Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Мемлекеттік БАҚ: міндетіне мәртебесі сай ма?

Мемлекеттік БАҚ: міндетіне мәртебесі сай ма?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» тұжырымдамасында ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі ақпараттық саясат екені атап көрсетіліп, оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ағартушылық, ғылыми-танымдық және тәрбиелік мәні бар сапалы контентті дамыту, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара байланысын жетілдіру, журналистік этиканың жалпыға ортақ қағидаттарын дәріптеу, ақпарат кеңістігіндегі кез келген заңсыз әрекеттің таралуына қарсы іс-қимыл жасау, деструктивті идеологияның және үгіт-насихаттың, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу, масс-медиа саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру міндеті қойылды. Бұл ретте, әсіресе, мемлекеттік БАҚ-қа жүктелетін жауапкершілік зор екені анық.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Қазіргі кезде қоғамда «Газет-журналды кім оқиды, теледидарды кім қарайды? Әлеуметтік желінің аты озып тұр ғой» деген пікір орныға бастады. Бірақ онымен келісу қиын. Себебі бүгінгі заман ағымына сай мерзімді басылымдардың таралымы кемігенімен, олардың PDF форматындағы нұсқаларының және ғаламтордағы сайттарының қаралымы көбейді. Осы орайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұсынып, мемлекеттік органдардың аза­маттардың арыз-шағымда­рына дер кезінде ден қоюын талап еткен Мемлекет басшысы халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік БАҚ-қа жүйелі де пәрменді қолдау көрсетіп келеді. Мұның өзі республикалық газеттер мен телеарналар қызметінің тиімділігін арттырып, беделін күшейте түсті.

Мәселен, 2021 жылы «Казах­станская правда» республикалық газетінде жарияланған өткір сын мақалаға орай, Президент арнайы тексеріс жүргізіп, Сол­түс­тік Қазақстан облысы­на оң­түстік өңірлерден қоныс ауда­рушылардың мұқтаждықтарына немқұрайды қараған Айыртау және Есіл аудандарының әкім­де­рін қызметінен босатты. 2022 жылы Мемлекет бас­шы­сы «Egemen Qazaqstan» респуб­­ли­калық газетінде Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы күре жолдарды жөндеу барысы қанағаттанғысыз екені жөнінде сын мақалаға назар аударып, Үкіметке кемшілікке жол берген кінәлілерді жазаға тартуды тапсырды. Нәтижесінде, сол кездегі Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі орнынан алынды.

Президенттің республикалық БАҚ көтерген өзекті мәселелерге көңіл бөліп, тиісті шара қолдан­ғаны туралы кейде ресми ақпа­рат көздерінен емес, жұрт аузынан естіп жүрміз. Мысалы, запас­тағы полиция генерал-майо­ры Мирлан Қызылов 2021 жылы «Egemen Qazaqstan» газетін­де жарияланған «Жетім курсанттың жазығы не?» мақала­сында көтерген әлеуметтік әділдік мәселесі Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тікелей араласуымен оңынан шешілгенін бізге сүйіншілей хабарлаған еді.

Биылғы қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Egemen Qazaqstan» газетін­де жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдап: «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұх­батыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғам­да­рыңыз арқылы ұлт рухания­ты үшін құнды дүниелер ай­тылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікір­леріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды», деген еді. Мемлекет басшысының осы жеделхаты көрнекті жазушыға ғана емес, еліміздің бас басылымына да көрсеткен рухани қолдауы екені сөзсіз.

2023 жылдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен БАҚ өкілдеріне, негізінен мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне, Астана қаласында салынған жаңа тұрғын­жай кешендерінен пәтер кілтін тапсыру игі дәстүрге айналды. Үш жыл ішінде 198 әріптесіміз бас­паналы болды. Олардың ішінде журналистермен қатар, режиссерлер, операторлар, корректорлар және отандық медианың басқа да мамандары бар.

Алайда, өкінішке қарай, елі­міздің көптеген өңіріндегі мемлекеттік БАҚ қызметкерлері мұндай қамқорлықтан қағыс қалып отыр. Әкімдердің арасында Мемлекет басшысынан үлгі алып, жергілікті басылымдар мен телеарналарға жан-жақты қолдау көрсетіп жүргендер жоқ­тың қасы. «Сын түзелмей, мін түзел­мейтінін» ескерудің орнына, өңірлік мемлекеттік БАҚ-тың әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейкесті мәселелер мен жол берілген кемшіліктерді жазып-көрсетуіне тыйым салған шенеуніктер де бар болып шықты. Мұндай теріс көзқарас «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына қайшы келіп қана қоймай, өңірлік мемлекеттік БАҚ-тың рөлін төмендетіп, беде­лін түсіретінін түсінетін кез жетті.

Тағы бір ойланарлық мәселе – жергілікті мемлекеттік газеттер мен телеарналар мемлекеттік сатып алу үдерісінде елеулі қиын­­дыққа тап болып жүр. Кей облыстық мемлекеттік газет тендерде аз сома ұсынған жекеменшік басылымнан жеңіліп, мемлекеттік тапсырыстан мүлдем қағылды. Салдарынан редакция қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, сондай-ақ баспахана шығыстары мен коммуналдық қызметтер үшін есеп айырыса алмай, қарызға батып отыр. Сондықтан да кейінгі жылдары республикалық мемлекеттік БАҚ-қа қолданылып келе жатқан мемлекеттік тапсырыс беру әдісін алдағы уақытта өңірлік мемлекеттік БАҚ-қа да енгізген жөн.

Мемлекеттік БАҚ-қа жүктел­ген міндеттің маңыздылығына қарамастан, олардың әлеумет­тік мәртебесі әлі айқындалған жоқ. «Журналистер де атан түйе секілді. Арқалағаны алтын бол­ғанымен, жегені – жантақ» деп көрнекті көсемсөзші Шерхан Мұртаза айтқандай, мемлекеттік БАҚ қызметкерлерінің жалақысы аздығы, әлеуметтік тұрғыдан қор­ғал­мағандығы белгілі. Сол себепті оларды мұғалімдер мен дәрі­герлер сияқты әлеуметтік қызмет­шілер санатына қосу мәселесін қарастыратын кез жетті.

Тұжырымдамада көрсетіл­гендей, мемлекеттік органдар­дың БАҚ-пен өзара байланысын және масс-медиа саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру барысында ескеретін келесі бір мәселе – мемлекеттік БАҚ-тың пәрменділігін арттыру мақсатында оларда жариялан­ған сын материалдарға тиісті мемлекеттік органдардың жазбаша жауап беруі заң жүзінде міндеттелсе, құба-құп болар еді.

Шынтуайтында, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен байланысы әрқилы. Айталық, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетіне ежелгі дәстүрмен жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Биылғы баспасөзге жазылу науқанына орай облыстық әкімдік бекіткен «Оқырман күні» жобасы бойынша әрбір ауданда кездесу өткізіліп жатыр. «Солтүстік Қазақстанның» таралымы 10 мың данаға жеткендігі – осындай ықпалды іс-шаралардың нәтижесі. Бұл – қазағының саны 197 мыңнан сәл асып, тұрғындарының ұлттық құрамындағы үлесі небәрі 37,8 пайыз болып отырған Қызылжар өңірі үшін қанағат тұтарлық көрсеткіш. Себебі қазағы 447 мыңға тақау, ұлттық құрамдағы үлесі 56,8 пайызға жеткен Ақмо­ла облысының «Арқа ажары» газетінің таралымы – 5 мың дана. Бұл мәселеде өзге өңірлер де мақтана алмайды.

Түйіндей айтқанда, қазіргі алмағайып кезеңде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында мемлекеттің қуатты құралы мемлекеттік БАҚ-қа талапты да, қолдауды да күшейту қажет. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары