Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Мемлекеттің мәртебесі айшықталады

Мемлекеттің мәртебесі айшықталады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жалпы, Конституциялық комис­сия бұл жолы көп өзгеріске жол аш­қалы отыр. Мұны кезекті отырыста сөз алған Конституциялық Сот төра­ға­сының орынбасары Бақыт Нұр­мұ­ханов­­тың сөзінен аңғардық. Жиында ол комиссия мүшелеріне Ата Заңға ен­гізілетін өзгерістердің жиынтық жо­басын таныстырып шықты. Оның сө­зінше, құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан жә­не сарапшылардан түскен барлық ұсыныстардың негізінде әзір­ленген.

Жаңартылған Конституция жоба­сын­да преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конс­ти­­­туцияға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу» атты екі жаңа бөлім қо­сыл­ған. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Ос­ылайша, өзгерістер мен толық­тыру­лар Ата Заңның барлық бөлім­дерін қамтып, 77 бапқа түзетулер ен­гізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды. 

– Ұсынылған өзгерістер – маңыз­ды әрі ақылға мұқият салынған қа­дам, олар тұжырымдамалық тәсіл­дер­ді өзгертіп, құқықтық дәлдікті нығай­тып, Конституцияның сапасын арт­тыра­ды. Жиынтық жоба білікті заң­герлер мен лингвистерден құралған жұ­мыс топтарында қатар пысы­қ­талу­да. Мамандар Конституцияның нор­ма­ларын дұрыс жазу, мағыналық сәй­­­кессіздіктер мен қарама-қай­шы­лық­тарды, сондай-ақ түсі­нік­сіз­дік­тер­ді болдырмау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Жиынтық жобада ұсы­нылған новеллалар Қазақстанның конституциялық негіздерін қамтып, оның келбетін түбегейлі өзгертеді. Бұл түзетулер көзделген инс­ти­туцио­нал­дық және құрылымдық рефор­ма­лар үшін үлкен әлеуетке ие, – деді Б.Нұрмұханов.

Жаңа бастамаларға зер салсақ, Қа­зақстанда адам мен азаматтың конс­титуциялық құқықтары мен бос­тандықтарын жүзеге асыру және қор­ғау кепілдіктері күшейтілмек. Прези­дент­тік басқару формасын сақтай оты­рып, мемлекеттік билік құрылымы ай­тарлықтай өзгереді.

Негізгі өзгерістердің бағыты бел­гі­лі: жаңа бір палаталы Парламент мо­делі енгізіледі, азаматтардың мем­ле­кеттік басқаруға қатысу мүм­кін­дік­тері кеңейеді, Конституциялық сот­тың құқық қорғау тетіктері мен Ата Заң негізінде құқық үстемдігі қам­та­ма­сыз етіледі.

Азаматтық қоғамның ықпалы артады

Кезекті жиында конституциялық новеллалар мемлекет миссиясын, оның функцияларының мазмұнын, мемле­кеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаттарын жаңа қырынан түсінуге мүмкіндік беретіні, азаматтық қоғам инсти­туттарын мем­лекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге кеңінен тартуға жол ашылатыны айтылды. Осыған қарап, Конституция мазмұнының жаңарып, түбегейлі өзгеретінін болжай аламыз.

Басқосуда сөз болған тағы бір жаңа­лық – Қазақстан Конститу­ция­сының преамбуласының редакциясы толықтай жаңартылады. Енді мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығы норма­ларын жетілдіру ұсынылмақ. Консти­туциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституцияның преам­буласын жаңа редакцияда толық өзгерту ұсынылып отыр, ол жаңа ұлттық құн­ды­лықтарды және қазіргі заманның талаптарын ескере отырып дайындалған. Сондай-ақ қоғамдық бағдарды анық­тайтын мемлекеттің миссиясы, тарихи контекст пен мәдени ерекше­ліктер көрініс табады. Жалпы алғанда, преам­була қоғам мен мемлекеттің даму бағытын айқындайды. 

– Жобада мемлекеттің мәртебесі анықталған – Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостан­дықтары ретінде танылған. «Конститу­циялық құрылым негіздері» бөлімінде мемлекеттің ұйымдастырылуын, Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және басқа да маңызды қағидаттарды бекітетін негізгі ережелер көрсетіледі. Сонымен қатар билікті бөлу қағидаты туралы норма жаңаша тұжырымдалды және елдің қолданыс­тағы құқығы мәселелеріне арналған конституциялық ережелер нақтыланды, – деді Конституциялық Сот төраға­сының орынбасары.

Қазіргі замандағы мәселелерді ескере отырып, қоғамдық бірлес­тіктердің қызметін және олардың мем­лекетпен өзара іс-қимылын рет­тейтін конституциялық ережелер де нақтыланбақ. Мемлекет пен діннің, мемлекеттік рәміздердің және басқа­лардың өзара іс-қимылын реттейтін ережелер жетілдіріліп жатыр.

Отбасы құндылықтары күшейтіледі

Қоғамның назарын аударуға тұрарлық тұс – Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі. Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қа­тысты нормалары айтарлықтай өзгереді.

Жоба таныстырылымында Консти­туциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов ұсынылған өзгерістердің басты тұстарына ерекше тоқ­талып, «Негізгі құқықтар, бостан­дықтар мен міндеттер» атты бөлімнің жаңа атауы қарастырылған мәселелерді толық қамтитынын атап өтті. 

– Бұл өмір сүру құқығын абсолюттік дәрежеге көтеру, адамға бағдарланған саясат, адамның жеке басына қол сұ­ғыл­маушылық пен «Миранда ереже­сінің», цифрлық дәуірде жеке мәлімет­терді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды күшейту, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту деген сөз. Қазір Конституцияның 7-бөліміндегі сот әділдігі қағидаты ретінде қарастырылып отырған кейбір нормалардың адам құқықтарын қорғау кепілдігі ретінде осы бөлімге көшіріліп, жеке бапқа біріктіріледі. Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндік құқығына жаңа мән-мағына беріліп, демокра­тия­лық және құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның еркін дамуының маңызды шарты саналатын зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктерінің бөлек түрлері белгіленді, – деді Б.Нұрмұханов.

Бұл тармаққа қатысты өзгерістер мұнымен шектелмейді. «Сот жүйесі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» бөлімін айтарлықтай жетілдіру көзделген. Сот ісін жүргізу нысандарын кеңейту, әділеттілік пен сот тәуел­сіздігінің конституциялық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сот жүйесіндегі кадр мәселелеріне қатысты маңызды түзетулер енген.

Біртұтастық – басым бағыт

Комиссия мүшелері адвокатураның құқықтық мәртебесін бекітетін жеке баптың қарастырылғанына назар аударды. Құрылтайдың құрылуына байланысты «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» бөліміне нақты түзетулер енгізу қажет болғаны айтылды. «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деп аталатын жаңа бөлім Ата Заңның мәтінін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жаңартуға мүмкіндік бермек.

Конституциялық комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Ата Заңының негізгі бөлімдеріне түзетулерді дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатқаны көрінеді. Атап айтқанда, ел Парламентінің өкілеттіктері мен рә­сімдеріне айтарлықтай ревизия жүр­гізілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді. 

– «Президент» бөлімінің ережелері тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралды: президенттік сайлау мен ант беру рәсімінің мерзімі, Мемлекет басшы­сының Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы аясындағы өкілет­тіктері, сондай-ақ кадр мәселелері мен норма шығару функциялары. Бөлімге вице-президенттің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктеріне арналған жаңа бап енгі­зілді. Бір палаталы Парламентке көшу аясында «Құрылтай» бөліміне кең ауқым­ды түзетулер жобасы дайын­далды. Атап айтқанда, екі палаталы Парламент және оның осындай жүйедегі қызметі туралы ережелер алынып тасталды. 

«Заң шығарушы органның өкілет­тіктері мұқият қайта қаралды. Құрыл­тайдың сессиялары мен қызметін ұйым­дастыруға қатысты барлық бап жаңартылды. Заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілердің тізімі кең­ейтілді. Құрылтай қабылдаған заңдармен реттелетін негізгі қоғамдық қаты­настардың тізімі кеңейтілді. Заң жоба­ларын қарау және қабылдау рәсімдерін реттейтін ережелер қайта қаралды, – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, республика азаматтары арасынан құрылған Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты ережелер жеке бөлімде шоғырланған. Сондай-ақ жаңа жоғары кеңес органы Қазақстан халқының мүдделерін білдіру және заң шығару бастамасы құқығына ие болатыны бекітіледі. Конституциялық соттың құқықтық мәртебесі туралы ережелер де Конституция жобасына енгізілді.

Ал мемлекеттің біртұтастығы, Қа­зақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғыл­маушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады. 

Арнайы аймақтарға көңіл бөлінеді

Басты өзгерістердің қатарына арнайы аумақтарға арналған тарауды қосар едік. Конституцияға белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норма енгізу ұсынылған. Бұл Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты болмақ. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл ретте Бақыт Нұрмұханов ұсын­ы­лып отырған норманы Конститу­цияның негізгі ережелерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігін атап өтті. Аталған ережелерге сәйкес елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы тек қана конституциялық заңмен анық­талады.

Осылайша, қазір түзетулер енген Конституцияның алғашқы жобасы әзірленіп үлгерген. Соған қарамастан, Конституцияны реформалау бойынша ұсыныстар әлі де келіп жатқан көрінеді. Конституциялық комиссия отырысының модераторы, Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімованың сөзінен осыны байқадық.

− Алдыңғы отырыста біз салыстыр­малы кестені жан-жақты талқылап, жобаны мәтіндік нұсқада әзірлеуге келіскен болатынбыз. Ұсыныстар әлі де келіп жатыр. Оның ішінде комис­сияның жұмыс органы – Конститу­ция­лық сот аппаратына да келеді. Қазір 13 тұлғадан ұсыныстар келді. Барлық материал біздің жұмысымыздың аясында қаралуға тиіс. Дайындалған Конституция жобасының мәтінін мұқият қарау керек болады. Сондықтан қазір мәтінмен топтарда жұмыс істейміз. Сол бойынша нақты тұжырымдалған норма редакцияларымен бірге ұсыныс­тар беруді сұраймын. Біз оны топтық жұмыс аясында талқылайтын боламыз, – деді Конституциялық Сот төрағасы.

Конституциялық комиссияның жұмысы мұнымен бітпейтіні белгілі. Кезекті отырыс бүгін өткізілмек. Мұнда да салмақты, сарапшылармен талқылан­ған бастамалар ортаға салынбақ.

Мадияр ТӨЛЕУ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қаңтар 2026 06:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары