Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбеде ақылды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

Арнайы операциялар күштері мергендері Алматы облысының Кубогында үздік атанды

Атырауда қызылша ауруларына қарсы күреске 106 млн теңге бөлінген

Ғалым Думан Жекеновтың Орталық Азия мұраты атты ғылыми монографиясы жарық көрді

Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

БҚО жолдарын күтіп ұстауда 60 тан астам ақаулық анықталды

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

Реал Мбаппесіз ойнады: Бенфикаға қарсы матч қалай өтті?

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

Атырауда интернет алаяқтыққа қарсы орталық ашылды

Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі зайыптылар сот залынан бір ақ шықты

Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан мерт болғандар саны 30 ға жетті

Linkin Park әні қазақы нақышта: Ұлттық ұлан хоры ресейлік шоуды шулатты

Нимесилді жиі қолдану қаншалықты қауіпті және ол Еуропада неге сатылмайды

Сандық алгоритм сананы шектейді

Cу тасқыны: туристерге Балидің кейбір аймақтарына бармау жөнінде ескертілді

Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі

Қазақстан азық түлік инфляциясы ең қатты соққы беретін он елдің қатарында

Ғалымдар мәртебесі айқындалады

Ғалымдар мәртебесі айқындалады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Депутаттар бастамашы болған ғылым мәселелері бойынша ғылыми-техникалық қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер (бірінші оқылымда), сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет, педагог мәртебесі және білім беру мәселелерін реттейтін заң жобаларын қарап, тиісті шешімін шығарды.

Педагогтердің құқығы күшейтілді

Жалпы отырыстың күн тәртібіне кеңірек тоқталсақ, Мәжіліс қарауына «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді. Құжатта әскери қызметті өткеру және әскерилерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін бірқатар норма ұсынылған.

Сондай-ақ Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Мәжіліс жұмысқа алған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» бір-бірімен ұқсас екі заңның жобасын таныстырды. Бұл заң жобалары педагогтердің құқын қорғауды күшейту мақсатында Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленіпті.

– Біріншіден, педагогтердің бала­лар­дың өмірі мен денсаулығына жауап­керші­лігін тек оқу үдерісі барысында айқын­дау ескерілген, яғни оқудан тыс уақыт­та және каникул немесе кешкі уақытта ата-анасының жауапкершілігі болуға тиіс. Екіншіден, педагогтерді олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу нормасы қамтылған, – деді депутат Асхат Аймағамбетов жалпы отырыста.

Сонымен қатар ол есептілікті бір мезгілде екі форматта – қағаз және электронды түрде жүргізуге тыйым салу ұсы­нысы енгізілгенін атап өтті. Есеп құжаты тек бір форматта болуға тиіс.

– Төртіншіден, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске педагог­тердің құқығын бұзғаны үшін санкцияларды күшейту жөніндегі нақты нормаларды ұсынып отырмыз, – деді депутат.

Депутаттар қос заң жобасын бірауыз­дан қолдап, қорытынды әзірлеу жөнін­де шешім қабылдады.

Ғылымды алға жетелейтін нормалар

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов ғылыми жобаны бастау мерзімі нақты сол келісімшарт басталған күннен белгіленетінін айтты.

– Ғалымдарымыздың 10 жылдан аса уа­қыт көтерген проблемасын шешетін норма­лар енгізіліп отыр. Бүгінде ғылымды қар­жы­­­лан­дыруда үлкен мәселе бар. Ғылыми грант­­тар не­гізінен үш жылға, яғни 36 айға жос­­пар­­ла­нады. Алайда конкурстық рәсім­дер­дің созы­луы­на байланысты іс жүзінде ғы­лы­ми жоба ал­ғашқы жылы қаңтарда емес, жыл­­дың со­ңы­на қарай басталады. Соның сал­дары­­нан ға­лым­дар зерттеуді толық үш жыл емес, ша­­ма­мен 2 жыл ғана жүргізеді. Ал бұл ғал­ым­­­дар­дың қолына түсетін қаржыландыру көле­­мінің де қысқаруына әкеліп отыр, – деді депутат.

А.Аймағамбетовтің айтуынша, депутаттар ұсынған нормаларға сәйкес, ғылыми жобаны бастау мерзімі автоматты түрде қаңтар айынан емес, нақты сол келісімшарт басталған күннен бастап белгіленеді.

– Сәйкесінше, ғалымдар енді бөлін­ген қаражаттың 70-80 пайызын ғана емес, толы­ғымен 100 пайызын алып, жоспар­лан­ған уақытты да 100 пайыз пайдаланып, сапалы зерттеу жүргізуге мүмкіндік алады, – деді ол.

Қысқасы, Мәжіліс ғылым мәселелері бойын­ша ғылыми-техникалық қызметті жетіл­діруге бағытталған депутаттық түзету­лерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жо­басында ғалымдар мен ғылыми қыз­мет­керлердің мәртебесі айқындалады. Олар­дың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, академиялық еркіндікке кепілдік беру, шы­ғармашылық еркіндігі, сондай-ақ ғылы­ми қызметінің бағыттарын жоспарлау және ай­қындау мүмкіндігі қарастырылған. Ұжым­дық пайдалануға арналған ғылыми зертхана­лар инфрақұрылымына қолжетім­ділікті қамтамасыз ету тетігі бекітіледі.

Ғылыми қызметті қаржыландыру тәр­тібі жетілдірілді. Ұлттық ғылым акаде­мия­сы (ҰҒА) квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде айқындалады. Бұл ҰҒА мүлкін қалыптастыру мен оған иелік ету тәртібін, қаржыландыру көздерін және әкімшілік-басқару қызметіне қатысты өзге де мәселелерді заңнамалық тұрғыда реттеуге мүмкіндік береді.

Жұмысқа алынған заң жобасында ғалым­дарға еліміздегі кез келген зертхананы қол­жетімді ететін норма – ұжымдық пай­да­ла­ны­латын зертханалар тетігі енгізіледі. Бұл норма бюджет есебінен сатып алын­ған ғылыми инфрақұрылымды тиімді әрі бар­шаға қолжетімді пайдалану үшін өте маңызды.

Яғни арнайы ақпараттық жүйеде кез келген ғалымға қай жерде қандай зертхана бар, ол қай уақытта бос және онда қалай зерттеу жүргізуге болатыны көрсетіледі. Осы арқылы ғылыми инфрақұрылымды тиімді пайдалануға мүмкіндік ашылмақ.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақ­­стан Үкіметі мен Аустрия Үкіметі ара­сындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісім­ді ратификациялау туралы» заң қабылдан­ды. Келісімнің негізгі мақсаты – ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттер аумағында жүрген адамдарды реадмиссия­лау және транзиттеу саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құру. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, келісім ел аумағында болу шарттарын бұзған немесе заңсыз кірген адамдарды өз еліне қайтаруды көздейді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған, яғни құжаттарын жағалтқан адамдарға да қолданылады.

Жол жүйесі реттелуге тиіс

Жалпы отырыс соңы депутаттық сауалдарға ұласты. ОСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов «Эпштейн файлдары» деп аталып кеткен атышулы іске қатысты Бас прокурор Берік Асылов пен ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа депутаттық сауал жолдады.

– Әлемдік саяси кеңістікті «Эпштейн файлдары» деп аталатын материалдардың жариялануына байланысты дау-дамай әлі де дүр сілкіндіріп отыр. Жетекші демо­кратиялық мемлекеттер аталған жан­жал­ға қатысы бар тұлғаларға қатысты парла­менттік тексерулер мен қылмыстық қудалау шараларын бастап кетті. ОСДП фракциясы бұл тақырыпты елемей қалдыруға болмайды деп есептейді, – деді А.Рақымжанов.

Оның айтуынша, отандастарымыз ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және олардың репутациясы күмәнді жабық клубтарда ел ертеңін саудаға салған, я салмағанын білуге құқылы.

«Эпштейн файлдарында» бұрынғы Үкімет басшысы, ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімовтің аты 8 мәрте аталған және жазба­лардан Джеффри Эпштейн мен К.Мәсімов­тің жеке таныс болғаны анық аңғарылады.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық банк төрағасы сынды мем­лекеттің маңызды лауазымды қыз­меттерін атқарған Қайрат Келімбетовтің де аты бірнеше мәрте аталған және оның Эпштейнмен кездескені айтылады.

– Жарияланған құжаттарда «Ескі Қазақ­станның» саяси элитасы өкілдері, яғни маңызды мемлекеттік қызметтер атқар­ған тұл­ғалар аталады. Мұндай деңгейдегі шенеу­нік­тердің моральдық бейнесі мен жеке бай­ла­ныстары – жеке өмір мәселе­сі емес, мемле­кеттің қауіпсіздігі мен ел беделіне қатыс­ты мәселе, – деген депутат «Эпштейн файл­дарында» аталған отандық лауазымды тұл­ғалар мен олармен байланысты адамдар туралы ақпаратты тексеріп, бұл кездесулердің сипа­ты мен мақсаттарын анықтау қажеттігін ұсынды.

Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке төнер ықтимал қатерлерге, оның ішінде лауазымды тұлғаларды компрометация­лау тәуекелдеріне және мемлекеттік құпияларды жария ету ықтималдығына құқықтық баға беруді сұрады.

Сондай-ақ Премьер-министрдің аты­на сауал жолдаған депутат Олжас Құспеков Жол қорын құруды ұсынды.

– Жыл сайын еліміздің жолдарында адамдар қаза табады. Бұл – жай ғана құрғақ статистика емес, республикалық тасжолдардың жай-күйі мен күтімі азаматтардың қауіпсіздігіне, ел эконо­микасының тұрақтылығына тікелей әсер ететінін көрсететін жүйелі белгі. Тек өткен жылдың өзінде 36 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14 пайызға көп. 51 мыңнан аса адам зардап шегіп, 2,5 мыңға жуық азаматымыз қаза тапты. Бұл ретте ең ауыр апаттар дәл осы қала сыртындағы тас жолдарда орын алып жатыр. Ал ол жердегі инфрақұрылым барынша сапалы әрі болжамды болуға тиіс, – деді депутат.

Оның сауалда келтірген дерегіне сүйенсек, автожол саласының жыл сайынғы қажет­тілігі шамамен 1,9 трлн теңге деп баға­ланса, нақты қаржыландыру шамамен 1 трлн теңгені құрайды. Осыған байланыс­ты депутат елімізге ашық, тұрақты және ұзақ мерзімге жұмыс істейтін Жол қоры қажеттігін алға тартты. Мұндай тетік респуб­ликалық жолдарды салу, күтіп ұстау және жаңғырту үшін тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев­қа су ресурстарын қайта пайдалануға қа­тыс­ты жолдаған депутаттық сауалында Баян­ауыл­да суды қайта пайдалану бойынша қа­на­т­қақты жоба әзірлеу керектігін ұсынды.

Ал Асхат Аймағамбетов жаңа Конс­ти­туция жобасындағы қоғамда кең талқы­ланып жатқан жекелеген баптар жөнінде мәлімдеме жасады. Ол «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коа­лициясы 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, жаңа Конституцияны талқылап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ тек кейінгі 7 жылда еліміз отыз жылда ойға келмеген, іргелі және маңызды өзгерістерді бастан өткеріп жатқанын айтты.

– Президенттің бастамасымен төрт саяси реформалар пакеті жүзеге асты. Оған қоса 2022 жылы қабылданған конс­титуциялық реформаның орны ерекше. Бірақ кейінгі жылдары елдегі ғана емес, әлемдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі, жасанды интеллект дәуірінің басталуы мемлекеттің басты құжатын қайта қарауды өзекті етті, – деді А.Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияда – заман талабына жауап беретін, прогрессивті қоғамның сұранысына сай келетін, ха­лықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормалар қарастырылған.

Референдумға аз уақыт қалғанына назар аударған депутат әріптестерін Парламент мінбері арқылы қоғамдық пікірге талдау жасап, азаматтарды толғандыратын мәселелерге өз бағыттары бойынша түйінді мәлімет беруге шақырды. 

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 13:03

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 12:48

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Қоғам • Бүгін, 12:42

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Дін • Бүгін, 12:34

Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 12:18

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 12:09

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді

Қоғам • Бүгін, 11:50

Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?

Балалар • Бүгін, 11:43

Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты

Бокс • Бүгін, 11:38

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:22

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 11:12

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Футбол • Бүгін, 11:07

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Саясат • Бүгін, 10:58

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Қазақстан • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбеде ақылды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

25 Ақпан 2026 01:29see116

Арнайы операциялар күштері мергендері Алматы облысының Кубогында үздік атанды

25 Ақпан 2026 08:37see115

Атырауда қызылша ауруларына қарсы күреске 106 млн теңге бөлінген

26 Ақпан 2026 17:27see113

Ғалым Думан Жекеновтың Орталық Азия мұраты атты ғылыми монографиясы жарық көрді

25 Ақпан 2026 19:19see112

Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

25 Ақпан 2026 21:07see112

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

26 Ақпан 2026 17:05see112

БҚО жолдарын күтіп ұстауда 60 тан астам ақаулық анықталды

25 Ақпан 2026 01:29see110

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

26 Ақпан 2026 16:07see109

Реал Мбаппесіз ойнады: Бенфикаға қарсы матч қалай өтті?

26 Ақпан 2026 13:35see109

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

25 Ақпан 2026 18:58see109

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

26 Ақпан 2026 00:40see108

Атырауда интернет алаяқтыққа қарсы орталық ашылды

25 Ақпан 2026 18:12see108

Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі зайыптылар сот залынан бір ақ шықты

25 Ақпан 2026 19:36see107

Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан мерт болғандар саны 30 ға жетті

26 Ақпан 2026 00:18see107

Linkin Park әні қазақы нақышта: Ұлттық ұлан хоры ресейлік шоуды шулатты

25 Ақпан 2026 19:15see107

Нимесилді жиі қолдану қаншалықты қауіпті және ол Еуропада неге сатылмайды

25 Ақпан 2026 17:44see106

Сандық алгоритм сананы шектейді

26 Ақпан 2026 04:54see106

Cу тасқыны: туристерге Балидің кейбір аймақтарына бармау жөнінде ескертілді

26 Ақпан 2026 16:00see106

Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі

25 Ақпан 2026 09:09see105

Қазақстан азық түлік инфляциясы ең қатты соққы беретін он елдің қатарында

26 Ақпан 2026 16:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары