Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Коучинг: сән бе, әлде қауіп пе?

Коучинг: сән бе, әлде қауіп пе?

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Коучингтің астарында не бар?

Халықаралық коучинг федерациясының (ICF) анықтамасына сәйкес, коучинг – клиентпен әріптестік орнатып, оның жеке немесе кәсіби мақсаттарына жетуіне көмектесетін қызмет.

PwC мәліметіне сәйкес, 2023 жылы коучинг индустриясының жалпы табысы 4,564 миллиард долларға жеткен. Ал Verified Market Research сарапшылары соңғы жылдары нарықтың онлайн форматқа ойысқанын алға тартады және 2028 жылға қарай онлайн-коучинг нарығының көлемі 4,5 миллиард долларға дейін барады деп болжайды.

Фото: freepik.com

Қазақстанда бұл үрдіс, әдеттегідей, Ресей арқылы таралып, пандемия басталғаннан кейін үдеді. Осылайша онлайн курстар мен тренингтерге сұраныс күрт артты. Алайда бұл нарықта лицензия мен кәсіби талаптардың болмауы сапасыз қызмет көрсетушілердің көбеюіне әкеп соғып отыр.

«Менталдық эпидемия жүріп жатыр»

Жақында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым эзотерикалық, псевдопсихологиялық жалған ілімдер мен секталардың әсіре белсенділігі алаңдатып отырғанын айтты. Оның пікірінше, жалған диплом жасатып, атағы жер жаратын «академиялардың», әлемдік «ұйымдардың» атынан сөз сөйлеп жүрген бақсы-құшнаштың, тренер-коучтардың шараларының саны күн санап артып келеді.

– Кез келген әлеуметтік желіні ашсаңыз, әлемнің барша құпиясын меңгерген, адамның жан дүниесінің бүкіл кілтін беліне байлаған мамансымақтар көпшілікпен кездесулер, курстар, семинарлар өткізіп жатады. Өкініштісі, бұны жекелеген адамдардың өз таңдауы, жеке құқығы деп те айта алмаймыз. Рухани алаяқтар мемлекететтік мекемелерге, квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарға дейін жетіп, мемлекеттік, қоғамдық проблемаға айналғанын байқап отырмыз, – дейді депутат.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Депутат «Сюцай» деп аталатын курстарды мысалға келтірді.

– Бұл бағыт «адамның ішкі әлеуетін ашатын сандық психология» деп таныстырылғанымен, іс жүзінде ғылыми негізі жоқ, эзотерикалық және діни сипаттағы коммерциялық жобаға айналып отыр. Бүгінде «Сюцай» атауын жамылған топтар жабық форматтағы шаралар өткізіп, өз уағыздарын кеңінен таратып жүр. Олардың басым бөлігі – лицензиясыз, сертификатсыз, тіркелмеген тұлғалар. Жалған ілімнің басты мақсаты – азаматтарды «рухани даму» ұранымен иландырып, сандар мен символдарға сүйенген псевдотеория арқылы материалдық пайда табу. Нәтижесінде көптеген адам, әсіресе, әйелдер мен жастар, қаржылай шығынға ұшырап, психологиялық тәуелділікке түсуде, ал кейбірі отбасылық және әлеуметтік күйзеліске тап болып отыр, – деп толықтырды А. Сарым.

Мәжіліс депутаты бұл үрдісті «рухани індет» немесе «менталдық эпидемия» деп атады.

– Мемлекеттік органдар мұндай ұйымдардың қызметіне мониторинг жасап отыр ма? Осындай ұйымдар мен коуч-тренерлер тарапынан жастарға, әйелдерге және өзге әлеуметтік топтарға келтіріліп жатқан психологиялық, материалдық және басқа да зияндарды жүйелі түрде зерттейтін тәсілдер мен сараптамалар бар ма? Әзірге жоқ. Жауапты органдар деструктивті қызметке қатысты заңнамалық немесе нормативтік деңгейде шара қабылдауды жоспарлау керек, – дейді депутат.

1 жылда 900 шағым түскен

Өткен жылы білім беру саласындағы сапасыз қызметтерге қатысты 900-ге жуық шағым түскен. Шағымдардың басым бөлігі коучтардың біліксіздігіне және ақшаны қайтарудан бас тартуына қатысты.

Коллаж: Kazinform

Мәселен, талдықорғандық Жұлдыз Ыдырысова танымал коучтың сөзіне сеніп, 500 мың теңгеге курс сатып алған. Тіпті, соны алу үшін банк несиесін рәсімдегенін айтады. Алайда уәде етілген білім толық берілмей, тек 3-4 сабақтан соң оқу тоқтаған, коуч ізім-ғайым жоғалып кеткен.

– Сенбеу мүмкін емес. Ол кісі іші-бауырыма кіріп, сенімге кірді. Несиені де соның айтуымен алдым. Бірақ бірнеше сабақтан соң өзін жайсыз сезініп жүрмін деп оқытуды доғарды. Кейін байланысқа шықпай қойды, – дейді жәбірленуші.

Мұндай оқиғалар аз емес. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы Ғазиз Аманжолұлының айтуынша, соңғы уақытта осындай шағымдар саны едәуір артқан.

Фото: Ғазиз Аманжолұлының жеке мұрағатынан

– Кей коучтар «миллион табасың» деп уәде беріп, нақты нәтиже көрсетпей, тұтынушыларды алдап жатыр. Біздің тарапымыздан сотқа дейінгі наразылық хаттары дайындалып, бірқатар іс сотқа жолданды, – дейді маман.

25 пен 45 жас аралығындағы азаматтар қақпанға түседі

Жалған коучтар мен тренерлердің көбеюі кәсіби психологтер қауымдастығын да алаңдатып отыр. Психолог-психотерапевт Серікгүл Сәлидің пікірінше, коучтар адамның эмоциясымен жұмыс істейді.

– Ол жерде командалық жұмыс жүреді. Пиар менеджерлер бар, маркетингтік қадамдар жасалады. «Сен кереметсің! Өзіңді таныт!» деген ұрандар айтылады, – деп түсіндірді психолог.

Фото: Серікгүл Сәлидің жеке мұрағатынан

Маманның пікірінше, коучтарға жүгінетіндердің басым бөлігі – 25 пен 45 жас аралығындағы, ішкі дағдарыста жүрген, қарым-қатынас тапшылығын сезетін адамдар. Оның үстіне, дәріс барысында манипуляциялар жасалуы да әбден мүмкін.

– Қандай да бір салада гуманизм принципі болмаса, онда манипуляция басталады. Ал гуманизм жоқ жерде адамдарды пайдалану – үйреншікті үрдіс. Коучингтің кей өкілдерінің мақсаты – адамның өмір сүру сапасын жақсарту емес, өзінің қалтасын қампайту. Алайда кәсіби мамандар барын жоққа шығармаймыз, өкінішке қарай, жалған коучтардың кесірінен олардың жұмысы алаяқтыққа баланып жатыр, – деді ол.

Ал психоаналитик Анна Құдиярованың айтуынша, қайталама курстарға бару депрессияның белгісі болуы мүмкін.

Фото: Анна Құдиярованың жеке мұрағатынан

– Ешбір курс, ешбір кітап оқу, ешбір коуч психоаналитик берген терапияның орнын алмастыра алмайды. Тұлғалық даму жолында кәсіби мамандардың көмегіне жүгіну маңызды, – деп атап өтті Анна Құдиярова. 

Ашықтық пен бақылау қажет

Мамандар саладағы мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынады. Мәселен, Мәжіліс депутаты Динара Наумова міндетті сертификаттау мен аккредиттеу проблемаға тосқауыл болады деп отыр.

Фото: instagram.com/_naumova_dinara

- Сертификатталған мамандардың бірыңғай тізілімін құру ашықтықты қамтамасыз етіп, тұтынушыларға маманның біліктілігін алдын ала тексеруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті депутат.

Ал венчурлық инвестор Айдар Баймахан инфобизнесті, коучтардың жұмысын лицензиялаудан бұрын халықты пайдалы әрі пайдасыз курстарды ажыратуға үйрету керек деп есептейді.

– Инфобизнес, коучтардың қызметі ашық, салық төлейтін және экономикаға пайда әкелетін сала болуы тиіс, – дейді маман.

Рухани ізденіске сұраныс азаймайды. Бірақ елді адастыратындардың әрекетіне бақылау болмаса, зардапты қайтадан халық тартатынын естен шығармау керек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2025 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары