Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

Суға түсу мен демалыста абай болыңыз: ТЖМ маңызды ескерту жариялады

Күйші ғана емес: билікке араласқан дала өнерпазы

Күйші ғана емес: билікке араласқан дала өнерпазы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

XIX ғасыр қазақ даласының мәдени өмірінде күйшілік өнердің биік белеске көтерілген кезеңі деп есептеледі. Сол дәуірде Арқа өңірінен шыққан Тәттімбет Қазанғапұлының есімі қазақтың музыка тарихында айрықша орын алады. Ол – шертпе күйдің көркемдік мүмкіндіктерін кеңейткен, әрі туындыны философиялық тереңдікке жеткізген өнер иесі. Тәттімбеттің күйлері тек әуен емес, заманның тынысы мен халықтың көңіл-күйін бейнелеген сазды шежіре деп қарауға болады. Әсіресе байырғы Арқа күйшілік мектебін нәзік әуен өрнегімен өрнектеп, аталған мектептің өркендеуіне Тәттімбет ерекше үлес қосты. Алайда, оның бейнесі әр кезеңде әртүрлі сипатталды. Кеңес дәуірінде Тәттімбет мұрасына идеологиялық сүзгімен қаралып, бай әулеттен шыққанын, ел ішіндегі беделін бүркемелеп, оның өмірбаяны мен шығармашылығын біржақты түсіндіру әрекеттері болды. Кейбір күйлерінің мән-мағынасы толық ашылмай, әлеуметтік астары жойылды. Бұл жағдай оның шынайы бейнесін тануда үлкен олқылық қалдырды деп айтсақ болады. Осы мақалада біз Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығын тарихи шындыққа сүйене отырып қарастырамыз. Шамасыз келгенше, кеңестік кезеңде бұрмаланған деректерді түзетіп, Тәттімбеттің шын мәніндегі тұлғалық болмысын ашу.

Тәттімбет Қазанғапұлы 1815 жылы қазіргі Қарағанды облысында дүниеге келген. Дүниеден өткен жылы – 1860. Әкесі Қазанғап ел ішінде беделді, сөзге тоқтаған, дәстүрлі би-болыстың жүйесінде ықпалды адам болған. Анасы Қалайы да өнерге жақын, ел аузындағы жыр-дастандарды жатқа білетін, ән-күйге құмар жан болған екен. Осындай ортада өскен Тәттімбеттің жастайынан ән мен күйге қалайша  ынтасы артпасын?! Балалық шағында-ақ домбыра тартуға ерекше бейімін танытқан ол ел ішіндегі шебер күйшілердің қасында жүріп, орындаушылық сырларын үйренді. Арқа даласындағы менмін деген шебер күйшілерге шәкірт атанады. Мысалға, әйгілі Байжігіттің алдын көрген Қызылмойын Қуандықтан күйдің көптеген қыр-сырын меңгерсе керек. 

Тәттімбет тек күйші ғана емес, ел басқару ісіне араласқан тұлға болды. Ол аға сұлтан Құнанбаймен бірге Қарқаралы дуанының қоғамдық істеріне қатысып, ел арасындағы дауларды шешуге, әділ билік жүргізуге атсалысты. Өзі де Нұрбике-Шаншарға болысы атанады. Бұл қазіргі жалпақ тілмен “аудан әкімі” десек дөп түсеміз.  Алайда, кеңестік кезеңде бұл өмірбаян деректері толық айтылмады. Оның саяси беделі, аға сұлтандармен байланысы әдейі көмескілендірілді.

Ресми деректерде ол тек “халық күйшісі” ретінде ғана сипатталып, қоғамдық қызметі мен әлеуметтік салмағы аталмай қалды. Бұл оның шынайы болмысын түсінуге кедергі болған басты себептердің бірі.

Нақты екі мысал келтіре кетейік. ХХ ғасырдың ортасына дейін ел аузында жүрген мынадай дерек бар болған екен. Тәттімбет Кенесары ханның алдына барып, Құнанбай Өскенбайұлының арнайы ұсынысын жеткізген дейді. Алайда хан Кене көнбей, елші болып келген Тәттімбеттің басын шауып алмақ ниеттенеді. Десе де Кенесары сарбаздарының құрамында болған Қаракесек жігіттерінің (Тәттімбет Қаракесек руынан) және қарындасы Бопай ханымның өтінішімен аман-есен еліне қайтарыпты. Осы бір деректі Таласбек Әсемқұлов өзінің “Тәттімбет сері” романында көрсетіп, жазып кеткен. Сонымен қатар Т. Әсемқұловтың айтуынша, Ілияс Жансүгіровтың “Күйші” поэмасындағы сюжет осы Бопай мен Тәттімбеттің арасындағы оқиға баяндалады. 

Екінші мысалымыз Тәттекеңнің іскерлігіне қатысты. Ол өз малын Сібірге айдап, тиын-тебен ғана тауып жүрген қазақтарды көріп, сондай жәрмеңке туған жерінде ұйымдастыруды армандайды. Нәтижесінде Варнава Ботов есімді азаматпен бірге Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалайды. Сонымен қатар, алтын өндіру ісін де қолға алмақшы болып, арнайы кеніш ашу туралы рұқсат қағазына да қол жеткізеді. Сапарғали Бегалин бұл 1856 жыл деп жазады. Алайда соңғы ісін аяғына дейін жеткізе алмайды. Ел арасындағы әңгімеге сенсек, жәрмеңкені Қояндыға көшірген соң, Сібір көпестері бұл істі кешіре алмай, Тәттімбетке у берген екен. Сол у күйшінің түбіне жетіпті. 

Сөз басында Тәттімбет Арқа күйшілік мектебін жаңа деңгейге көтердік дедік. Егер бұл мектеп күйлерін тек әуен ғана емес, сезіне алатын, ойға қалдыратын сырлы әңгімеге баласақ, Тәттекең бұл әңгіме жаңа эмоция қосқандай болды. Ол шертпе күйді терең мазмұнмен байытып, аса философиялық толғам деңгейіне жеткізді дей аламыз. Оның күйлерінде дыбыс тек әуен-саз қызметін атқарып қана қоймай, тыңдаушыны ойға жетелейтін рухани кілтке айналады. Енді күйлердің бірнешеуіне тоқталып өтсек.

«Сарыжайлау» күйі.  Күйдің нақты шығу аңызы жоқ болса да, зерттеушілер Арқа даласына (Сарыарқа) арналған туынды деп есептейді. Бізге күйші Әбікен Хасенов (1897-1958) шертуімен жетті. Сонымен қатар, Мағауия Хамзиннің (1927-2000) нұсқасы да аса танымал. Екі нұсқаның айтарлықтай өзгешілігі болмаса да, орындаушылық интерпретация әртүрлі. Мысалға күй зерттеушілердің айтуынша, Әбікен шерткен “Сарыжайлау” Тәттімбеттің толып-жетілген кезін көрсетсе, Мағауияның “Сарыжайлауы” автордың жастық шағын бейнелегендей. 

“Бес төре”.  Күйдің аңызы да, құрылымы да өте ерекше. Кеңес уақыты кезінде Тәттімбеттен бес болысты келемеждеп шығарған күй деп айтып жүрді. Яғни, Шыңғыс Уәлиханов, Құнанбай Өскенбайұлы, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев, Ерден Сандыбайұлы сынды ел басқарған болыстардың “озбырлығына” қарсы шыққан күй-міс. Кейін бұл пікірді Ақселеу Сейдімбек жоққа шығарып, аты аталғандардың барлығымен Тәттімбет жақсы қарым-қатынаста болғанын жазып, керісінше “болыстардың жақсылығын асыру үшін” шығарған күй дейді. Ал, Таласбек Әсемқұлов бұл күй Кенесары бастаған бес төреге (Қасым, Кенесары, Наурызбай, Есенгелді, Саржан) арналған деп жазып кеткен.

Күйдің құрылымы да өзгеше. Егер басқа күйлер бір сарынды, ырғағы мен музыкалық тілі ұқсас болса, “Бес төренің” бес бөлімі бар. Әр бөлім өзінше жеке-дара әңгіме іспетті. Құрылымында ортақ желі бар, алайда әр бөлім өзіндік болмысы бар жеке күй сияқты өмір сүреді. Бұл күй Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзиннен бөлек, Бағаналы Саятөлеков сынды бірнеше күйшілердің орындауында жеткен. Бір қызығы, кей күйшілер бұл күйді “Кенесары-Наурызбай” деп атап кеткен.

“Көкейкесті”. Біздіңше, қазақ дәстүрлі музыка тарихындағы ең құпиясы толы күйлердің бірі. Бір қарасаңыз қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі де. Бізге бұл күй Әбікеннің шертуінде жеткен. Сонымен қатар, Мағауияның нұсқасы да бар. Ол нұсқа “Көкейкестіге” жаңаша көзқарас деп айтуға болатындай. 

Сапарғали Бегалин өз мақаласында – күй махаббат сезімінен туған дейді. Бір сапарында Тәттімбет Дегелең (қазіргі Семей қаласының маңы) бөктеріндегі шағын ауылға түсіп,  Түлкібай есімді адамның үйіне қонады. Үйдің тапқыр қызы Есім қонақ алдында сөзге шешендігімен Тәттімбетті тәнті етеді екен. Біраз уақыт бұрын әйелі қайтыс болып, жалғыздықтан шаршаған күйші қызға ынтығып, ағайын арқылы құда түсіп алыпты. Есім Тәттімбетке адал жар, елге сыйлы ана болады. Осыған орай Тәттімбет сүйікті жарына арнап «Көкейтесті» күйін шығарған дейді. Десе де Таласбек Әсемқұловтың жазуынша, бұл күй әу басында күйдің аты “Жантелім” болса керек. Осы күйді тыңдап отырған Ахмет Байтұрсынұлы “Мына күй көкейімді тесті ғой, аты “Көкейкесті” (Көкейтесті) болсын” деп Әбікенге қарапты. Сол уақыттан бастап, күй жаңа атпен аталып жүрсе керек.

“Сылқылдақ”. Бұл туындыны Тәттімбет күй тартысып отырған сәтте қарсыласы атанған Найман қызына табан астында арнаған екен.“Сылқылдақта” Тәттімбетке тән ырғақтар айқын көрінеді, яғни осы күй арқылы оның шығармашылық бірегейлігін, күйшілік өнерге алып келген жаңалығын көруге болады. Күйге үңіліп тыңдасаңыз, әуен бір қалыпты жүрмейді. Аптығып, асығып, “махаббат сезімін жеткізе алмай тұрған жігіт сияқты” (Т. Әсемқұлов) ырғақты көресіз. 

Бұл күйді де жеткізген Әбікен күйші. Өзге нұсқасы жоқ. Тек Таласбек Әсемқұловтың шертуінде өзгеше ең соңғы бір қайырымы қосылады. “Сылқылдақ” бүгінде оқу бағдарламасы еніп, көптеген жас домбырашылардың репертуарында бар.

“Қосбасар”. Бұл бір емес, бірнеше күй. Ертеректе “Тәттімбеттің Қосбасары” деп әртүрлі күйді бір атаумен шерте берсе, кейінгі уақытта әр қосбасардың алдына анықтауыш сөз қосылған. Яғни “сырнайлы қосбасар”, “табалдырық қосбасар” деп әр күйге өзіне сай қосымша тіркелген. Күйтанушылардың айтуынша, бүгінде он шақты “Тәттімбеттің қосбасары” деп шертіліп жүрсе де, тек 3-4 ғана нақты Тәттекеңдігі болуы мүмкін. Қалғандары кейіннен телініп, авторы өзгеріп кеткен.

Бұл атаулы күйлер жайлы арнайы тоқтап өтсек. “Қосбасар” күйлері - күйшілердің репертуарындағы кең тараған, әуені кейде мұңды, кейде ширақ күй тармақтарының бірі. “Қосбасар” атауы көбіне күйдің құрылымындағы қайталанатын қосарлы бас буынға байланысты түсіндіріледі. Аймақтық мектептерде “Қосбасардың” бірнеше нұсқалары қалыптасқан. Атап айтсақ, Арқа, Созақ, Жетісу өңірлерінде әрқайсысы өзіне тән орындаушылық мәнерге ие. Тіпті, соңғы зерттеулер бойынша Арал өңіріндегі философ күйші Қазанғап Тілепбергенұлынде “Қосбасар” атты күй болған деседі. Осылайша, “Қосбасар” күйлері қазақ күй өнеріндегі орындаушылық мектептердің байлығын айқын көрсететін ортақ мұра, жеке жанр деп саналады.

Осы күнде академиялық ортада отызға жуық Тәттімбеттің күйі бар дейді. Біз оның барлығын бұл мақаламызда жазып, тізіп шығуды мұрат санамадық. Жоғарыда жазылған күйлер - күйшінің шығармашылығындағы шоқтығы биік шығармалар болғаннан соң ғана ерекше тоқтап өтуді жөн санадық. Әйтпесе “Алшағыр” (Алшағыр-Шаған), “Молқара”, “Секіртпе”, “Былқылдақ” сынды бірқатар күйлер де бар.  

Енді Тәттімбет күйлерін орындаушылары жайлы бірер сөз. Ғылымда әуелі күйшінің інісі Жақсымбет, балалары Исатай, Мұсатай және Қысатайдың есімі аталады. Шайқы, Кәбіш, Өзбек есімді немере-шөберелерінің есім-сойы да белгілі. Сонымен қатар, Әбікен Хасенов, Жүнісбай Стамбайұлы, Ахмет Исағұлұлы, Бағаналы Саятөлеков сынды өнер иелері күйші Тәттімбеттің туындыларын біздің заманымызға жетуіне бірден бір үлес қосты.

Тәттімбет Қазанғапұлы - қазақтың шертпе күй дәстүрін терең философиялық мазмұнмен байытып, жаңа деңгейге көтерген бірегей тұлға. Оның күйлері халықтың тарихын, дүниетанымын, жан сырын бейнелейтін рухани айна іспетті. Кеңес кезеңінде әлеуметтік тегі мен кейбір шығармаларының мәні бұрмаланғанымен, халық жадындағы бейнесі мен мұрасы ұрпақтан ұрпаққа аман жетті. Тәттімбет шығармашылығын дәуірінің әлеуметтік, мәдени, рухани контексінде қарастыру арқылы қазақ күй өнерінің тұтас бір кезеңін терең түсінуге болады. Оның күйлері уақыт озған сайын жаңғырып, тыңдаушыға жаңа ой мен сезім сыйлайтын ұлы өнердің үлгісі деп білеміз.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 21:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see117

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see112

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see106

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see105

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see102

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see101

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see101

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see100

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see100

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see99

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see98

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

06 Шілде 2026 11:45see97

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see97

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see96

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

06 Шілде 2026 18:43see96

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see95

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see95

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see94

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

05 Шілде 2026 13:27see94

Суға түсу мен демалыста абай болыңыз: ТЖМ маңызды ескерту жариялады

06 Шілде 2026 17:09see92
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары