Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тұтыққан ұрпақ: Логопедия бизнес пе, әлде көмек пе

Тұтыққан ұрпақ: Логопедия бизнес пе, әлде көмек пе

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәселенің күрделеніп бара жатқаны балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктерде анық байқалады. Топтағы балалар толы болғанымен, тақпақты 2-3 бала ғана мүдірмей, анық айтады. Ал қалған 15-20 баланың не айтқанын тіпті өз анасы да ұқпайды. 

Логопед-дефектолог Зульфия Абдолдинованың айтуынша, қазіргі балалардың анық сөйлей алмауының себебі тек медицинада емес, ең алдымен, отбасындағы тәрбие мен ата-ананың салғырттығында жатыр. 

– Баланың ең алғашқы ұстазы – ата-анасы. Бірақ бүгінде балаларымызды ата-ана емес, интернет пен гаджеттер тәрбиелеп жатыр. Тірі қарым-қатынас, бетпе-бет сөйлесу жоқ. Нәтижесінде, 7 жасқа дейін толық қалыптасуы тиіс дыбыстар мүлдем шықпай қалып жатыр, - дейді З. Абдолдинова.

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Маманның сөзіне қарағанда, соңғы уақытта логопедиялық көмекке сұраныс өте жоғары. Оның орталығына қаңтар айынан бастап, яғни небәрі екі айдың ішінде 200 бала тіркелген. Алайда бұл үлкен сұраныс саланың бизнеске айналуына және ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуіне әкеп соққан.

– Әріптестерім туралы жаман айтқым келмейді, бірақ кейбір орталықтардың жабдықталуын көргенде: «Бұл шынымен көмек пе, әлде бизнес пе?» деген ой келеді. Бірақ мәселенің екінші жағы тағы бар - біз ата-аналардың жауапкершілігі жоқтығынан дені сау баланы «ауру» қылып алып келіп жатқанын көріп жүрміз. Баламен айналыспау, онымен сөйлеспеу, бәрін логопедке ысырып қою — үлкен қателік.Логопедия – бұл тек маманның кабинетінде шешілетін мәселе емес, бұл кешенді жұмыс. Процедурадан кейін үйге барып, баламен бірге тапсырмаларды қайталап, еңбектену керек. Ал бізде ата-аналар логопедке ақша төлесе болды, бала бірден сайрап кетеді деп ойлайды. Егер маманмен жұмыс істегенде 3-4 ай ішінде ешқандай нәтиже болмаса, уақыт созбай маманды ауыстыру керек. Бірақ ең бастысы – үй жұмысын ұмытпау, - деді дефектолог.

Логопедке 6 ай алданған ананың уәжі

Ақтөбелік Әйгерім есімді ананың 4 жасар баласы да жекелеген сөздерді ғана айтып, толық сөйлем құрай алмаған. Ал мамандарға алып барғанда, олар сөйлеу дамуының кешігуі (ЗРР) диагнозын қойған. Дәрігерлердің аузынан мұндай диагнозды естіген бойда, Әйгерім қатты уайымға салынып, дереу баласын жарнамасы жер жарған ең қымбат логопедиялық орталыққа алып барыпты.

– Орталыққа барғанымызда, бізді жарқын жүзбен қарсы алып, баланың тілін 2-3 айда шығарып береміз деп уәде берді. Әр сабағына қомақты қаржы төледік. Басында әр сабаққа 2 500 төлесек, кейін 10 мыңға дейін қымбаттап отырды. Бірақ маман баламен не істеп жатқанын, қандай әдіс қолданатынын ашып айтпайтын. «Бәрі жақсы, нәтиже болады, күтіңіздер» деген сөзді естумен арада 6 ай өтті. Ең сорақысы, бізге үйге тапсырма бермейтін, «өзіміз бәрін реттейміз» деп шығарып салатын, - дейді Әйгерім.

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Жарты жылдан соң Әйгерім баласын басқа тәжірибелі дефектологқа көрсеткенде, осы уақыт аралығындағы кемшіліктерден хабардар болған. Маман баланың алтын уақыты босқа кеткенін, ал алдыңғы орталықтың тек механикалық жаттығулармен айналысқанын айтқан.

– Біз тек ақшамыздан емес, ең қымбат нәрсе – уақытымыздан айырылдық. Логопедияны бизнеске айналдырғандар үшін бала тағдыры емес, кассаға түсетін ақша маңызды екенін кеш түсіндік. Қазір жаңа маманмен үй тапсырмасын бірге орындап, кешенді жұмыс істеп жатырмыз. Нәтиже 2-3 аптаның ішінде көріне бастады, - дейді ол.

Балабақшадағы шынайы көрініс

Мәселенің қаншалықты күрделеніп бара жатқаны балабақша қабырғасында анық байқалады. Оған келесі кейіпкеріміздің сөзі дәлел. Біз 17 жылдық тәжірибесі бар, мемлекеттік балабақшада жұмыс істейтін тәрбиешімен сөйлестік. Ол бізге мәселені ашық айтуға келісті, бірақ аты-жөнін атамауды өтінді. 2009 жылдан бері бала тәрбиесімен айналысып келе жатқан тәрбиеші қазіргі жағдайды «сөйлеу дағдарысы» деп атады.

– Мерекелік ертеңгіліктер (утренник) – біз үшін ең ауыр сынақ. Бұрын балалар тақпаққа таласатын еді, қазір жағдай мүлдем басқа. Топта 30 бала болса, соның ішінде тақпақты анық айтып, рөлді сомдай алатын небәрі 2-3 бала ғана табылады. Қалғандары не дыбыстарды «жұтып» қойса, енді бірі мүлдем үнсіз тұрады. Бұл – жай ғана ұялу емес, бұл – ойын жеткізе алмаудың зардабы. Біз балабақшада шудан емес, балалардың бір-бірімен сөйлесе алмауынан, дұрыс коммуникация құра алмауынан қорқатын болдық, - дейді ол.

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Себебі әрбір үнсіздіктің артында агрессия жатуы мүмкін. Балалар бір-бірімен тіл табыса алмаған соң, ойын жеткізу үшін бір-бірін итереді, тістейді немесе төбелеседі. Бұл – тілдің жоқтығынан туған агрессия.

– Ата-аналарға бұл мәселені айтсақ, көбі: «Біз логопедке ақша төлеп жатырмыз, солар дұрыстасын» деп жауапкершілікті маманға ысырып қояды. Бірақ баламен үйде нақты қарым-қатынас болмаса, ешқандай логопед көмектесе алмайды, - дейді маман.

Расында да, ата-аналардың «ақша төледік, логопед бәрін реттейді» деген сенімі көбіне алдамшы болып шығады. Өйткені нарықта балаңыздың тілін емес, қалтаңыздағы ақшаны шығарғысы келетін орталықтар аз емес. Себебі бұл салада да клиент үшін шайқас әлдеқашан басталып кеткен. Сол үшін логопедтер мен орталықтар агрессивті жарнамалар жасап, маркетингтік амалдардың неше түрін қолданып жатыр. Ең сорақысы, логопед-дефектологтар әлеуметтік желілерде өздерін эксперт ретінде көбірек көрсетіп, жеке бренд жасап, қалай логопед болуды және сол арқылы көп ақша табуға болатынын елге жаппай оқытып жатыр. 

Фото: Kazinform / ЖИ көмегімен жасалды

Сертификаттарға сенуге бола ма? 

Логопедия саласының «бизнеске» айналуының басты себебі – маман тапшылығы мен бақылаудың әлсіздігі. Қазіргі кезде шағын курсты бітіріп, өзін «логопед» деп атайтындар көбейген. Алайда заң мен этика бұл туралы не дейді? Кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұйрықтарға сәйкес, «логопед» немесе «дефектолог» қызметіне тек тиісті бағыттағы жоғары кәсіби білімі (дипломы) бар мамандар ғана қабылданады. 

Ал бүгінде трендке айналған «интенсивті курстар» негізгі дипломды алмастыра алмайды. Заң бойынша сертификат – тек біліктілікті арттыру құралы. Дипломы жоқ адамның логопедиялық қызмет көрсетуі – кәсіби құзыретсіздік және тұтынушыны алдау.

Алайда біздің қоғамда заңды айналып өтетіндер көп. Мәселен, осы логопедиялық қызметке қатысты талапта «тиісті бағыттағы жоғары кәсіби білімі бар тұлғалар ғана айналысуы керек» деп жазылғанымен, оны жалпылама қабылдап жүргендер көп. Әсіресе, баламен жұмыс істейтін педагогтер, психологтар, медбикелер заңда нақтылық болмағандықтан, бұл табысты саланы жаппай меңгеруге тырысып, кабинет немесе орталық ашып, клиент қабылдап жүр.

Зерттеуіміз көрсеткендей, бүгінгі логопедия нарығы – үлкен мүмкіндіктер мен қауіпті тұзақтың түйіскен жері болып тұр. Бір жағынан, баласының болашағы үшін соңғы тиынын санап беріп отырған ата-аналар, екінші жағынан – сол мұқтаждықты пайда көзіне айналдырған орталықтардың қызметі. Алайда мәселенің тамыры тек ақшада емес. Балабақша тәрбиешілерінің «ежіктеген ұрпақ» туралы жанайқайы мен мамандардың заңсыз қызметін назарға алсақ, қоғамдағы осы бір мәселеге ерекше көңіл бөлу керек екенін байқап отырмыз.

Ал бала тілінің дұрыс шықпауы тек сөйлеу кемістігі емес, бұл – оның ертеңгі күні қоғамнан оқшаулануы, білімнен қағылуы және өз-өзіне сенімсіз болуы. 

Сол үшін логопед таңдағанда оның кабинетінің әдемілігіне емес, жарнамасына емес, қолындағы дипломы мен мекеменің лицензиясына қараңыз. Заңды құжатты талап ету – әдепсіздік емес, ұрпақ алдындағы жауапкершілік. 

Жанель УМАРОВА

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Сәуір 2026 14:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары