Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

​Атырау облысының жастары Ақшолақовқа өз сұраныстарын жеткізді

Тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерге автокөлігін тегін қоя алады

Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Нетаньяху мэрдің оны тұтқындау туралы үндеулеріне қарамастан Нью Йоркке барады

Елімізде 1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Ауыл партиясы әйелдердің саясаттағы рөлін талқылады

АҚШ тұрғыны лотереядан 800 миллион доллар ұтып алды

Күйеуге шығуға асықпаңыздаршы : Айгүл Иманбаева қыздарға кеңес берді (видео)

30 шілдеде еліміздің орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді

Respublica партиясы әйел еңбегі бағаланған өндіріс орнына барды

АҚШ баждары нақты Қазақстанға қарсы бағытталмаған СІМ

Көне құдықтың сырын кім ашады?

Перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен... : Жазира Байырбекова өтінішін жеткізді

Әділетті Қазақстан үшін керуені: Ақмола тұрғындарымен жол, ауызсу және несие мәселесін талқылады

Жұлыны үзілген : Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді

Күдіктің көлеңкесі: қастандық теориялары қалай туады?

Күдіктің көлеңкесі: қастандық теориялары қалай туады?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қисынсыз тұжырымнан тұратын мұндай гу-гу сөзге ел неге құмар? Бұл психологиялық феноменнің түп-тамыры, терең мәнісі неде?

Шүбәға толы кеңістік

Бұл құбылысты саясаттанушылар мен әлеуметтану­шы­лар «Қастандық теориясы» не­месе «Астыртын сөз байласу тео­риясы» деп атайтыны мәлім. Қа­зіргі ақпараттық кеңістікте ірі оқи­ғалардың әрқайсысы ресми тү­сініктемеден озып, сансыз «балама шындықтың» қаулауына се­беп болады. Әлеуметтік желіде кез келген жаңалық бірнеше ми­нут­тың ішінде жүздеген жорамалға түр­леніп шыға келеді.

Кейінгі жылдары Ресейдегі мұ­най өңдеу зауыттарына жасал­ған украиналық дрон шабуылдары осындай толқын туғызды. Ин­­­­­тернеттің ресейлік сегментін пай­даланушылар: «дрондар Ук­раи­на­дан сонша қашықтыққа ұшып жете алмайды», «бұл ша­буыл­­дар Қытайдан немесе Қа­зақ­стан­нан ұйымдастырылады», «мұнай бағасын көтеру үшін іштен өзіміздікілер соққылап жатыр, со­дан әдейі атып түсірмейді» сияқ­ты пікірлерді жиі жазып жүр. Оның ешқайсысы нақты айғақпен бекітілмесе де, мыңдаған лайк, мил­­лиондаған қаралым жинайды. 

Сарапшылар Украинаның күн сайын жетілдіріліп жатқан ұш­қыш­сыз ұшу аппараттарының мұн­дай қашықтықты және ре­сейлік әуе қорғанысы жүйелерін ең­серуі заңды екенін дәлелдесе де, көп­шіліктің санасы астыртын сце­нарийге сенуге бейім. Ақпа­рат­­тық кеңістіктегі осы күмән көр­­шілес елдерге де салқынын ти­­гізіп, күдікшіл аудитория Қа­зақ­­­стан мен Қытайды негізсіз «а­с­­тыртын ойыншы» етіп шы­ғару­ға тырысты.

Ұқсас жағдай биылғы шілде айында Ресейдегі ірі тауар сақтау-тарату орталықтарына соқ­қыдан кейін де қайталанды. Ру­нетте мұны Wildberries-дің бә­се­келестерінің арам әрекетімен не­месе жасырын келісімдермен бай­ланыстырған пікірлер көбейді. Күні кеше компанияның Ря­зань­да орналасқан, аумағы 170 мың шар­шы метрді құрайтын ульт­ра­за­манауи мега-қоймасы өртенді. Бұл оның отқа оранған 7-ші ірі ны­саны. Ол Мәскеу мен Мәс­кеу облысының нарығын ең сән­ді, аса қымбат тауарлармен жә­не техникамен қамтамасыз етіп келген. Сөйтіп, жанып, жермен-жек­сен етілген Wildberries қой­ма­ларының жалпы аумағы миллион шаршы метрге жуықтап, Монако мемле­ке­тінің жартысынан асатын кө­лем­ді құрады.

Әзірге украиналық дрондар ТМД аймағындағы басқа ірі мар­кетп­лейстер – Озон (Ozon) мен Ян­декс Маркеттің қоймаларына тиіспеген. Осы теңсіздік бірден жаңа конспирологияны тудырды: «Уайлдберриз қоймаларын жоюды бәсекелестері тапсырыспен жасатып отыр». Өртеніп жатқан объектіні таспаға түсірген жумысшысының бірі видеода: «Қоймамыз жанып кетті, бірақ мен мұңаймаймын! Енді Озонға жұмысқа барамын, өйткені оған украиндар тиіспейді», – деп ағы­нан жарылады. Қарапайым жұ­мыс­шының бұл сөзі халық санасына конспирологияның қан­ша­лықты терең орнық­қанының ай­қын көрінісі.

Мұндай құбылыс тек саясатпен, экономикамен немесе әскери оқиғалармен шек­телмейді. Спорт әлемі де тыс қал­ма­ды. Екі аптадай бұрын футболдан Әлем чемпионаты аяқталған соң әлеуметтік желіде ФИФА-ның нәтижені алдын ала белгілеп қойғаны, халықаралық ұйымдар­дың жасырын келісімге барғаны туралы пікірлер кеңінен тарады. Алайда олардың ешқайсысы нақ­ты айғақпен расталған жоқ.

«Испанияның ӘЧ-дегі жеңісі­нен кейін ғаламторда Аргентина­ның неліктен финалда жеңілгенін түсіндіруге тырысқан жалған теориялар қаптап кетті. 4 миллионға жуық қаралым жинаған бір пост­тың авторы «FIFA-ға тек еуропа­лық чемпион қажет болды» деп табандайды. Оның дәйектеуінше, FIFA президенті Джанни Инфантино 2027 жылғы сайлауда қол­дауы үшін UEFA-мен жасырын ке­лісімге келген-мыс. Мұндай ас­тыртын келісімнің еш дәлелі жоқ. Көпшілік Аргентинаның матч бойы қарсылас қақпасына бір­де-бір рет дәл соққы бағыттай ал­мағаны сияқты шынайы спорт­тық факторды ескергісі келмейді. Мұның сыртында FIFA-ға мүше 200-ден астам қауымдастық Инфантиноны қайта сайлауды турнирге дейін-ақ қолдап қойған бо­латын», – делінген Euronews сю­­же­тінде.

Мұнымен де тоқтамай, желі қол­­данушылары Аргентина құра­ма­сының жартылай финалда Анг­лия­ны жеңгеннен кейін «Фолкленд аралдары – Аргентинанікі» деген жазуы бар баннерді жайғаны үшін ФИФА олардың алдына «не фи­налда жеңілесің, не 10 жылға әлем чемпионатынан шеттеті­ле­сің», – де­ген ультиматум қойған»,  – деген жорамал да тарады. Оңтүстік-ба­­тыс Атлантикадағы Ұлыбрита­ния­ның осы территориясы үшін 1982 жылы 74 күндік соғыс өткені тарихтан белгілі. Сонда Буэнос-Айрес десант түсіріп, аралды өз ба­қылауына алғысы келді, алайда британ әскерінен жеңіліс тапты. ФИФА-ның әлгі баннер үшін Ар­гентинаға ресми санкция салғаны, тіпті сес көрсеткені туралы бірде-бір нақты дерек жоқ.

Сананың қорғаныс механизмі

Мамандардың пікірінше, қастандық теориялары – бұл жай ғана біреудің үстірт сөзі не­месе күлкілі қиялы емес. Бұл – қо­­ғамдық сананың терең қат­пар­ларын­да жатқан күрделі феномен. 

«Жалпы, астыртын сөз байласу теориялары – адам психика­сы­ның белгісіздікке берген жауабы. Тұрақсыздық күшейгенде немесе қан­дай да бір халықтың, әлеу­мет­тік топтың, әлде жеке индиви­дум­ның үйреншікті әлемі күйрегенде, адамдар қорқынышын азайтатын қарапайым түсіндіруді іздейді. Яғ­ни бұл – үрей мен белгісіздікке қар­сы табиғи психологиялық реак­ция. Геосаяси қақтығыс, эко­номикалық дағдарыс, пандемия, түбегейлі әлеуметтік өзгеріс адам­дардың қауіпсіздік сезімін әл­сіре­теді. Осы сәтте «біреулер (ұлы күш­тер, жатпланеталықтар, масондар) жоғарыдан бәрін бақылап отыр» деген түсінік психологиялық жұбанышқа айналады. Тіпті кей­бір адам өз әрекетін немесе әре­кет­сіздігін сонымен түсіндіріп, жауап­кершілікті басқаға аударуға тырысады», – дейді тәжірибелі психолог Гүлзат Көпбаева.

Адамзат тарихында төтенше оқи­ғалар орын алған сайын, ас­тыртын сөз байласу теориясы қа­тар өрбіп отырған. 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі егіз мұнараларға жасалған террорлық шабуылды «АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы демократияны шектеу және өзге елдерге басып кіру үшін ұйымдастырды» деуші­лер әлі де бар. АҚШ-тағы мектеп­тердегі жаппай атыстарды (массшутинг) «азаматтарды қару ұстау құқығынан айыру үшін қойылған инсценировка» дейтіндер де кез­деседі. Кеннедидің өлімі, бірер жыл бұрын өткен COVID-19 пан­де­миясы, әлемдегі түрлі лаңкестік шабуыл да конспирологиялық болжамдардың өзегіне айналады.

Осы мәселенің ғылыми ше­шімін табуға Лондон универси­теті­нің Аномалиялы психология ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы, британдық ғалым Роб Бразертон (Rob Brotherton) ұзақ жылын ар­нады. Бүгінде Нью-Йоркте тұ­рып, ғылыми ізденістерін жалғас­тырып жатқан ғалым қастандық теориясының психологиясын терең зерттегені үшін психология ғылымдарының докторы атағын иеленді. Оның бұл бағыттағы көп­жыл­дық еңбегінің қорытындысы ретінде «Күдікшіл сана: Біз неге қастандық теорияларына сене­міз?» (Suspicious Minds: Why We Believe Conspiracy Theories) атты бестселлері дүниеге келді.

Бразертон монографиясында конспирологияға дем бе­ре­тін бірнеше басты психо­ло­гия­лық факторды атады. Бірінші-сі – қаһарман-әшкерелеуші рөлі. Конспирология адамға жай сырттай бақылаушы емес, «шын­дық­тың бетін ашатын қаһарман» рө­лін ұсынады. Бұл біздің архе­ти­піміз мен болмысымызға сай ке­леді. Адамдар өзін оқиғаның ша­ра­сыз куәгері емес, жасырын зұ­лымдықты әшкерелеп, жақсы­лық­тың жеңісіне үлес қосып жат­қан «батыр» ретінде сезінгісі келеді.

Шындыққа жеткізер жол

Екінші фактор – біреудің қа­рау ниетін іздеу меха­низ­мі. Адам санасында кез келген әрекеттің артынан біреудің жасырын ойын іздейтін туа біткен түй­сік бар. Көшеде әлдебір еркек кез­дейсоқ жанға гүл немесе шоколад ұсынса, бірден сезік туындауы мүмкін. Бұл уланбау, жа­ман­дыққа арандамау, эволюциялық тұрғыда аман қалу үшін қажет бол­ғанымен, кейде ол тетік босқа іс­ке қосылады, көңілде негізсіз алаң пайда болады.

Бұл феноменді 1944 жылғы «Хай­дер мен Зиммель экспери­мен­ті» дәлелдейді. Ғалымдар Фриц Хайдер мен Марианна Зим­мель сыналатын адамдарға 1,5 ми­нуттық қарапайым, бейкүнә ани­мациялық фильм көрсетеді. Эк­ранда тек қана геометриялық фигуралар – үлкен және кіші ­үшбұрыш, дөңгелек және «есігі» бар тіктөртбұрыш қозғалып жү­реді. Ғалымдар қатысушылардан не байқағанын сипаттап беруді сұрайды. Нәтижесі таңғалдырды: аутиз­мі бар бір баладан басқа қа­ты­сушының бәрі жансыз фигу­ра­ларға адамның эмоциясы мен міне­зін телген. Олар үлкен үш­бұрыш­ты – «бұзақы, зәлім», кіші үш­бұрышты – «қаһарман» немесе «құрбан», ал дөңгелекті «үйге кіре алмай, қорқып тұрған қыз» деп си­паттайды. Фигуралардың бей­бе­рекет қозғалысынан «қызға­ныш», «үстемдік үшін күрес», «әл­сізді қорғау» сияқты күрделі дра­малық сюжет көрген. Бұл сы­нақ адам миының кез келген қоз­ғалыстан белгілі бір мағына, себеп және жасырын астар іздеуге бейім екенін дәлелдеді.

Роб Бразертон қастандық тео­рия­ларының тағы бір пси­холо­гия­лық тұғырын «сәйкестік қатесі» деп түсіндіреді. Адам санасы ірі оқиғаның артында міндетті түрде ірі күш тұруы керек деп есептейді. Сондықтан тарихи салдары зор оқиғаларды жай ғана кездейсоқ­тықпен түсіндіру көпшілікке с­е­німсіз көрінеді. Бұған АҚШ тари­хындағы қос оқиға айқын дәлел: Президент Джон Кеннедидің өлі­мі және Президент Рональд Рей­ганға жасалған қастандық. Екі жағдайда да жалғыз қылмыскер қолына қару алып, америкалық лидерді атты. Айырмашылық тек ақырғы нәтижеде: Кеннеди қаза тапты, Рейганға тиген оқ жүректен небәрі 25 миллиметрдей жерден өтіп, ол аман қалды. Кеннедидің өлі­мі АҚШ пен әлем тарихын өз­гертті және ондаған конспи­ро­ло­гия­лық теорияға арқау болды. Рейганға жасалған дәл сондай қас­тандық конспирология тудыр­ған жоқ. Себебі халық санасы «жалғыз психопат бүкіл әлемдік та­рихты өзгерте алды» дегенге сен­гісі келмейді. Ауқым-масштаб­тардың сәйкес келмеуі сананы жасырын қалған күштерді іздеуге мәжбүрлейді.

Бұған қоса адамдар көбіне өз пі­кірін қуаттайтын ақпаратты ға­на қабылдап, оған қайшы келетін деректерді елемейді. Психология­да бұл құбылыс «растауға бейім­ділік» деп аталады. Әлеуметтік же­лілердің алгоритмдері адами психологияның дәл осы талмау тұсын дөп басып, қолданушыға өзі сенетін мазмұндағы контентті қайта-қайта ұсынып отырады. Кельн университетінің ғалымдары анықтағандай, тіпті кейбір адам біржақты дүниеден – өзі тың­дай­тын блогерлерден, подкасттардан, посттардан, YouTube Shorts видео­лардан жалығып, баламаларын іздей бастаса, алгоритмдер бәрібір айналып келіп, әлгі сүрлеуге кері оралтады екен. Соның салдарынан әлдебір оғаш жорамал нақты адамдар тобы үшін уақыт өте келе аксиомалы «ақиқатқа» айналады.

Цифрлық дәуірде әрбір адам тек ақпарат тұтынушы емес, оны та­ратушы да. Әр жарияланған пі­кір мен әр бөліскен хабар қоғам­дық сананы өзгертеді. Барлық кон­тентті бұғаттап, мемлекеттер екі елі ауыздың бәріне төрт елі қақ­пақ қойып шыға алмайды. Қас­тандық теорияларымен күре­су­дің жолы – сыни ойлау мәде­ние­тін қалыптастыру.

Айхан ШӘРІП

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

30 Шілде 2026 16:07see129

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see129

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

30 Шілде 2026 18:19see128

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see127

​Атырау облысының жастары Ақшолақовқа өз сұраныстарын жеткізді

30 Шілде 2026 18:12see126

Тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерге автокөлігін тегін қоя алады

30 Шілде 2026 13:45see124

Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

30 Шілде 2026 20:41see121

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

30 Шілде 2026 10:41see120

Нетаньяху мэрдің оны тұтқындау туралы үндеулеріне қарамастан Нью Йоркке барады

30 Шілде 2026 17:48see120

Елімізде 1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

30 Шілде 2026 13:24see119

Ауыл партиясы әйелдердің саясаттағы рөлін талқылады

30 Шілде 2026 22:02see119

АҚШ тұрғыны лотереядан 800 миллион доллар ұтып алды

30 Шілде 2026 22:05see117

Күйеуге шығуға асықпаңыздаршы : Айгүл Иманбаева қыздарға кеңес берді (видео)

31 Шілде 2026 01:21see116

30 шілдеде еліміздің орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді

30 Шілде 2026 23:47see115

Respublica партиясы әйел еңбегі бағаланған өндіріс орнына барды

31 Шілде 2026 22:50see110

АҚШ баждары нақты Қазақстанға қарсы бағытталмаған СІМ

30 Шілде 2026 13:29see109

Көне құдықтың сырын кім ашады?

30 Шілде 2026 09:32see109

Перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен... : Жазира Байырбекова өтінішін жеткізді

31 Шілде 2026 22:34see108

Әділетті Қазақстан үшін керуені: Ақмола тұрғындарымен жол, ауызсу және несие мәселесін талқылады

30 Шілде 2026 09:42see108

Жұлыны үзілген : Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді

30 Шілде 2026 21:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары