Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Күй кешіне баратын көрерменге арналған бес кеңес

Күй кешіне баратын көрерменге арналған бес кеңес

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Күй кештерінде жиі сахнаға шығатын орындаушы үшін әр зал - өз алдына бір әлем, әр көрермен - бөлек мінез. Бір жерде тыныш тыңдайтын аудитория болса, басқа жерде назарын тез жоғалтатындар кездеседі. Біз барған әр концертте ортақ бір нәрсе байқалады: қай қала, қай зал болмасын, көрерменнің арасында орындаушыны ыңғайсыз жағдайда қалдыратын, күй сарынына әсер беретін ұсақ-түйек әрекеттер қайталанып отырады.

Біз осы құбылыстарды сырттай бақылап қана қоймай, оны тыңдаушыға орындаушы көзімен жеткізгіміз келді. Себебі күйдің қалай өтетіні тек домбырашыға ғана емес, тыңдаушының мәдениетіне де байланысты. Көрерменге бағытталған бірнеше қарапайым кеңес - сын емес, ортақ музыкалық кеңістікті барынша таза сақтауға арналған шағын ұсыныстар ғана.

1. Сыбырласып отырмау

Күй басталған сәтте залдағы кез келген дыбыс анық естіледі. Орындаушыға домбыра үні ғана емес, көрерменнің тынысы да жетіп тұрады. Сол кезде екі адамның сыбырласып қалғаны бүкіл әуеннің арасынан тікелей бөлініп шығады. Әдетте адамдар өз дауысының қаншалықты анық естілетінін білмей қалады, бірақ сахнада тұрған домбырашы үшін ол – өте үлкен кедергі. Бір ауыз сөз, қысқа жауап, тіпті жай ғана иықпен сөйлескендей сыбырдың өзі күйдің желісін үзіп жібереді.

Сондықтан күй басталғанда әңгіме айтуды доғарып, қажет болса сөзді кейінге қалдырған дұрыс. Бұл - тек тәртіп емес, орындаушы еңбегіне, күйдің өзіне деген құрмет.

2. Телефонға түсірмеу

Көп адам концертте телефонға түсіруді әдеттегі, еш зияны жоқ әрекет деп ойлайды. Бірақ сахнада тұрған орындаушы үшін кенет жарқ еткен экран жарығы немесе камераның шағын ғана тықылы - назарды бірден бөліп жіберетін нәрсе. Көбіне көңіл күйден сол әрекетке ауады. Қаншалықты кәсіби болса да тартып отырған күйіңнен жаңылыстырып жіберуі мүмкін.

Кейде көрермен: «Тез ғана түсіріп алайын» деп ойлайды. Бірақ сахнадан қарағанда әр қимыл анық көрінеді, әр қозғалыс байқалады. Сол үшін күйді телефон арқылы емес, көзбен, құлақпен, көңілмен жеткізіп тыңдаған дұрыс. Ал естелік керек болса -- концерттен кейін немесе арнайы түсірілген ресми нұсқадан алуға болады.

3. Бірге ыңылдап отырмау

Кейбір көрермен әуенге беріле тыңдап отырып, өздігінен күйге ілесе ыңылдап кетеді. Бұл әрекет өзіне байқалмайды, бірақ сахнадағы орындаушы үшін өте анық сезіледі. Әрине, бұл көбіне кіші сахналарда ғана байқалады. Десе де орындаушы үшін үлкен не кіші орта деп бөлінбейді, барлығы да өнер сахнасы. Сондықтан домбырашы бір сәтке ырғақты жоғалтып, ойынан басқа арнаға ауысып кетуі де мүмкін.

Ыңылдау - музыкаға жақындықтың белгісі болуы мүмкін, бірақ оны іште ғана ұстаған дұрыс. Әуенмен бірге қозғалу, іштей ілесу - табиғи. Тек сыртқа шығып, орындаушының дыбыс бояуымен араласып кетпеуі тиіс деп білеміз.

4. Күй ортасында «бәрекелді» айту

Бұрынғы күй тарту дәстүрінде көрерменнің күй ортасында «бәрекелді» деп дем беруі — табиғи, тіпті күтілетін нәрсе еді. Қазір сахна мәдениеті өзгерді де, адамдар мұндай қошеметтен қыпылықтап, орынсыз бір әрекет сияқты қабылдай бастады. Бірақ орындаушының көзімен қарағанда, дәл сол ортадағы қысқа ғана «бәрекелді» — күйдің тынысын ашатын, домбырашыға ерекше серпін беретін сәт.

Домбырамен сөйлеп тұрған адамға көрерменнің «естіп отырмын», «риясыз қабылдап отырмын» деген белгісі қажет. Сол белгі — асыра сілтелмеген, айқайсыз, орнымен айтылған «бәрекелді». Ол күй сарынын бөлмейді, қайта орындаушыға шабыт сыйлап, «арқасын қоздырады»

5. Уақытында келу

Күй кешіне уақытында келу - қарапайым талап сияқты көрінгенімен, концерт мәдениетінің ең маңызды бөлігі. Домбыраның алғашқы үні басталғанда залдағы әр қимыл, әр есік ашылғаны ерекше анық естіледі. Сол сәтте бір адамның кешігіп кіруі орындаушының назарын ғана емес, бүкіл тыңдаушының тынысын бұзады.

Кешіккен көрермен көбіне өзіне ыңғайсыз ғана жағдай тудырдым деп ойлайды, бірақ шын мәнінде ол - бүкіл залдың көңілін бөледі. Ал уақытында келу - орындаушыға тыныш, жинақы атмосфера сыйлау, күйдің алғашқы сазының таза шығуына мүмкіндік беру. Бұл - үлкен құрмет әрі концерттің дұрыс басталуына жасалған ең қарапайым қолдау.

Күй кешінің сәті - тек сахнадағы күйші мен қолындағы домбырадан ғана тұрмайды. Ол залдың тынысынан, тыңдаушының мәдениетінен, ортақ көңіл күйден құралады. Күйді түсініп тыңдау да, оны дұрыс қабылдау да - осы өнердің бір бөлігі. Сондықтан күйшілік мәдениет тек орындаушыға емес, көрерменге де ортақ. Залда отырған әр адам өз үлесін қосса ғана күй толық естіледі, толық ашылады және сол қалпында жүрекке жетеді.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 19:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары