Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Күйік бірден пайда болмайды . Алматылықтарға таудағы қауіпті гүл туралы ескерту жасалды

Күйік бірден пайда болмайды . Алматылықтарға таудағы қауіпті гүл туралы ескерту жасалды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматылықтарға әлеуметтік желілерде қазір тауда белсенді гүлдеп жатқан қауіпті өсімдік туралы ескертілді. Сөз "күймесгүл" деген атпен белгілі өсімдік туралы болып отыр. Желі қолданушыларының айтуынша, оған тиіп кеткен жағдайда теріні қатты күйдіріп алу мүмкін. Tengri Travel бұл өсімдіктің туристер үшін шынымен де қауіпті екенін анықтады.

Бәрі қалай басталды?

Талқылауға Алматы тұрғынының әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болды. Ол қазір тауда әдемі, бірақ улы өсімдік - күймесгүлдің гүлдеп жатқанын айтты.

"Химиялық күйік алу өте оңай. Басында ештеңе сезілмейді, бірақ келесі күні тері қызарып, күлдірей бастайды. Хош иісін жұту да қауіпті - тыныс алу жолдарын күйдіріп алу мүмкін. Сондықтан оған жоламаңыздар", - деді ол.

Скриншот: Threads

Ұлттық паркте не деді?

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өсімдіктің шынымен де қауіпті болуы мүмкін екенін растады.

"Әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа толық сәйкес келеді. Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында жіңішке жапырақты күймесгүл (Dictamnus angustifolius) кеңінен таралған. Бұл - өте қауіпті улы өсімдік, оның гүлдеу кезеңі мамыр-маусым айларына келеді", - деп түсіндірді ұлттық парктегілер.

Өсімдік теріге тиіп, оған күн сәулесі түскенде күйікке ұқсас реакция тудыруы мүмкін.

"Күймесгүл - құрамында эфир майлары бар жабайы өсімдік. Күн сәулесінің әсерінен теріге тиген кезде ол фотодерматит тудыруы мүмкін", - деп нақтылады мамандар.

Ал "өкпе күйігі" туралы не деуге болады?

Тыныс алу жолдарының күюіне қатысты мәселенің өз ерекшеліктері бар.

"Ғылыми дереккөздерде "иісін жұтқан кезде тыныс алу жолдарының күюі" туралы ақпарат шектеулі түрде ғана расталады, алайда өсімдікке тиіп, кейін күн сәулесінің әсеріне ұшырау шынымен терінің зақымдалуына әкелуі мүмкін", - деп атап өтті ұлттық парктегілер.

Ұлттық паркте өсімдік туралы ерекше дерекпен де бөлісті. Эфир майларының көптігінен бұта от тисе лап ете қалуы мүмкін, бірақ өзі жанып кетпейді.

"Теріге тиген жағдайда адамда ұзақ уақыт жазылмайтын тыртық қалдыратын күйік пайда болады. Мал оны жемейді. Өсімдік құрамындағы кумариндер күн сәулесімен реакцияға түсіп, фототоксикалық реакциялар тудырады, бұл терінің күюіне себеп болады. Сондықтан ашық күнде терінің өсімдікке тиюінен барынша сақ болу керек", - деп түсіндірді ғалымдар.

Парк әкімшілігі өсімдіктің халық арасындағы "күймесгүл" атауының шығу төркіні туралы да қызықты мәлімет айтты.

"Ұшпа майлардың көптігінен өсімдік жанында сіріңке жақса, ол бірден лап ете түсуі мүмкін, бірақ бұтаның өзі жанып кетпейді (халық арасында оны "күймесгүл" деп атайды)", - деді ғалымдар.

Ұлттық парктің ұсыныстары

Ұлттық парк әкімшілігі келесідей кеңес береді:

жабайы өсімдіктерді ұстамау; белгісіз өсімдіктердің жанында ұзақ тұрмау және олардың иісін жақыннан иіскемеу; тауда серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау; тек белгіленген туристік маршруттармен жүру.

Мамандар тіпті әдемі тау өсімдіктерінің де қауіпті болуы мүмкін екенін, сондықтан серуендеу кезінде мұқият болу керектігін ескертті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 17:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары