Күршімдіктер мәселесі шешімін тапты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ауыл тұрғыны Жаңыл Тырнақпаева көпқабатты үйлердің аулаларындағы қоқыс контейнерлерінің жағдайына қатысты өтініш білдірді. Оның айтуынша, ескі контейнерлер әбден тозып, тұрғындарға қолайсыздық туғызған. Бұл мәселе бұған дейін де көтерілгенімен, ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған.
Партия өкілдері тұрғынның өтінішін бақылауға алғаннан кейін көтерілген мәселе шешіліп, ауылдағы көпқабатты үйлердің аулаларында тұрған ескі қоқыс контейнерлері жаңасына ауыстырылды.
– Бұл мәселе біз үшін өте маңызды еді. Ескі контейнерлер тұрғындарға қолайсыздық туғызып келген болатын. Қоғамдық қабылдауда көтерген өтінішіміздің назарға алынып, қысқа уақытта шешімін тапқанына қуаныштымыз. Тұрғындардың мәселесіне бейжай қарамай, нақты көмек көрсеткен партия өкілдеріне алғысымды білдіремін, – деді ауыл тұрғыны Жаңыл Тырнақпаева.
Жаңа контейнерлердің орнатылуы аулалардың тазалығын сақтауға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдаулары өңірлерде жалғаса береді. Мұнда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін тікелей айтып, оларды шешуге қатысты тиісті қолдау ала алады.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:156
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 03:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















