Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қызылорданың лифтілері талапқа сай ма

Қызылорданың лифтілері талапқа сай ма

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметіне сүйенсек, облыс орталығындағы денсаулық сақтау, кәсіпкерлік нысандарында, әлеуметтік және бюджеттік мекемелерде, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерде барлығы 171 лифт қондырғысы мен 10 эскалатор орнатылған. 

– Пайдалану мерзімі өткен және тозығы жеткен лифтілер кезең-кезеңімен ауыстыруды қажет етеді. Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердегі 2 лифт апатты жағдайда деп танылып, оларды жаңарту мәселесі жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынған, - деді инспекция басшысы Абзал Рысбек. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Біз қаладағы лифт қойылған көпқабатты үйлерді аралап, сондағы тұрғындармен тілдестік. Сондай үйлердің бірінде ұзақ жылдан бері тұратын Айман Қажығалиева лифт қызметінің сапасына көңілі толатынын жеткізді. Ал қаланың басқа бөлігіндегі тұрғындар лифтіге қатысты проблема барын жасырмады. 

– Мұнда 2019 жылдан бері тұрамын. Лифтінің ара-тұра тоқтап қалып, қиындық тудыратыны бар. Кейбір көршілеріміз сондай жағдайға тап болып, құтқарушыларды көмекке шақырған. Лифт істемей қалғанда баспалдақпен көтерілуге тура келеді. Бұл біз сияқты қарттар үшін оңай емес, - дейді Рақымжан Жанасбаев. 

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары лифт ішінде адамдардың қалып қою фактілері негізінен көпқабатты тұрғын үйлерде кездесетінін жеткізді.

– Жыл басынан бері біздің мамандар осындай шақыртуға 8 рет барып, 11 адам құтқарды, оның екеуі – бала. Ал өткен жылы лифтіде қалған адамдардың шақыруымен 1 рет құтқару жұмысына барғанбыз, - деді департаменттің жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мирамбек Доспенбетов. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Сала өкілі лифт ішінде қалған жағдайда қандай әрекет жасау керегін де қаперге салды. 

– Ең алдымен сасқалақтамай, қорқынышқа жол бермей, лифт ішіндегі дабыл тетігін басу керек. Лифт ішінде техникалық қызмет көрсететін маманның телефон нөмірі жазылып тұрмаса, ұялы телефон арқылы 112-ге хабарласып, департаменттің жедел кезекшісіне жағдайды нақты хабарлап айту керек, - дейді ол.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы қызмет көрсетуші ұйымдардың техникалық қызмет көрсету мерзімін сақтау, лифтілерді жоспарлы тексеру жұмыстарын күшейту, тозығы жеткен лифтілерді кезең-кезеңімен алмастыру бағытында іс-шаралар қабылдағанын мәлімдеді. 

– Лифтілердің күнделікті техникалық күтімімен, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен тұрғындардың абоненттік төлеміне сәйкес қызмет көрсетуші компаниялар айналысады. Тұрғындардың қалтасына салмақ түспейді. Ал лифтілерді толық ауыстыру немесе күрделі жөндеу шығындары сметаға сәйкес есептеліп, мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады, - деді инспекция басшысы.

Бұған дейін біз Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2 ересек адамның 3 және 4-қабаттардың арасында лифт ішінде қалып қойғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see122

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары