Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Махаббат, қызық мол жылдардағы Майра

Махаббат, қызық мол жылдардағы Майра

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Сонда Майра Абаева (шын фамилиясы Ыбыраева) деп кітапта аты тура, фамилиясы (тегі) жанама берілген. Неге дейсің ғой? Ұлттың ұлы ақыны Абайдың шын есімі Ибраһим (яғни қазақша үндестікте Ыбырайым). Енді алып қарасаң былай: бақталас жауы, кейін кеңдік пейілін білдірген досы Оразбай «Құнанбайдың Ыбырайы» деп оны кіжіне, табалай атап кететін тұстары Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан айқын аңғарылады. Әз-ағаң анық соны ескерген де, Майра әпкеміздің фамилиясын романда осылайша берген.

«Енді сол Майраны қашан әрі қайда көрдіңіз?» деген сұрағыңа жауап берейін.

Әкеміз Бектенбай Қойшыманұлы – Майра мен Уәтайдың жан жолдасы, дос-жарандарының бірі. Олармен танысуымыз 70-жылдардың ортасында басталды. Жамбылда (Тараз) тұрғандарында әкеммен қонаққа бірге барғанмын. Жас кездегідей жайнаған Майра әпкеміз болмаса да, ішкі мінезі көрікті, болмысы берік, көңілі жүйрік, өзі сөзуар жан еді. Педучилищеде сабақ беріп жүрген кездері. Жан жары сұрапыл соғысты бастан кешіріп, елге келген. Бертінгі уақытта аудандық кинофикация бастығы болатын. Жас шақтарындағы әсем әңгімелерінің майын тамыза, тарқата айтады.

Жарым Фатиманың әке-шешесі – қайын атам Әбіт пен Оңласын енем де Майраның үй-ішімен араласып тұрған.

Майраның бейнесі бар мына бір сурет артындағы жазуға қарасаң, шағын бір сыр тартар сөздері былайша:  «2. Джамбул. 1964 г. Х Памха т к Асилов» (бұл жазулар және фамилия асты көк қалам сиясымен жазылған да сызылған). Суретте Оңласын енем сол жақта.

Жеке мұрағатымда сақталып тұрған осы суреттің оң жағындағы Майра әпкеміз бойжеткен қыздай құлпырып, күлімдей жайнап кеткені керім.

Көздері кеткенменен, артында қалған үбірлі-шүбірлі бала-шағасымен әлі де болсын араласып келеміз.

Енді осы естелікті аяқтау мақсатында кезінде әйгілі ҚазМУ-да курстас болған Әз-ағамыз бен Майра әпкеміз арасындағы достық қарым-қатынастың мына бір белгісін аңғарып көрейікші:

«Майрамен кітап шыққаннан кейін тағы бір кездестім. Сол жолы: «Мынау Майра деп отырғаны мен шығармын деп, көңілім тасып, аяқ басысым  шапшаңдап, қыз күніме жетпесем де, келіншек күйімдегідей халге келдім. Бес балам ержетіп, өз алдына отау болғанда солардың үйлерінің бірінші жасауы – мүлкі болсын деп бесеуіне арнап бес кітап сатып алдым.  Алтыншысы мына Уәкең екеуміздікі.  Осыларға автограф жазып бер», деп  Майра алты кітапты алдыма жайып тастады.

– Осы Майраның шын сөзі, шын сезімі, – деп жолдасы басын изеді.

– Кітабым жастардың жасауына жараса, неге автограф бермейін, – деп, мен оның біріншісіне мынадай сөздер жазып, қолымды қойдым: «Бұл кітапты осы романдағы тікелей өз атымен атаған кейіп­керім, соғыстан кейінгі ауыр жылдарда университеттің азынаған аудиториясында аш отырып, бірге лекциялар тыңдаған ескі досым, қазіргі педагог, асыл ана Майра Ыбыраева мен оның жан жары, абзал азамат Уәкеңе шын жүректен сыйладым.

1 декабрь 1970 ж.

Жамбыл қаласы».

(«Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы қалай жазылды? (Оқырмандарға жауап) Ә.Нұршайықов. Таңдамалы шығармаларының он томдығы. Бірінші том. Алматы, «Қазығұрт», 2005, 347–348-беттер).

Бекжан БЕКТЕНБАЙ

Жамбыл облысы,

Т.Рысқұлов ауданы,

Құлан ауылы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары