Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Креативті құралдың кереметі

Креативті құралдың кереметі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қанша буын алмасса да бұл заңдылық жалғасып келді. Алайда қазіргі қарыштаған заманда жылытқыш іздеп бас қатырмайсыз. Заманның ағынына сай қазір ылғалды маусымдарда, күн аз түсетін мезігілдерде киіміңізді лезде құрғатып беретін ақылды киім кептіргіштер көбейіп жатыр. Қарапайым киім ілгіштерде тұратын киімдердің кебуі 1 күн уақыт алатын болса, ақылды құрылғылар 30 минутта-ақ кептіріп береді. Ең бастысы, бұл бір жағынан уақытыңызды үнемдесе, екінші жағынан киіміңіздің сапасын ұзақ сақтайды. Назарларыңызға бірқатар технологиямен жабдықталған киім кептіргіштерді ұсынамыз.

Кептіру мен үтіктеуді біріктірген портативті құрылғы

Іскер адамдар мен жиі сапарға шыға­тын жандар үшін уақыт – ең қымбат ре­сурс. Ұшақтан түсіп, бірден кездесуге асық­қанда немесе жол дорбаңызды аш­қан­да мыжылған көйлек алдыңыздан шық­са, көңіл күйдің де, жоспардың да быт-шыт болары анық. Осындай сәттерде көмекке келетін жаңа шешім бар – Launbot. Бұл шағын гаджет киімді бір мезетте әрі кеп­тіріп, әрі үтіктеп береді. Яғни, бө­лек фен іздеп, бөлек үтік қыздырып әуре болмай­сыз. Уақыт үнемделеді, ал жол дорбаңызда қосымша құрылғыларға орын босайды.

Құрылғының жұмыс істеуі қарапайым: оны тоқ көзіне қосып, киімді іліп қой­саңыз жеткілікті. Жиынтықтағы арнайы ауа қапшықтарының бірі киімнің ішіне бекітіледі. Қапшық үрленіп, матаның ішін ауаға толтырады. Кейін сол ауа қыздырылып, киім біртіндеп кептіріледі әрі тегістеледі. Нәтижесінде, мыжылған жейде немесе футболка әп-сәтте теп-тегіс қалыпқа енеді.

Жұмыс кезіндегі шу деңгейі шамамен 45 децибел – кәдімгі бөлмедегі қалыпты дыбыс деңгейіне тең. Сондықтан қонақүй бөлмесінде немесе кеңседе ешкімге кедергі келтірмейді. Кептіру мен тегістеу уақыты матаның түріне байланысты: мысалы, футболка шамамен 30 минутта дайын болады. Салмағы небәрі 600 грамм болатын бұл құрылғы XXL өлшеміне дейін­гі киімдерге жарамды. Шағын ғана гаджет сапар сөмкесіндегі орынды үнем­деп қана қоймай, сырт келбетіңізді де жинақы ұстауға мүмкіндік береді.

Көпфункционалды ақылды кептіргіш

Үй шаруасын жеңілдететін техно­логиялар күн сайын жаңарып келеді. Соның жарқын мысалы – Xiaomi Mijia Smart Clothes Dryer 1S Multifunctional Version. Инновациялық шешімдермен жабдықталған бұл ақылды киім кептіргіш функционалдылық пен тиімділікті ұштастырып, күн­делікті тұрмысты анағұрлым ың­ғайлы етеді. Құрылғының басты артықшылығы – оның сыйым­дылығы. Максималды жүктемесі 35 келіге дейін жетеді. Бұл дегеніңіз – бір мезетте бірнеше партия киімді іліп, алаңсыз кептіруге болады деген сөз. Әсіресе, көпбалалы отбасылар мен қарбалас тіршілік кешетін жандар үшін үлкен көмек.

Ақылды басқару жүйесі құрылғының мүмкіндігін одан әрі кеңейтеді. Смартфон арқылы қосып-өшіру, режим таңдау немесе кептіру процесін бақылау барлығы бірнеше батырмамен жүзеге асады. Ол дегеніңіз – үйде болмасаңыз да, кіріңіздің жайын уайымдамайсыз. 

Киімге жан-жақты күтім жасайтын  ақылды шкаф

Заманауи тұрмыста киім күтімі тек жуу мен кептіруден тұрмайды. Бүгінгі тұтынушы үшін мата сапасын сақтау, гигиеналық тазалық және уақыт үнемдеу басты талапқа айналып кетті. Осындай қажеттіліктерге жауап беретін құрыл­ғылардың бірі – HUAQIAO Smart Drying Wardrobe.

Бұл ақылды кептіру шкафы алдыңғы қатарлы бумен кептіру технологиясымен жабдықталған. Бу киім талшықтарына нәзік әсер етіп, пішінінің бұзылуына немесе түсінің оңуына жол бермейді. Нәтижесінде, сүйікті киімдер ұзақ уақыт бойы бастапқы қалпын сақтайды.

Құрылғының кең сыйымдылығы бір­неше киімді бір мезетте кептіруге мүм­кіндік береді. Орташа отбасының күн­делікті қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Тиімді ыстық ауа айна­лымы кептіру уақытын едәуір қысқартып, ұзақ күтуден арылтады.

Құрылғының дыбыссыз жұмыс істеуі оны түнгі уақытта да қолдануға мүмкіндік береді. Ал энергия үнемдейтін техно­логиялар электр қуатын аз тұтынып, отбасылық бюджетті де, қоршаған ортаны да қорғауға сеп болады. Сәнді әрі ықшам дизайны кез келген интерьерге үйлесім табады. 

TUYA смарт-кептіргіші

Заманауи үйлерде жайлылық пен технологияның үйлесімі қатар жүруін көп жерден байқадық. Сол талапқа жауап бе­ретін құрылғылардың бірі – ұялы телефон арқылы басқарылатын ақылды кеп­тіргіш. Бұл жүйе Tuya Smart қосымшасы арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. 

Құрылғының басты артықшылығы – икемді құрылымы. Раманың биіктігі 0-ден 130 сантиметрге дейін реттеледі, бұл әр отбасының қажеттілігіне сай бейім­деуге жағдай жасайды. Төрт шығыс таяқшасы киімдерді бөлек іліп, тиімді кептіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ауа айналымы біркелкі таралып, киімдер тез әрі сапалы құрғайды.

35 келіге дейінгі жүктемені көтеретін қуаты оны көпбалалы отбасылар үшін де қолайлы етеді. Ал төмен шу деңгейі күндіз де, түнде де алаңсыз қолдануға мүмкіндік береді.

SG Dryer 8085 – дауыспен басқарылатын кептіргіш

Дауыспен басқарылатын әрі қашықтан басқару (пульт немесе мобильді қосымша арқылы) мүмкіндігі бар интеллектуалды үлгі – smart home жүйесіне толықтай бейімделген заманауи шешім. Мұндай құрылғыларды, мысалы, Google Home немесе Amazon Alexa секілді платформа­лармен ықпалдастыруға болады. Нәти­жесінде, кептіру процесін бірауыз сөзбен немесе смартфон арқылы басқару мүм­кіндігі туады.

Аталған құрылғы 35 келіге дейінгі жүктемені көтереді және әртүрлі киімді қауіпсіз кептіруге мүмкіндік береді. Бұл оны көпбалалы отбасылар мен қарбалас өмір салтын ұстанатын жандар үшін тиімді көмекшіге айналдырады. Әсіресе, қыста, жаңбырлы күндері немесе ауа райы құбылмалы кезеңде ақылды кеп­тіргіштің пайдасы зор. Ол уақытты үнем­деп қана қоймай, киімнің сапасын сақтап, ги­гиена­лық тазалықты қамтамасыз етеді.

Ылғалды күндердің машақатын ұмы­тып, әрдайым құрғақ әрі жайлы киім кию – енді технологияның көмегімен қол­жетімді мүмкіндік.

Қорыта айтқанда, ақылды киім кеп­тір­гіштер – бүгінгі тұрмыстың жаңа стан­дарты. Олар жай ғана киімді құрғатып қой­май, уақытты үнемдейді, мата сапасын сақтайды, гигиеналық тазалықты қамта­масыз етеді және үй ішіндегі жайлылық деңгейін арттырады.

Арлан АМАН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 06:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары