руслан Меделбек теннисте «жеңісті жұлып алу» – спортшының өз бабына дәл түсіп, жоғары деңгейде ойнай алған сәтімен байланысты құбылыс екенін айтты. Оның сөзінше, жыл бойы бір формада жүретін теннис­шілер сирек. Көптеген теннисші бабына енген кезеңде ірі жеңістерді бағындырып жатады. Бұл сөзімізге өз спортшыларымыздың мысалы да жеткілікті. 

– Теннистегі жеңіс көбіне спорт­шының бабына, яғни фи­зикалық және психологиялық формасына байланысты. Бұл фак­тор қазақстандық теннисшілерге ғана емес, барлық ойыншыға ор­тақ. Мысалы, Александр Бублик бабына енген сәтінде әлемнің бірінші ракеткасы болған Янник Синнерді жеңіп, екі турнирді қатар ұтты. Кейін Roland Garros жарысы­ның ширек финалына дейін жетіп, өзінің бұрын-соңды топырақ кортында болмаған нәтижесіне қол жеткізді. Сол сияқты Жұқаев та бабында болған тұста Уимблдонның іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі кезеңге дейін жеткен еді. Бір кездері үздік елу теннисшінің қатарына енген Шевченко қазіргі рейтингте жүздіктің қатарында тұрақтап қалды. Бұл жағдайды Юлия Путинцева мен Елена Ры­бакина мысалында да байқауға болады, – деді сарапшы.

Ал спорт сарапшысы Әбіл­мансұр Қамзаев ATP 250 санатын­дағы ойында қазақстандық теннис­шілердің жеңіліс табуына пси­­хо­­логия­лық дайындық негізгі себеп екенін алға тартты. Дәлірек айтсақ, спортшының физикалық дайындығы турнирде топ жаруға толыққанды кепілдік бермейді. 

– Қазақстандық теннисші­лердің алғашқы раундтардан әрі аса алмауы көп жағдайда дайындығы­ның әлсіздігінде емес, керісінше, психологиялық дайындығының болмауында деп ойлаймын. Кортта теннисшінің сол сәттегі психо­ло-гия­сы көп нәрсені шешеді. Біз­дің спортшыларда mentality monster қабілеті байқалады, бірақ бұл – өте сирек кездесетін құбылыс, – деді ол.

Спортшының маусым бойы өз бабында болуы – оның эмоционал­ды тұрақтылығымен де тығыз бай­ланысты. Кейде кортта теннис­шінің соққысынан гөрі, ойынды эмоционалды тұрғыда басқаруы жеңіске себепші болуы мүмкін. Сон­дықтан кәсіби теннисші үшін ойын барысында өзін-өзі ұстау, психологиялық тұрақтылық – ойын тактикасының бір бөлігі деуге негіз бар. Мұнда әрбір соқ­қының артында көңіл күй мен ақылдың шешімі қатар жүреді.

– Эмоционалды интеллект – әрбір теннисшінің бойында бар қасиет. Егер олардың эмоциялық интеллекті төмен болса, әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне енуі екіталай болар еді. Қазір 100 үздік теннисшінің қатарына кірудің өзі – «сұмдық» жетістік. Себебі әлемде миллиондаған адам тен­ниспен айналысады, ал олардың арасынан суырылып шығып, үздік жүздікке ену – жоғары көрсеткіш деп айтар едім. Тіпті, Жұқаев пен Скатовтың қазіргі ойын дең­гейінің өзі олардың эмоциялық тұрақты­лы­ғының жоғары екенін көр­сетеді. Өйткені теннис – ақылдың ойыны, – деді Р. Меделбек. 

Қалаларға тән құбылыс

Қазақстанда 2007 жылдан бері 39 теннис орталығы бой көтерген, бірақ олардың көбі ірі қалаларда шоғырланған. Бұл ретте теннис корт­тарының мегаполистерде салынуы ауыл-аймақтағы нағыз таланттардың өсуін шектемей ме деген сауал туындайды. Алайда сарапшылар теннис корттарының ірі қалаларда салынуы қалыпты құ­былыс екенін алға тартады. Себебі бұл мәселенің артында эко­номикалық және ұйымдастыру­шылық факторлар да жатыр. Теннис – ерекше күтімді, қымбат жабдық пен кәсіби бапкерлерді қажет ететін спорт түрі. «Сондық­тан ауылдық жерлерде оны тұрақты түрде дамыту оңай емес», – дейді мамандар.

– Біріншіден, теннис орталы­ғының барлығы қалада ашылады. Бұл – қалыпты әрі дұрыс құ­былыс. Себебі ауылдық жерлерде теннис корттарын ашқанымен, оны үнемі қалыпта ұстауға мүм­кіндік жоқ. Кез келген дамыған елдердің тә­жірибесіне қарасақ, онда да барлық академиялар мен корттар негізінен ірі қалаларда ашылады. Сондықтан Қазақстанда теннис орталықтары­ның қалада ашылуын қателік деп санауға бол­майды, – деді журна­лист.

Әбілмансұр Қамзаев елімізде аталған спорт түрін дамытып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін теннисті баршаға қолжетімді ету керек деп санайды. 

– Шынында, теннис орталық­тары еліміздің ірі қалаларында ор­наласқан. Теннис – біршама қаражатты талап ететін қымбат спорт түрі. Мәселен, теннис орта­лығына бару үшін абонемент сатып алуың қажет. Бірақ мұны сатып алуға әркімнің қалтасы көтере бермейді. Біз теннисті бұқаралық спорт түрі ретінде қарастырғымыз келсе, оны халық­қа барынша қол­жетімді етуіміз тиіс. Сонда ғана адам­дардың тен­нис туралы ойы өзгереді деп ойлаймын, – деді Ә.Қам­заев. 

Қазір халықаралық аренада Бу­б­­лик, Скатов, Рыбакина, Жұ­қаев сынды спортшылар Қазақстан намысын қорғап жүр. Әсіресе, Елена Рыбакинаның Қытайдағы жүлдесі, әлемдік рейтингті қайта жаңартқан Сауд Арабиясындағы тарихи жеңісі еліміздің беделін одан сайын асқақтатты.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 17:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары