Лайк үшін заң бұзбаңыз: Талдықорғанда қауіпті видео авторлары жауапқа тартылды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласының 19 жастағы тұрғынының автокөлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көліктің терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған бейнероликті анықтады.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтады. Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция әлеуметтік желідегі танымалдылыққа ұмтылу заң талаптарын бұзуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауға тиіс екенін еске салады.
Мұндай әрекеттер қатысушылардың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ заң талаптарын бұлжытпай сақтауды, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметті нығайтуды көздейтін "Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде тұрақты түрде жүргізілуде.
Полиция жастарды, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Айналаңызға үлгі болудың ең дұрыс жолы – лайк пен қаралым үшін қауіпті әрекет жасау емес, заңды құрметтеу, қоғамға және табиғатқа жанашырлық таныту.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:15
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 14:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















