Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталып, мыңдаған азамат жеңілдетілген ипотека арқылы баспаналы болуға талпынып жатыр. Дегенмен, сарапшылар әдетте бағдарламаның талаптарын дұрыс түсінбегеннен көптеген адам конкурстан өтпей қалып жататынын айтады. Алдағы уақытта «Наурыз», «Наурыз жұмыскер», «7-20-25», «Ұмай» және «Жасыл ипотека» сияқты бағдарламалар да іске қосылады. Сондықтан тиімді ипотекаға қол жеткізу үшін қазірден бастап оның қандай шартпен берілетінін білген маңызды.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Алдын ала дайындалған абзал

«Наурыз» ипотекалық бағ­дар­ламасы – тұрғын үйге мұқтаж азамат­тарды қолдауға бағытталған жаңа жоба. «Отбасы банктің» мәліметінше, бағ­дарламаға қатысуға өтінім қа­был­дау 10 наурызда басталып,
31 наурызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында үміткерлер құжаттарын тапсырып, қатысуға мүмкіндік алады. Банк өкілдері азаматтарға құжаттарды алдын ала дайындап, өз мүмкіндігін саралап алған дұрыс деп отыр. Себебі бағдарламаға қатысудың бірнеше талабы бар. Өтінім беретін азаматтың атында кейінгі 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауға тиіс. Сонымен қатар қатысушының ресми табысы болуы керек. Бұдан бөлек, кейінгі 6 айдағы зейнетақы жарналары аударылып тұрғаны да тексеріледі. Тағы бір маңызды талап – «Отбасы банкінде» кемінде 2 млн теңге жинағы болуы шарт.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі азаматтың санатына байланысты белгіленеді. Егер әлеуметтік санатқа жатса, оған ипотека 7% мөлшерлемемен беріледі. Ал қалған қатысушылар үшін мөлшерлеме 9% деңгейінде болады. Бастапқы жарна да сатып алынатын баспананың жағдайына байланысты өзгереді. Егер тұрғын үй таза әрленген күйде болса, бастапқы жарна 10% болады. Ал әрлеу жұмысы жүргізілмеген пәтер болса, бастапқы жарна 20% болуы мүмкін.

Несие сомасының көлемі де өңірге қарай әртүрлі белгіленген. Мысалы, Алматы мен Астана қалаларында несие мөлшері 36 млн теңгеге дейін жетсе, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін беріледі. Ипотеканы берудің ең ұзақ мерзімі 19 жылға дейін қарастырылған. Бұл азаматтарға ай сайынғы төлемді аз-аздан бөліп төлеуге мүмкіндік береді.

«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарлама аясында отандастарымыз тек баспана алушы ғана емес, сонымен бірге инвестор да бола алады. Банк биылғы 12 наурызда KASE биржасына әлеуметтік облигацияларды орналастырып, бағдарлама қатысушыларын қаржыландыру үшін шамамен 200 млрд теңге тартуды жоспарлаған. Бір облигацияның құны – 1 мың теңге. Осы облигациялардан алынатын сыйақыға салық салынбайды, ал оларды жеке тұлғалар Alatau City Invest, bcc.kz, Halyk Finance сияқты брокерлік платформалар арқылы сатып ала алады.

– Қазір бағдарламаға қатысты сұрақ өте көп түсіп жатыр. Өздеріңізге мәлім, былтырғы қарашада қосымша іріктеу кезеңі өтті. Сол кезде мақұлдау алған азаматтар желтоқсан айында Baspana Market порталы арқылы өз пәтерлерін алып жатты. Бұл үдеріс қаңтардың соңы мен ақпанның басына дейін қалыпты түрде жалғасты. Сондықтан мұндай жағдайда асығудың қажеті жоқ. Өйткені «Наурыз» бағдарламасы арқылы адам өмірінде бір рет қана өзінің алғашқы бас­панасын таңдайды. Сол себепті барлық нұсқаны мұқият қарап шығу маңызды. Қай жерде балабақша бар, мектеп қайда орналасқан, аудан қаншалықты ыңғайлы – осының бәрін ойланып, дұрыс таңдау жасау керек.  Бұдан бөлек, төлем қабілеттілігін бағалау мерзімі – 6 ай, яғни, шамамен 180 күн күшінде болады. Егер сіз желтоқсан айын­да төлем қабілеттілігін растаудан өткен болсаңыз, онда пәтер таңдауға жеткілікті уақыт бар, – дейді Л.Ибрагимова. 

Ең маңыздысы – депозиттегі жинақ пен сыйақы

Жалпы, бағдарламаға қатысып, кейін конкурс нәтижесінде өте алмай қалған адамдар аз емес. Тұрғын үй маманы Мақсат Серікұлының айтуынша, басты мәселе – бағдарламаның балл жүйесін көпшіліктің толық түсінбеуінде.

– Бағдарламада нақты критерийлер бар. Соған сәйкес балл жиналады. Бірақ кейбір азаматтар тек өтінім берсем болды, автоматты түрде өтемін деп ойлайды. Шын мәнінде бәрі жиналған ұпайға байланысты анықталады. Мысалы, егер азамат әлеуметтік жағынан осал топқа кіріп, тұрғын үй кезегінде тұрса, оған 10 балл беріледі. Отбасында бала болса, тағы 10 балл қосылады. Бұл жерде бала саны маңызды емес. Бір бала болса да, бірнеше бала болса да, бәрібір 10 балл беріледі. Сонымен қатар отбасылы азаматтарға – 5 балл, ал жасы 35 жасқа дейінгі қаты­су­шыларға тағы 5 балл қосылады. Осы­лайша, негізгі талаптарға сәйкес келген адам ең көп –  30 балл жинайды. Одан кейінгі маңызды фактор – депозиттегі сыйақы. Яғни, Отбасы банкіндегі депозитте жиналған сыйақы мөлшері жоғары болған сайын конкурсқа өту мүмкіндігі де артады, – дейді маман.

Сарапшының айтуынша, балл депозиттің өзінен емес, депозиттен жиналған сыйақыдан есептеледі. Әрбір 1 мың теңге сыйақыға 1 балл беріледі. Сондықтан депозитті ертерек ашып, сыйақы жинаған адамның конкурстан өту мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады.

– Кейінгі кезде өткен конкурстардың нәтижесі де осыны көрсетеді. Мы­салы, 2025 жылдың басында бол­ған конкурстардың бірінде 12 мың адам іріктеуден өткен. Бертіндегі кон­курс­тардың бірінде шамамен 9 мың адам іріктелген. Сол конкурстарда ең жоғары  балл 1556 болған. Ал ең тө­менгі өткен балл шамамен 121 деңгейінде тіркелген, оған жету үшін 90 мыңнан астам теңге сыйақы болуы керек. Сондықтан конкурсқа қатысатын адамдарға депозиттегі сыйақы шешуші рөл атқарады. Бағдарламаға 18 жастан 63 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бұл дегеніміз, студенттердің өзі де бағдарламаға қатыса алады деген сөз. Олар табысын стипендия арқылы растай алады. Бағдарламаға қатысамын деген адам тек өтінім берумен шектелмеуі керек. Ең маңыздысы – депозиттегі жинақ пен сыйақы. Егер сыйақы жоғары болса, конкурсқа өту мүмкіндігі де жоғары болады, – дейді сарапшы М.Серікұлы.

Несие алып, қарызға батудың қажеті жоқ

Рас, көптеген отандасымызға бұл бағ­дар­лама – үлкен мүмкіндік. Тіпті кей­бір азаматтар бағдарлама үшін несие алып жатқан көрінеді. Осы тұрғыда адам құқық­тары жөніндегі заңгер Әлішер Қожағұлов қатысушыларға маңызды ескерту жасады.

– Адамдар өтінім берер алдында депо­зит­­тегі соманы көбейту үшін жедел түрде кредит алып, есепшотты толтырып жатады. Олар осы арқылы балл көбейеді деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде бұл стратегия жұмыс істемейді. Бағдарламада ең бас­ты көрсеткіш – депозиттегі сыйақы. Яғни ақша қанша уақыт жатқан болса, соған қарай балл беріледі. Ал конкурс алдында есепшотқа ірі соманы бірден салу нәтижеге айтарлықтай әсер етпейді. Ипотекалық бағдарламаға қатысу – ұзақмерзімді қаржылық міндеттеме. Сондықтан адамдар алдымен өз мүмкіндігін дұрыс есептеп алуы керек. Қатысамын деп кредит алып, қарызға батудың қажеті жоқ. Ең дұрысы – жинақты алдын ала қалыптастырып, қаржылық шешімді салқынқанды қабылдау, – дейді заңгер.

Әлеуметтік желілерді бақылағанда түсін­геніміз, көптеген қатысушы 2 млн теңге болса жеткілікті деп қателесіп жүр. Бірақ бұл қаражат тек конкурсқа қатысуға ғана қажет. Конкурстан өткеннен кейін үйдің бастапқы жарнасын төлеу керек. Ипо­тека сарапшысы Ақерке Бодаубек­қызы осы  мәселені нақты түсін­діріп берді.

– Мысалы, егер 30 млн теңгеге пәтер алатын болсаңыз, сіздің есепшотыңызда кемінде 6 млн теңге болуға тиіс. Табысты растау кезеңінде де кедергілер бар. Оны да ескеру керек. Себебі банк адамның барлық шығынын есепке алады. Мысалы, отбасындағы балалар саны, сондай-ақ бұрын алынған несиелердің барлығы шығын ретінде қарастырылады. Сондықтан ипотекаға өтінім бермес бұрын қолданыстағы несиелерді жа­уып, олардың жабылғаны туралы анық­та­ма алған дұрыс. Бұл банктің төлем қабілет­ті­лігін бағалауы кезінде шешуші рөл атқарады. Егер биыл бағдарламаға өте алмай қалсаңыз, уайымдаудың қажеті жоқ. Бұл жоба 7 жыл­ға жоспарланған. Қа­зір­дің өзінде оның бірнеше жылы өтті, бірақ әлі шамамен төрт жылдай уақыт бар. Сол уақытты тиімді пайдаланып, қар­жылық жағдайды жақсартып, жи­нақ көле­мін арттыруға болады, – дейді А.Бодаубекқызы.

Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

Басылым • Бүгін, 08:27

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары