Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Лондондағы Мисс Кәусар

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Әр бала бақытты болуға лайық

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Келешек мектептері жобасы аясында 220 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

Риддерде жылыту маусымы талапқа сай өтіп жатыр

Риддерде жылыту маусымы талапқа сай өтіп жатыр

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өскемен, Риддер және Екібастұз қалаларындағы тозығы жеткен 9 жылу энергия орталығы төтенше жағдайдың «қызыл аймағынан» шығарылған болатын.

Қазір Риддер жылу энергия орталығы қосалқы қазандықтармен қамтылса, Кентау қаласындағы жылу станциясындағы алты қазандық күрделі жөндеуден өтті. 

Биылғы қыста Риддер жылу электр орталығы толық қалпына келтірілген төрт қазандықтың барлығын қайта іске қосты. Электр жабдықтары түгел ауыстырылды. Соңғы үш жылда электр стансасын жаңғыртуға 15,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 75-тен 43 пайызға дейін төмендеді.

Шығыс Қазақстан облысында таяу күндері ауа райы -38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Сондықтан Риддерлік энергетиктер жақын арада тағы бір қосымша қазандықты іске қоспақ. Ал келесі жылғы жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 2 млрд теңгеге өтінім дайындалып жатыр. 

Кирилл Голота, Риддер қалалық жылу электр орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Биылғы жылға орталықтандырылған жылу желілерінің төрт учаскесін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ №1-ші турбогенераторды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталады. 

Риддерліктер қысқа сақадай сай. Көпқабатты үй тұрғындары өздері қаржы жинап, үйдің ішкі инженерлік желілерін толық ауыстырған. Жергілікті тұрғын Светлана Байтенева Риддер жылу электр орталығы ұзақ жылдардан кейін биыл алғаш рет үзіліссіз жұмыс істеп тұрғанын айтады.

Светлана Байтенева, Риддер қаласының тұрғыны:

- Көп жылдан бері жылу электр орталығында мәселелер туындап, жылуға жарымай келдік. Жертөледегі желілердің бәрі тозып, қанша жөндегенмен мәселе шешілмейтін. Қыс бойы бүрсеңдеп шығатынбыз. Қазір жылу үздіксіз беріліп, жанның рахатын сезіне бастадық.  

Былтыр күрделі жөндеуден өткен Кентау қаласындағы №5 жылу энергия орталығы қазір 14 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз етіп отыр. Екі жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кезінде 6 қазандық қайта құрылымдаудан, екі қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. Қазір төрт қазандық қаладағы 347 көпқабатты тұрғын үй мен 108 бюджеттік мекемені және 440-тан астам коммерциялық нысан мен 2250 жер үйді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Қалған төрт қазандық резеврте тұр. 

Гүлнар Әлжан, Кентау қаласының тұрғыны:

- Биылғы маусымда үй жылы, батарея ыстық. Бұрын қазандық жаңармай тұрғанда үй салқын болатын. Әсіресе бірінші қабаттар өте салқын болатын. Қазір жақсы, жаурап жатқан жоқпыз, бала-шағамыз желең жүр. 

Соңғы 15 жылдан бері мүлдем жөндеу көрмегендіктен қазандықтардың 95 пайызы әбден тозған болатын. Көптен күткен жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жылу орталығы биыл алғаш рет әзірлік құжатын алды. Одан бөлек тағы екі турбоагрегат жаңғыртылды. Мамандар осының нәтижесінде қазандықтар жүз пайыз жаңартылып, автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілгенін айтады. Электр қуатын өндіретін қазандықтардың жұмысы жақсарған. 

Мұхтар Мұхиддинов, Жылу энергия орталығының бас инженері:

- Негізі бұл станцияның мақсаты – бірінші электр энергия өндіру. 6 МВт электр энергия өндіріп отыр. Өзімізді жауып отырмыз, сыртқа 4,2 МВт электр энергия шығарып отырмыз. Одан шыққан бумен қалаға кететін суды қыздырамыз. Сыртқы ауаның температурасымен 70 градус, қайтып келіп жатқан судың температурасы 55. Қуат өндірген бумен қайтадан қыздырып, осындай режимде жұмыс істеп жатырмыз. 

Сондай-ақ өткен жылы 7,6 млрд теңге қаралып, оған 14 шақырым магистральды жылу және 66 шақырым ішкі орам жылу жүйелері ауыстырылды. Қалған 14 шақырымы биыл жаңғыртылады деп жоспарлануда. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 10:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see113

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see110

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see109

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see109

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see108

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see108

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see106

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see105

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see105

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see105

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see105

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see105

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see105

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see104

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see104

Әр бала бақытты болуға лайық

30 Мамыр 2026 13:44see103

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see103

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

29 Мамыр 2026 23:12see102

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see100

Келешек мектептері жобасы аясында 220 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр

30 Мамыр 2026 14:14see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары