Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда креативті индустриядағы жастардың күш-қуаты мен ынта-жігерін жоғары бағалап, оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілетінін де атап өтті. Ұлттық болмысты заманауи өнермен ұштастырған буын елімізді жаһанға қалай танытып келеді?

Дәстүр мен заманауи стиль үйлесімі

Қазіргі жас креаторлардың басты ерекшелігі сол, олар ескі мен жаңаны шебер тоғыстыра алады. Ұлттық образ, әуен не құндылықтар шығармашылық тәсілмен әрленіп, қазақ мәдениетінің бейнесін өзгеше формада ұсынып отыр. Бұл үрдіс төл бірегейлігімізді әлсіретпей, керісінше оны заман ағымына сай жаңа деңгейге көтерді десе болады.

«Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Кино саласы да дамып жатыр. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты, ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз», деді Президент.

Раушан Әнуарбекова «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасымен ақжаулықты апа-анала­рымыздың бейнесін заманауи форматта көрсетіп жүр. Дизайнер ретінде ол әжелер мен қыз-келін­шектерге дәстүрлі ою-өрнегі бар, бірақ заманауи сән үлгілеріне сай киім-кешек тігіп, оларды шетелде фэшн апталықтарда ұсынады. Осылайша, ұлттық болмысымызды, мәдениетімізді әлемдік сән индус­триясына енгізіп, халықаралық сахнада танылуына үлес қосып жүр.

«Әлеуметтік желілер арқылы басқа елдердегі замандастарымнан жылы пікірлер естіп жүрмін. Кейбір видеоларым мен фотожобаларым халықаралық ауди­­­торияны қамтып үлгерді. Миллиондаған қаралым жинағандары да жетерлік. Бұл ұлттық бірегейлік тақырыбы әлемге қызық екенін аңғартады. Ең бас­тысы – идея шынайы болса, ол міндетті түрде өз көрерменін табатыны сөзсіз. Көп адамға ой салады, шабыт береді. Өзге де шығармашыл жастарға идеясынан қорықпауға түрткі болады деп сенемін. Кейінгі жылдары еліміздегі креативті индустрияның аяқ алысы жаман емес. Әсіресе өңірлерде ашылған креативті хабтар – өте қажет нәрсе. Мұнда азаматтар бір-бірімен танысады, идея алмасады, бірлесіп жобалар жасайды», дей келе Раушан ұзақмерзімді бастамалар көбірек керек екенін айтып қалды.

Оның сөзінше, қазір түрлі стартап пен жобалар жұмыс орындарын ашып, елдің мәдени ғана емес, экономикалық әлеуетін де арттыруға үлес қосып жатыр. Алайда авторлық жобаларды тұрақты түрде дамытуға арналған жүйелі қолдау әлі де кемшін.

«Әсіресе өңірлердегі дизайнерлерге арналған гранттар мен мүмкіндіктер көбейсе игі. Бұл бастамалар ұзақмерзімді, нақты нәтижеге бағытталған болса, тіптен жақсы. Сонда бөлінген қаражаттың қайтарымы болады. Оның үстіне, авторлық еңбек әлі де толық қорғалып отырған жоқ. Кейде идеяларды көшіріп алады, ал оны дәлелдеу қиын. Меніңше, уақыт өте келе бұл бағытта да заң тұрғысынан болсын, ақпараттық түсіндіру жұмысы жандана түседі деп ойлаймын. Бір қуантарлығы, қазір жаһандық мәдениетпен еркін байланыс бар. Яғни таңданатын емес, тамсанатын күйдеміз. Кей шығармашылық өнімдерге орынды сынды да айта аламыз», деді дизайнер.

Жанкештілікті талап ететін өнер

Темірдің бабын тауып, көрігін қыздырған ұста Ертай Сәрсенов ата-бабадан жалғасқан зергерлікті бүгінгі заман талабына сай жаңғыртып жүр. Оның қолынан шыққан әр бұйымда қазақы дүниетаным, нәзік талғам мен терең мағына үйлесім тапқан. Ол тек зергерлік бұйым жасаумен ғана шектелмей, шәкірт тәрбиелеп, ұлттық қолөнердің қадір-қасиетін дәріптеп, жас буынды төл мұраға құрметпен қарауға бау­лиды.

«Әкем де темірден түйін түйген шебер. Бала кезімде технология пәнінен сабақ беретін оның артынан бір елі қалмай, еріп жүріп, шеберханада дәнекерлеу, станокта темір жону сынды шаруаларды үйрендім. Кейін ата кәсіпті жалғаймын деп, мектеп бітірген шақта ойланбастан Алматыдағы Қазақ педагогикалық универ­си­тетінің көр­кемсурет факуль­тетіне оқуға түстім. Мұнда қазақтың маңдайына біткен аңыз адамдар дәріс оқиды. Қобызды жасауға деген қызығушылығым дәл осы тұста, студент кезімде ашылды. Сол кезеңдерде төл мәдениетімізді, мұхит асып АҚШ-тан келген ғалымдардың зерттеп жүргеніне де куә болдық. Университеттен кейін қол жаттықтырып, көз қанықтыру мақсатында ЮНЕСКО көлемінде танымал зергер Серікқали Көкеновтің қол астында жүріп, күмісті баппен балқытудың қыр-сырын меңгердім. Кейін туған өлкем Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына оралып, мектепке жұмысқа орналастым. Ба­ла­ларды бекзат өнерге қызықтыруға күш салдым. Одан бөлек жеке шеберха­намды да аштым. Біраз уақыт өткен соң, Астанаға қоныс аудардым», деді шебер.

Қазір Қосшы қаласының №3 мектебінде технология пәнінен сабақ беретін Ертай Сәрсеновтің қолынан шыққан бұйымдар әртүрлі көрмелер мен сатылымдарда сұранысқа ие. Қыз-келіншектерге арнап жасаған әшекей бұйымдарына бергісі Орталық Азия, ар­ғысы Канададан тапсырыс беретіндер де бар. Бір ерек­шелігі – бұйым­дарды жасау­да ол әлі күнге дейін ата-баба­дан мирас болып қалған көне тәсілдерді қол­данады. Әрі оны 10-15 балаға үйретіп, тәрбиелеген.

«Шетелдіктердің қызы­ға­ты­ны, жұмыстарым абстракциялы қазіргі заман талабына сай. Соған қарамастан әр бұйымның өзегінде ұлттық нақыш, қазақы болмыс сақталады. Маған ең маңыздысы – дәстүрді жоғалт­пай, оны бүгінгі заман тілі­мен сөйлете білу. Нарықта автоматтандырылған технологиялар жасаған өнімнен гөрі, қолмен жасалған дү­ние­лер­ге сұраныс жоғары. Сол себепті шәкірттеріме төзім мен табандылықты, іске жауап­кер­ші­лікпен қарауды үйретемін. Қолөнер – тек кәсіп емес, ол уақыт пен жанкештілікті талап ететін өнер екенін ұғындыруға тырысамын. Оған қоса, ағаш, сүйек өңдеумен де айналысамын. Енді тері өңдеуді үйреніп, артынша халықаралық аренада жаңа форматта тың дүниелер ұсынғым келеді», деді Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі. 

 

Өмірдің өзі – үздіксіз еңбек

Қазақ – жеті атасын түгендеп, тегін таныған халық. Бұл – жай шежіре емес, тұтас бір өмір салты мен рухани сабақтастық. Самғау Нәсіпханұлына да оның мәні терең. Ол бабаларынан жалғасқан етікшілік өнерді кәсіпке, кәсіпті елдік мұратқа айналдыра білген еңбек адамы.

Самғау аяқкиім тігумен 2011 жылдан бері кәсіби түрде айналысады. Десе де шеберге тән сабыр мен ұқып­­тылықты бойына бала кезде сіңірген.

«Етікші десе, көбі кенже қалған кәсіптің түрі ретінде көреді. Алғаш осы іспен айналысамын деп ата-анама айтқанымда, олар бір жағынан қолдады, бір жағынан сынап та көрді. Әкем «қазір нарық заманы, аяқкиім көп, соны да ескер» деп ақылын да айтқан. Соған қарамастан, бұл кәсіпке деген ниетімнен қайтпадым. Аяқкиім саласында 40 жылға жуық дизайнер болып еңбек еткен шебер Кенжеғали Сәткеновтен бір айдай тәлім алдым. Кейін етік тігіп, оны әкеме көрсеттім. Ол кезде 30-40 малымыз болған, бірақ сол жылы көбі бруцеллез ауруына шалдығып, қырылып қалды. Содан екі бұзаулы сиыр ғана аман қалды. Оны сатып, әкем қолыма 300 мың теңге ұстатты. Міне, осы кезде өз-өзіме «Мен бұл істен нәтиже шығарамын» деп уәде бердім. Сол қаржыға тігін машинкасы мен аяқкиімнің қалыптарын сатып алдым. Осылайша, кәсібім 70 шаршы метрлік үйіміздің бір бұрышындағы өз бөлмемнен бас­талды. Қазір Астананың іргесінде шеберханамыз бар. Бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырмын. Сұра­­ныс та жоғары. Жаппай өндіріс және жеке тапсырыс арқылы аяқкиімдер тігіледі. Балалар, әйел мен ерлерге арналған аяқкиім, кроссовка, туфли, бәрі бар», деді етікші.

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының тумасы негізінен механик машинист оқуын бітірген. Дегенмен қызығушылығы қолөнерге жетелеген Самғау енді өнімін әлемдік брендке айналдыруды мақсат етіп отыр. Қолөнер шебері үшін бұл тек аяқкиім тігу емес – маркетингке, адам ресурстарын басқаруға және қаржыны тиімді ұйымдастыруға да баса мән берілген күрделі үдеріс. Оның сөзінше, етікші ретінде еліміздегі аяқкиім өндірісін дамытса, кейін тері өңдеу саласы да ілесе ілгерілейді. Осылайша, өндірістің әр тармағы өзара байланысып, толыққанды кластерлік даму жүйесі қалыптасады.

«Біздің концепция – пайда табудан гөрі пайдалы болуға негізделген. Көп адам акцентті ақшаға қояды, негізі ақша дұрыс ұйым­дастырылған жұмыс­тың нәтижесі. Сол себепті алдағы уа­қыт­­та 5-10 жыл, тіпті ға­­сыр­лап отандастары­мыз­ды тұрақты жұмыс­пен қамтитын жүйе құр­ғымыз келеді. Мәселен, бұл тәжірибені Қытай, Түр­кия қолданады. Әрі бұл мемлекеттерде тері, аяқкиімнің қалыбы, қорап­тары болсын бәрі бір жерде өнді­ріледі. Бізге негізінен көп шикізат Шымкенттен жеткізіледі. Алдағы уақытта үлкен фаб­рика ашқым келеді. Ол Қазақстандағы, ТМД-дағы ең үздік өндіріс, сонымен қатар елімізді көтерме аяқкиіммен қамтамасыз ететін фабрика болады деп ниеттеніп отырмыз», деді кәсіпкер.

Самғаудың ел көлемінде 100-ден аса шәкірті де бар. Етікші кейінгі буынға тек кәсіби дағдыны үйретіп қана қоймай, қолөнердің мәнін де түсіндіргісі келеді.

«Меніңше, қолөнер тек кәсіп емес, ұлт дәстүрімен, руханиятымен, бала тәрбиесімен, өмір салтымен біте қайнасқан құндылықтар жиынтығы. Сол себепті жаһанданудың ағынына жұтылмай, өз дәстүрімізді сақтап, ұлттық қолөнерді заманауи тәсілмен дамытып, келешек ұрпаққа жеткізу – әр азаматтың міндеті. Қолөнерге келген жас түсінуі керек: бұл үздіксіз еңбек. Мұнда бір дүниені жасап болып, демала қаламын деген түсінік жоқ. Өмірдің өзі еңбектен тұрады. Мен де өлгенше жұмыс істеп өтемін», деп сөзін түйіндеді Самғау Нәсіпханұлы. 

Түйін. Креативті индустриядағы жастар феномені – кездейсоқ құбылыс емес, қоғамның ішкі сұранысынан туындаған заңды үдеріс. Олар ұлттық болмыс­ты сақтай отырып, заманауи ойлау жүйесімен жаңа мазмұн қалыптастыруда. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау, өңірлердегі бастамалар мен жеке шығармашыл тұлғалардың ізденісі үйлесім тапса, креативті индустрия мәдени ғана емес, сөзсіз экономикалық өсімнің де маңызды тетігіне айналады. 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары