Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Мағира Қожахметова, жазушы: Ашылмай қалған көмбемін

Мағира Қожахметова, жазушы: Ашылмай қалған көмбемін

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Одан бөлек, ағартушылық-танымдық бағытта, балалар тәрбиесіне арналған журналдарды жарыққа шығарып, қолтаңбасын қалыптастырған қазақ журналистикасындағы қаламгер қыздардың бірегейі. Бүгін Мағира Қожахметова 80 жасқа толып отыр. Мерейлі күнінде жазушымен  сұхбаттасқан едік. Әңгіме барысында ол өзінің қаламгерлік жолын, қазақ баспасөзіндегі әйел журналистердің орны мен уақыт сынынан өткен шығармашылық тәжірибесі жөнінде айтып берді.

– Мағира апай, журналистік жолдан жазушылық жолға дейін біраз белесті өткер­діңіз. Сіз журналистиканы таңдаған уақыт атақты Тауман Амандосовтың «қыздан жур­н­алист шықпайды» дейтін кезеңі емес пе? Ол заманда бұл мамандыққа келу оңай болмаған секілді. Сізді қызықтырған дүние не болды?

  – Ең ғажабы – іздеп барғанымда, бетімді қайтармай журналистикаға әкелген Тауман ағаның өзі және алғашқы мақала­ларымның бірін кітабында талдағаны есім­де. Кейінгі студенттеріне жазғандарымды мақтап, жиі айтады екен. Бұл салаға келуім мүлдем өзгеше. Оқуға түскенше басқалар сияқты еш жерге жарияланған емеспін.

Қызықтырған дүниенің бастауы балалық арманда болса керек. Тілші болуды көздейтін қатарластарым тәрізді хабар-ошар, ой-пікірлерімді басылымдарда емес, күнделіктерімде ғана бөліседі екенмін. 17 жасымда «Эх, арман! Өмірде өзімді бақытты санар едім-ау, шіркін, КазГУ-дің филфагінде не журфакультетінде оқып жүрсем!» деп, ал студент кезімде «Қазақстан әйелдері» журналының редакциясына бір сөзжұмбақ апарып бердім. Редакция қызметкері Мағпар Бошаев деген сөзуар, бірақ ақжарқын кісі екен. Жаңа жылғы санына баспақ болды. Өзіме 20 шақты сөзжұмбақ беріп: «Қарағым, үйіңе апарып жарайтынын, жарамсызын бөлектеп, өз пікіріңді айтарсың», – деді. Мен үшін  бәрі жаңалық, әр адамның хаты қызық, сондықтан қызыға отырып, бәрін қарап шықтым, жарамдысын бөліп алып, редакцияға барша сөзжұмбақ­тарды апарып бердім.

Күнделік беттеріндегі осындай толып жатқан мәлімет, ақпараттарға қарағанда, жастайымнан айналаға сергектікпен, қызығушылықпен қарасам керек. Қалам­герлікке алып келген де осы шығар.

– Сіздің қатарластарыңыз кіл «сен тұр, мен атайын» дейтін мықтылар ғой. Сейтқазы Досымов, Қаржаубай Омарұлы, Қажытай Ілиясов, Сара Ләтиева, Жарасқан Әбдіраш, Шәрбану Бейсенова... Тізе берсеңіз, тізім жалғаса берері сөзсіз. Мықтылардың жанында мықты болмау да мүмкін емес секілді. Сіз қалай шынықтыңыз?

– Бұлардың бәрі – менің курстастарым. Оқушы, студент кезінен атағы дүрілдеп танылған. Менен бірдеңе шығады деп, ешқайсысы күткен емес. «Диплом алу үшін екінші курсқа әкеп отырғызған әлдебір мық­тының туысы деп ойладық. Орысша сөйлейсің, ешкіммен араласпайсың» дейтін Қажытай ағамыз бертінде. Әсіресе, Сейтқазы Досымов, Ырым Кененбаев, Құрманғазы Мұстафин, Мұрат Күлімбетов, Жарасқан Әбдіраш «Лениншіл жастың» қызметкерлері. Бір курстан осынша студенттің штатқа ілінуі – таңғаларлық сирек жайт. Бұлардың шаңына да ілеспейтін мені кім қалай қа­был­дар екен деген күдік ұялаған емес. Өйткені іштей сенімді едім түріме қарамай.

14-17 жасымда Көкшетау кітапхана техникумы бағдарламасының жан-жақты, кәсіби қатал талабы шыңдағандықтан ба, университет қабырғасында кей пән­дердің үстірт өтіп, уақыттың босқа кет­етіні қынжылтатын. Бірақ кино, театр­лардағы премьералар, атақты тұлғалармен сырласу кештері қандай еді, шіркін!

Мықтылармен оқып, соңдарынан  қатарларына қосылғанымда, бірден қайнаған қара жұмысқа күмп бердім. Хат қорыту, өңдеу, баспаханадағы кезекшілік, т.б. Алғашқы бөлім бастығым Рәшит Рахымбековтің көп көмегі тиді. Жазған, сызған дүниелерім летучкаларда бірде сыналып, бірде мақталып, қазақтың игі жақсыларының арқасында шынығып, адам болдық қой.

– «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас Алашқа») қалай келдіңіз? Онда универ­ситетті бітірген жас маманды көбіне елге, аймақ­тарға жіберетін үрдіс бар секілді еді.

 – Иә, мені де арнайы жолдамамен, тиісті қаржысын беріп, Көкшетау облыс­тық радиосына жіберген. Алдында тә­жірибеден өттім ғой деймін. Сонда Чкалов ауданы «Коммуна жұлдызы» колхозының комбайншысы, Социалистік Еңбек Ері Әутен Қуандықов жайлы очеркімнің осы радиодан тебіреніспен оқылғаны әлі есімде. Ішінде сол ауылда өртенген комбайнер туысына қатысты қайғылы оқиғаны келтіргенмін. Газетке ұсынғанымда бөлімдегілер «Мынадан кейін кім комбайнер болғысы келеді, тым ащы екен, саясатқа қарсы...» деді. Көркем әңгімедей жазылған еді, әттең қолжазбасы сақталмапты. Радио басшы­лы­ғының жұмысқа қабылдамағанына қуандым. Орын жоқ деген анықтаманы кейін университетке тапсырдым, әйтпесе ақшасын қайтару керек. Күзде Алматыға кетемін деген үмітім зор.

Университетті бітіргенде, тәжірибеден өткен аудандық, облыстық газет, радио тапсырмаларына орай  дайындаған ұсақ-түйектен өзге түк жоқ-ты. Соған қара­мас­тан, диплом алысымен бас ред­ак­тор Шер­хан Мұртазаның қабыл­дауына кіріп, мән-жайды түсіндірдім: ауылға барып, жаз айларында газетке материалдар жібер­емін деп.  Екі ай осы жақтан хабар, репор­таж­дар жазып, редакцияға жолдаймын. Сөйтіп, сынақ мерзіммен штатқа іліндім. «Не деген батылдық. Басқалар жылдар бойы құлаш-құлаш очерк, т.б. жазып, әрең кіргенде, жарық көрген ештеңең жоқтығына қарамай «мені қызметке алыңыз» деп қалай айттың?», – деп Жақау Дәуренбеков қайран қалатын. 

– Сіз тілші болып, «Лениншіл жасқа» келген уақытта Орағаңның жұмыс істейтін тұсы ма еді? Сіз қай бөлімге қабылдандыңыз?

 – Сол кезде Оралхан әдебиет пен мәдениет бөлімін басқарды. Қаламынан шыққан әр дүние қалың оқырманның назарында. Мені насихат бөліміне қабылдады. Хаттар бойынша сапарға шығып, жазықсыз сотталған, жапа шеккендерді қорғадық, лениндік есеп, комсомол конференцияларын қамтыдық. Соның арасында «Аққу» эстетикалық клубына ән-күй тақырыптарына эсселер жариялап, Оралхан Бөкей өнер адамдары жайлы жазуға тапсырма беретін.

– Көпен Әмірбектің сіз туралы «Мағира – ашылмай қалған алтын көмбе» дегені бар екен. Мағира әлемінің оқырман біле бермейтін құпиясы қандай?

 – Басылым беттерінде жарияланған дүниелерімді оқыған сайын Көпен  мақ­тауымды асырып хабарласатын. Үндес пікірді жақында Жадыра Шамұратова айтыпты: «...Ал негізі осындай адамдар ұлттың ішкі имму­нитеті. Олардың ойы, көзқарасы жедел нәтиже бермейді, бірақ ұрпақтың ойлау қабілетін қалыптастырады, рухани бағдар береді. Егер қоғамда Мағира Қожахметова сияқты жандар болмаса, біз ақпаратты тұты­натын, бірақ мағынаны сезбейтін ортаға айналар едік. Демек, мәселе бізде. Біздің бағалау параметрімізде:  біз қазір тереңдікті тез әсермен, адамның орнын, еңбегін атағымен өлшейтін болдық. Сол өлшем өзгермейінше, осындай адамдар әрқашан тасада қала береді ау...». Абыройымды көтеріп, сонау бір жылдары «Балбұлақ» балалар журналының тігіндісін мұқият қарап шығып, Жомарт Әбдіхалықовтың «Бір институттың атқаратын жүгін арқалап алыпсың ғой, неткен ерен еңбек» деп баға­лағаны, Ақселеу Сейдімбек, Рымғали Нұр­ғалиевтің кездескен сайын мерейімді өсіре мейірімділік танытатыны жаныма жалау еді.

Рас, күні бүгінге дейін ашылмай қалған көмбемін. Оқырманға жетпеген талай жеке жобаларым бар. «Балаларға арналған текшелер (кубик), Қуыршақтарды киіндіру ойын жинақтары (суретші, ұстаз Айгүл Хакім­жановамен бірігіп жасаған) қолдау таппады. Оқырман біле бермейтін құпияның біразы соңғы үш жыл бойы Архив құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасы тізімге енгізбей сызып тастаған «Беу, шіркін дүние-ай», «Өмір – өрлеу өткелі», «Біздің алтын дәуіріміз» атты қолжазбаларымда, сахналан­баған драмаларымда, жүйеленбеген «Түс – саяхаттарымда», дайындап үлгермеген балалар хрестоматиясында... Құдай-ау, бұларды жұлмаламай, көптомдық етіп шығарса ғой деп енді ойлап отырмын.

– Мәриям Хакімжанованың екінші әлемі сіз арқылы жалғасқанын да жақсы білеміз. Мәриям апаға жақын қылған не сиқыр?

– Өте жақын араластық. Шаршап- шалдыққанымда арқамды сипатып ала­тынмын. «Ел қамын ойлаған Едігем, бір жапырағым, менен тууың керек еді ғой» дейтін. Бір-бірімізге анасы мен қызындай қарадық. Үш томдығын дайындау барысында «Несіне жүгіресіз, партия мен Ленинді жырлай берген...» дегенді де естігенмін. Және бұл тақырыптағы өлеңдерін де қостық жинаққа. Уақыт – әміршінің кей-кейдегі жезөкшелікке тән талабынан айналып өту, мұндай құрыққа ілінбеу мүмкін бе еді? Тіпті қазір де, кейін де осы айтылған сипат­тың құрбаны бол­май­тынға кім кепіл. Мәриям апамның тағ­дырынан тұтастай бір ғасырдың жаманды, жақсылы шынайы мазмұнымен танысуға болады. Бүкіл мұрасын жинақтап, жарыққа шығарсам деймін. 

– Сара Ләтиева, Шәрбану Бейсенова, сіз... Қазақ қыздарының арасында сіздің қатарластарыңыздан қалам ұстаған тағы кімдер болды?

– Үміт Тоқмағанбетова деген талантты жазушы қыз, өкінішке қарай қыршынынан қиылды. Алма Қыраубаевамен қатар оқыған. Бізден бір курс жоғары оқыған Орынкүл Тәжиева, Кәмила Құдабаевалардың прозадағы еңбектері өз алдына. Алтын Шаймұханбетова тәп-тәуір бастап еді, кейін дертке шалдығып, көрінбей кетті. Орынтай Молдахметова да жастай қайтыс болды. Өнер тақырыбын еңіретіп жазатын Райхан Сейітова неліктен көрінбейді деп қоямын. Талай әңгімесі жарияланған жап-жас Алмагүл Бердібекованың қайда екені белгісіз. Аягүл Мантай мен Әмина Құрман­ғалиқызының өмірден өтуі руханиятымызға қатты соққы болды.

Шүкір, атақ-даңқы аспандаған Роза Мұқанова мен Сәуле Досжан, Бибігүл Иманғазина, Зейнеп Ахметова, Айгүл Кемелбаева, Үміт Жәлеке, Мадина Омар, Камал Әлпейісова, Заря Жұманова, Үміт Битенова, Жанар Әбдішева, Мира Шүйін­шәлиева, Ділдәр Мамырбаева, Жадыра Шамұратова, Маркиза Базарбай, Айгүл Асылбекова, Гүлзат Шойбекова, Таңсұлу Алдабергенқызы, Қалампыр Кенжеғали­қызы, Самал Шаймерденова, Сағадат Ордашева, Гүлзейнеп Сәдірқызы, Айзат Рақыш есімдері әрдайым ел назарында.

– Көзі тірісінде қазақ өнерінің талай марғасқаларынан сұхбат алдыңыз. Талай ірі тұлғалардың сөзін жазып, қағазға түсірдіңіз. Жаза алмай қалған, жазылса да елеусіз қал­ған жандар болды ма?

 –  Әлкей Марғұлан, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов сынды тұлғалармен сырлас­қанда, айтқандарының бәрі тасқа басылған жоқ. Тіпті қайсыбір жазып алған қағаз­дарымды таппай да жүрмін. Белгілі этнограф ғалым, жазушы Сейіт Кенжеах­метұлының балалық шағында көрген қиын­дығын, басқа да ой-пікірлерін жазып алып едім, сол күйі шығарып үлгермедік. Ғазиза Жұбанованың әкесі Ахмет Жұбанов, Серік Әбдірайымовтың Ермек Серкебаев туралы кітап жаз дегендеріне келіспегеніме қатты өкінемін. Әсіресе, Ғазиза апамызбен жақын араласып, бүкіл материалды ұсынғанда, қалайша мән бермегенімді әлі түсінбеймін. Нығмет Нұрмақовтың жары Зүфнүн апамыздың айдауда өткізген жы­лдарынан шерткен сыры да жазылмады. Дана­бике Байқа­дамовамен жақын араласып, атақты заман­дастары туралы небір құпия сырларын тыңдадым. Елеусіз қалған жанның бірі осы кісі. Өзімен қатарлас кәсіби журналист, ақын, жазушыдан еш кем түспейтін, қаламы жүйрік еді. Жаз­ғанының бәрін мұқият сақтап, архивке тапсырған.

– Көзін көрген, бірге жүрген қатар­ластарыңыздың көбі қазір жоқ. Арасында сағына еске алатын, қазір ұмытылып кетті дейтін кімдер бар? Кімнің шығармаларын жоғары қояр едіңіз?

– Қатарластарымнан, курстастарымнан айырылудың өкінішін айтып жеткізе алмай­мын. Тым ерте кеткен Сейсен Мұх­тарұлын Қаржаубай Омаров қатты жоқ­тайтын. Сағат Әшімбаев оттай жанып өте шықты. Ризабек Адуов (партияның Орталық комитетінде нұсқаушы болғанда, маған қатысты арыздарды тексеріп, «саған қалай айтарымды білмей отырмын» деп, қатты қысылатын), Бекділдә Алдамжаров («Көз­құрты көрінгеннің боп жүргенше, несіне жігіт болып жаралмадың?» деп налитын), Сәлім Меңдібаев, Ақкөл Отарбаев, Қажытай Ілиясов («Серідей бір ауылды бағар еді-ау, Бүркіт салып кетуге тумысы қыз!» деп тамсанған), Ырым Кененбаев, Құрманғазы Мұстафин, Сүлеймен Тоқ­санбаев, Мұрат Күлімбетов («Мағира болсаң рас мен білетін, Біткенше демің мәңгі қозғаласың»,– деп жігерлендірген), Жақау Дәуренбеков («Жаһанның жасқануды білмейтін, жұмбақ мінезді, жанкешті жал­ғыз жолаушысы», – деп сәттілік тілеген), Орысбай Әбділдаев («Ғажап, ғажап мінезі таңғалатын. Өзі өшіріп  жүреді  жанған  отын», – деп таңғалатын), Қуанышбай Құрманғалиев, Жанат Ахмади («Баршамыз­дың қамымызды Мағира ойлағанмен, бiз тоқсанымыз жиылып оның қамын ойлай алмаймыз», – деп мойындаған), Теңізбай Рахымжанов, Алашыбай Есмағамбетов, Съез Бәсібеков, Берік Шаханов, Әлімжан Әлімбеков, Эрнест Төреханов, Төлен Қаупынбаев, Төлеген Қажыбай («Мағира әңгімелеріне тән қасиет автордың дәл басып тәптішті түйіндеуден гөрі оқиға шешімін оқырманның өзіне қалдыруға ұмтылысы», – деп алғашқы кітабыма рецензия жазған), Әміртай Бөриев, Тұрарбек Бұршақбаев, жасы бізден кіші Дәуітәлі Стамбеков («Жағажайда ғажайып тыныс­пенен, Біздер менен кәуап жеп, Сыра ішкен ең», – деп өлең арнаған), Ерғали Са­ға­тов, Шәкизада Құттаяқов («Сіз журналистиканың пайғамбарысыз» деп шошытқан бірде), Қалыбек Атжан және басқаларымен бүкіл қадір-қасиетім бірге кеткендей. Өзімді жұбату үшін кейбірінің арнаған өлең, ой, пікір, мақалаларын қараймын кейде.

Шығармаларын жоғары бағалайтын Қаржаубай Омаров, Сағат Әшімбаев, Құрманғазы Мұстафин, Жанат Ахмади, Жақау Дәуренбеков, Қажытай Ілиясов туралы жазылған мақалаларым бар.

– Қазір журналистикада жүрген қыздар көп. Қалам ұстаған қыздардың бәрін бақылап жүресіз бе?

 – Журналистикада қыздардың көп болуы – қалыпты әрі жақсы құбылыс. Ақ­парат кеңістігі ұлғайды, платформалар көбейді, әркімнің өз дауысы бар. Журнал­истика кеңістігінде жұлдыздай жарқыраған Гүлзира Серғазы, Күлпара Жұмағали, Алма Үмбеттегі, Ұлбосын Айтөлен, Қалампыр Кенжеғалиқызы, Қымбат Әбілдәқызы, Гүлмәрия Барманбекова, Жанар Оразымбет, Айжан Табаракқызы, Жадыра Шамұратова, Жұлдыз Тойбек, Жидегүл Әбдіжәділқызы, Бағдагүл Балаубаева, Роза Қараева, Светлана Ким, Қарагөз Серікқызы, өзің – Гүлзина,  менің қаламгерлік келбетімді аспандата әр жылдары қалың оқырманмен қауыштыр­дыңдар. Міне, қазір де  қанша тұлғаларды еске алып, ой тасқынына себеп боп отырсың. Қарагөз екеуіңді кейде әлденедей идея, ұсыныс, тіпті хабар-ошар ұсынып мазалай­тыным бар еді. Әрқайсыңның өз ұстанымың, жауапкершілік, жазу тәсілдерің бар. Бәрің де қоғамның рухани-мәдени құндылық­тарына үңіліп, оқырман талғамын қалып­тастыруға ықпал етудесіңдер. Беделдерің зор.

Студент қыздар жиі іздеп, 25 жылдан  бері шығарып келе жатқан «Балбұлақ», «Дертке дауа»  басылымдары редакциясында тәжірибеден өтеді. Диплом жұмыстарына да арқау етуде. Яғни, қалам ұстаған қыздар мені де бақылап, өзара тиімді шығарма­шылық байланыстамыз. 

– Балалар журналын, яғни «Балбұлақты» шығарып келесіз. Журнал оқитын бала бар ма?

– Журналды оқушылардың өзіне жаса­туға тырысамын, редколлегия мүшесі де ұзақ жылдар өздері болды. Арасында Мөлдір Нұржанова, Нұрлан Құмар, Серікбай Серікбол, Айдар Қырықбай, Айдана Шалқар, Назым Сапарова, Альбина Сайлаубай сияқты бірқатар журналист бар. Кезінде әрқайсысы жеке айдарлар жүргізіп, түрлі тақырыпты меңгерді. Оқу­шылар жазған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ойлап тапқан фокус, ойыншық, салған сурет, т.б. хрестоматия құрастырып, балалар бақшасы, бастауыш сыныптарға айналымға енгізсем бе дегенмін. Бұл да – жүзеге аспаған көп идеяларымның бірі.

Өкінішке қарай жыл өткен сайын тара­лым азайып құлдырауда. Журнал оқуға баланы қызықтыра алмағанымды мойын­даймын. Тіпті не істерімді білмеймін. Есіл еңбек өзіммен кететіні, менен кейін жур­нал­ым мен газетімді ешкімнің шығармай­тынын білемін. Сегіз жасында «Апа, осы  жұмысыңның пайдасы қандай, табыс әкелетін бірдеңемен айналысу керек қой» деген Мәдиім  қазір жиырма жастан асты. Жанкешті еңбегіме мүсіркей қарап, Алмагүл екеуінің «Балбұлақ» журналы мен «Дертке дауа» газетінің бүкіл шаруасын тындырып, көмектескеніне қуанамын.

 – Төменге қарағанда нені көресіз? Қалам ұстағаныңызға, журналистиканы таңда­ғаныңызға өкінген кезіңіз болды ма?

– Төменге асқар шыңды бағындырған мықтылар ғана қарайды. Өзім есімді біл­геннен күні бүгінге дейін төменде мық­шыңдап келемін. Қиянат жасамадым, қарыз алмадым. Алға ұмтылдым, құладым, қайта тұрдым. Сатқындық, жауыздық, опасыздық жасағандарды әшкерелеп, кек сақтамадым. Көмек сұрағанға қол создым, дертін емдедім, қатарға қостым. Жанымды жаралағандарға ауруға шалдыққан, мүгедек деп қарадым. Бұл – сәл де болса өмір сүруімді жеңілдетті.

Қалам – қаруым, тірегім. Журналистика – тынысым, тағдырым. Соның арқасында қоршаған әлем маған құшағын айқара ашты, тылсым сырымен бөлісті, адамның өмірлік тәжірибесіне үңілдірді. Жазудың қара шаруасынан көз ашпай әлі келемін.

Он жыл бұрын қайран Дулат Исабеков: «Жалғыз сені көрдім 70-ке толдым деп қайта-қайта айғайлап жүрген, сен қызға не көрінген, айтушы болма жасыңды» деп ескерткен-ді. 80 жас үрей туғыза ма, қалай өзі...

– Ұзақ жасаңыз, Мағира апа! Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан 

Гүлзина БЕКТАС

Суретті түсірген Қарлығаш НҰРЖАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 05:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары