Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Дислексия деген дерт пе, әлде ерекше қабілет пе?

Дислексия деген дерт пе, әлде ерекше қабілет пе?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Дислексия» деген терминді естуіңіз бар ма? Бұл – ақыл-есі түзу, он екі мүшесі сау адамның жазу-сызуға, мәтін оқуға немесе оқығанын түсінуге қиналуымен байланысты нейробиологиялық ерекшелік, оқу дағдысының бұзылуы.

Батыс елдерінің көзқарасы қисынды

«Дислексия» терминіне 1883 жылы неміс офтальмологі Рудольф Берлин дәл түсініктеме берген. Интеллектісі жоғары бола тұра оқуға келгенде қиналатындарды осы қатарға қосатынын дәлелдеген. Одан бұрын, 1877 жылы Адольф Куссмауль адамның бұл ерекшелігін «оқу қабілетінің бұзылуы» деп түсіндірген. Осылайша, термин XIX ғасырдың соңында ғана медицинада мойындалып, сөздікке енген. Дислексиясы бар бола тұра өз саласына құбылыс болып келіп, ғаламдық өзгеріс енгізген тұлғалар арасында Альберт Эйн­ш­тейн, Леонардо да Винчи, Томас Эдисон, Стив Джобс, Уинстон Черчилль, Агата Кристи сынды мықтылар бар. Тізім­­ді жалғай берсек, ғылым-білім, сая­сат, әде­биеттегі алыптардың санынан жаңыламыз.

Бүгінде дислексияны анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі – бәрімізге белгілі логопедиялық тәсіл. Осы бағыт көбіне бұрынғы кеңестік елдерде тараған. Екінші – дислексияны анықтаудың батыстық көзқарасы. Халықаралық тәжірибеге дейін біздің қоғамда дислексиямен тек логопедтер айналысады деген түсінік қалыптасқан еді. Бірақ Батыс елдері бұл диагнозға басқа қырынан қарайды. Еуропада дислексия­мен логопедтер емес, психологтер, нейропсихологтер айналысады. Өйткені олар дислексия салдарынан туындайтын сөй­леу, оқудағы нақ кедергілерді емес, бала миындағы өзгерістерді терең білуге талпынады. Ғалымдар зерттей келе бала­ның оқуға, жазуға деген қабілетінің төмен­дігі ақпаратты қабылдауына байланысты екенін осыған дейін дәлелдеген. Кез келген адам ақпаратты ми арқылы қабылдайтыны түсінікті. Дислексиясы бар жандардың са­насында нақты қандай кедергілер бола­ты­нын осы саланың маманы, нейро­пси­­хо­лог Ақтоты Құраловадан сұрап білдік.

– Адам миының оң және сол бөлігі болады. Мидың оң бөлігі сезім мүшелеріне жауап береді. Эмоция, эмпатия, қиялға ерік беруге көмектеседі. Жеті жасқа дейін баланың осы қабілеті жақсы дамығаны жөн. Жеті жастан кейін баланың ойлау жүйесі мидың сол бөлігіне ретімен ауы­суы керек. Себебі мидың осы бөлігі баланың оқу қабілетіне әсер етеді. Яғни бала ақпаратты қабылдап, талдап, өзін дамыта алуға тиіс. Өкінішке қарай дислек­сиясы бар балаларда осы үдеріс жүр­мейді. Олар ақпараттың өзін мидың оң бөлігі­мен қабылдаған соң, оқуға келгенде қиындық­қа тап болады. АҚШ, Ұлыбритания, Герма­ния, Италия секілді елдердің ауру белгілері­мен емес, баланың миындағы өзгерістер­мен жұмыс істейтіні тегіннен-тегін емес, – дейді А.Құралова. 

Кемшілік емес, артықшылық...

Қазіргі ғылым баланың есте сақтау қабілетіне, психологиялық жай-күйіне үңіледі. Себебі дислектиктер өте белсенді психологиялық күйзеліске түсуі бек мүмкін. Қатарластарының қасында оқуға ынтасы жоғары бола тұра үлгерімі төмен оқушы психологиялық тұрақсыздыққа ұрынады. Нейропсихологтердің айтуынша, мұндайда дислектиктер томаға-тұйықталып кетуі ықтимал. Статистикаға үңілсек, әлемде дислектикалық ерекшелігі бар адамдардың үлесі 17–23% шамасында екен. Бұл дегеніңіз орта есеппен әр сыныпта 2-3 оқушы дислек­тикалық қиындыққа тап болады деген сөз.

– Елімізде дислектиктердің жай-күйі толық зерттелмеген. Тәжірибе көрсеткендей, олар қатарластарына ілесе алмаған соң, психологиялық қиындыққа кездеседі. Әдетте мұндай оқушыға мұғалімдердің өзі аса назар аудара бермейді. Ғалымдар дислектиктердің әлеуеті өзгелерден кем емес, керісінше, жоғары екенін айтады. Ойлау жүйесі өзгелерден ерекше дамыған деп санайды. Егер мектеп ұжымы оқушының артықшылығын ертерек анықтап, дұрыс шешім қабылдаса, олардың оқуда озат болып, қатарластарынан қалмауға мүм­кіндігі артады. Шын мәнінде дислексия өздігінен жоғалып кететін адамның кемшілігі емес, керісінше – артықшылығы. Оған бала бейімделсе, қабілетін шыңдаса, нәтижесі бірден көрінеді. Психологиялық қиындықтан құтылады, – дейді А.Құралова. 

Арнайы орталықтың жәрдемі көп

2019 жылы Астанада еліміздегі алғаш­қы дислексия орталығы ашылып, жұ­мысын ­бастады. Ондағы маман­дар ерек­­шелігі бар азаматтарды Р.Дейвис атын­дағы халықаралық дислексия қауым­­дастығы­ның тәжірибесіне сүйеніп бейімдейді.

– Дислексиядан үлкен қызымыз қиындық көрген соң, тақырыпқа үңіле бастадым. Кейінірек бізде қолданылатын әдіс-тәсілдер шетелдегідей жоғары деңгей­де емесін түсіндім. Ұзақ жыл ізденіп, бірнеше елде білімімді арттырған соң, орталық ашуға бекіндім. Түсінгенім, дислексияны маманы болмаса, қарапайым адамға дәл анықтау қиын. Мысалы, кейде балалар біріне-бірі ұқсайтын әріптерді ажырата алмауы мүмкін. К мен Қ, Н мен Ң сынды әріптерден жаңы­латындар бар. Мұндайда бала Қ, Ң әріптерінің құйрығын байқамай қалуы ықтимал. Екінші жағдайда бала әріпті көре тұра соны қалай өңдейтінін түсінбейді. Егер бала көріп тұрған әріпті түсінбесе оны дислексия белгілерінің бірі деп атауға болады. Бірақ дислексия деп шорт кесіп байлам жасауға әлі ерте. Алдымызға келген баланың мәтінді қалай оқитынына қарап, бірден ажырата алмаймыз. Шындығында дислектиктер кітапты өте жақсы оқуы да мүмкін. Кейбірі мәтінді сауатты әрі дұрыс оқығанымен, не оқып жатқанын түсінбейді. Сол секілді сандарды, математикалық есептерді білмейтіндер кездеседі. Осыған қоса, баланың когнитивті функциялары, яғни, сөйлеуі, ойлауы бәрі-бәрін зерттеу арқылы ғана дислексияны дәл анықтауға болады, – дейді орталық құрылтайшысы, педагогика-психология магистрі, нейро­психолог Елена Данилова.

Ғалымдар дислексияның негізгі себеп-салдары 80% баланың генетикалық ерекшелігіне байланысты екенін алға тартады. Демек қазір оқуда қиындықпен бетпе-бет келген баланың әкесінде немесе анасында дислексия белгілері бұрын болған деген болжам шындыққа жақын. Кейбір адамдарда дислексия белгілері ашық түрде өтпеген соң, олар үлкендердің қолдауымен өзінің ерекшелігін оңай еңсерген болуы мүмкін. Дислексиямен дер кезінде айналысқан балалар оқуға келгенде аса қиналмайды. Себебі баланың миында қандай өзгеріс болып жатқанын мамандар тапсырма беру арқылы зейінін дұрыс арнаға бұрады. Қазіргі жалпыға бірдей оқыту үрдісі дислексиясы бар балаларға келмейді. Мысалы, Үндістанда мектепке барған оқушылардың ішінен ақпаратты оқуы, қабылдауы қиын балаларды бірден анықтап алады екен. Олар математика, ана тілі секілді негізгі сабақтарды көмекші сыныпта арнайы әдіс-тәсілмен оқиды. Мұның артықшылығы, баланың төртінші сыныпқа дейін қатарластарына ілесіп кету мүмкіндігі жоғары. Өкінішке қарай, бізде дислексия салдарынан қиналып жүрген балалардың мәселесі ел арасында кеңінен насихатталып жатқан жоқ. Себебі жоғарыда айтқандай, дислексиядан ата-аналардың өзі бейхабар. 

Әлеуметтік желінің кері әсері

Қазір әлеуметтік желілердің алгоритмі көпшіліктің сұранысына қарай қысқа бейнежазбаларды жариялауға ыңғайланған. Нейропсихологтер балалардың гаджет­терді жиі пайдалануынан, бейнелерді жылдам сырғытып қана отыратын әдетінен сөйлеу дағдылары кеш қалыптасатынын айтады. Смартфонға шұқшиған баламен отбасында қарым-қатынас орнамаса, бала миының оң бөлігі белсенді жұмыс істейді де, сол бөлігін дамытуға еркіндік бермейді. Қабілетін оятуға кері әсер етеді. Бұл дислексиясы бар балалардың да дағдыларын тежейді.

– Балаға ата-ана үлгі. Ол соған қарап бой түзейді. Сәби қоршаған ортаға көзбен көргеніне қарап бейімделеді, дамиды. Егер баламен сөйлеспей, қолына смартфон ұстата салсақ, оның ойлау қабілеті де сол телефонға бейімделуі мүмкін. Себебі смартфонды серік еткен баланың сөздік қоры болмай, кейін бұзылысы байқалады. Оның барлығын дислектик деп айтудан аулақпыз. Олардың ішінде ойын жеткізуге сөздік қоры жетпейтіндер жиі кездеседі. Дислектиктер ойын бірден айта салады. Алайда сол айтқан сөзінде логикалық байланыс болмауы мүмкін. Олардың бір ерекшелігі осында. Олар көбейту кестесін жаттағанымен, сандардың қайдан, қалай пайда болғанын түсінуге қиналады. Жоға­ры сыныпқа барса да аяқ киімнің бауын байлай алмайтындар кездеседі. Ол да дис­лектиктің бір белгісі, дейді Е.Данилова.

Орталық қызметкерлері дислексиясы бар балаларды бейімдейтін сабақтар іс жүзінде топ болып өткізуге келмейтінін айтады. Баланың лексикасын, ойлау жүйесін дұрыс, өзіне ыңғайлы арнаға бұру мақсатында баламен бірнеше апта, кейде ай жеке жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан еліміздегі жалғыз орталықтың әлеуеті жылына небәрі 60 баланы бейімдеуге жетеді. Соған қарамастан орталықта 2019 жылдан бері 500-ге жуық адам бейімдеуден өткен. Екі мыңнан астам балаға диагностика жасалған. Олардың ішінде 5-сыныпқа барса да әріп танымайтын немесе мәтінді ежіктеп оқитын балалар кездеседі. Тіпті жоғары білімі бар, жасы 25–30 аралығындағы азаматтар да орталықтың қызметіне жүгініпті. Олардың көбі әлі күнге ойын қағазға тізбектеп түсіруден қиналады екен. Өзінің бойындағы ерекшелігін білмеген соң, қатарластарының сөзіне иланып, «ақыл-ойымда ауытқу бар» деген түсінікпен өмір сүргендер де орталыққа барып, өзінің артықшылығын дұрыс арнаға бұруды меңгеріпті. Саланы зерттеп жүрген мамандардың арасында дислектиктер шығармашыл келеді деген тұжырым қалыптасқан. Шетелдегі кейбір алпауыт компаниялар жұмысқа дислектикалық ерекшелігі бар қызметкерлерді тартқанды қош көреді екен. Дислексия адам бойында бұрыннан бар ерекшелік. Салдары адам өміріне тікелей қауіп төндірмеген соң, мұндай балаларды қоғамға бейімдемесе де болады. Оған бейімдеусіз-ақ өмірде өз жолын тапқан аға буын мысал. Алайда сол ерекшеліктің салдарынан өзінің мүмкіндігін толық аша алмағандар да бір қауым екенін ұмытпаған жөн.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары