Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Май деңгейі төмен болса, қозғалтқышқа не болады маман түсіндірді

Май деңгейі төмен болса, қозғалтқышқа не болады маман түсіндірді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мотор майы деңгейінің төмен болуы қозғалтқыштың елеулі зақымдануына әкелуі мүмкін, әсіресе майлау материалының аса тапшылығына қарамастан қозғалысты жалғастыра берген жағдайда. Сонымен қатар, деңгейдің аздап төмендеуі қозғалтқыштың міндетті түрде апаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын білдірмейді.

Май жетіспеген кезде қозғалтқышта не болатынын және қандай жағдайда автокөлікті дереу тоқтату керек екенін Tengri Auto-ға май ауыстыру пунктінің иесі Еркебұлан Сағиев айтып берді.

Май тапшылығы қашан қауіпті болады?

Маманның айтуынша, өлшегіш таяқшадағы (щуп) майдың минималды және максималды деңгейлерінің арасы әдетте бір литрге жуық болады. Қозғалтқыш минималды деңгейде жұмыс істей алады, бірақ бұл кезде оған жоғары күш түсірмеген жөн.

Қазіргі заманғы көліктерде май деңгейін электронды датчиктер бақылай алады. Ол айтарлықтай төмендеген кезде автокөлік май құю қажеттілігі туралы ескерту шығарады.

Мотор майы. Фото: depositphotos.com

Электрондық бақылау жүйесі жоқ көліктерде май деңгейін мезгіл-мезгіл өз бетінше тексеріп тұру қажет.

Май сәл жетіспеген жағдайда жүргізуші автокөлік жұмысындағы өзгерістерді мүлдем байқамауы мүмкін. Алайда деңгей одан ары төмендегенде, қозғалтқыш май тапшылығын сезіне бастайды.

"Егер деңгей екі, үш немесе төрт литрге түсіп кетсе, мотор өте қатты және жылдам зақымдалуы мүмкін, бұл ретте салдары ауыр болады", - деп атап өтті Еркебұлан Сағиев.

Қызыл майшам жанып кетсе не істеу керек?

Май қысымының қызыл индикаторына ерекше назар аудару керек. Егер ол қозғалыс кезінде жанып кетсе, ары қарай жүруге үзілді-кесілді тыйым салынады.

Аспаптар панеліндегі хабарлама. Фото: depositphotos.com

Маманның сөзінше, мұндай белгі май қысымындағы мәселені және қозғалтқыштың жеткіліксіз майлануын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, сервис орталығына эвакуатормен жеткізу қажет.

"Май қысымы шамымен "ойнауға" мүлдем кеңес бермеймін", - деді Сағиев.

Көлік қуаты төмендеуі мүмкін бе?

Май деңгейінің төмен болуы өздігінен көлік қуатының айтарлықтай төмендеуіне міндетті түрде әкелмейді. Кейбір заманауи көліктерде, егер электроника қозғалтқыш жұмысының қауіпті параметрлерін анықтаса, зақымданудың алдын алу үшін қуатты шектеуі мүмкін.

Бұл ретте жүргізуші мәселені бастапқы кезеңде сезбеуі мүмкін. Сондықтан тек көліктің жүрісіне ғана сеніп қалуға болмайды.

Жанармай шығыны артуы мүмкін бе?

Жанармай шығынына тек майдың мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның күйі мен тұтқырлығы да әсер етуі мүмкін.

Егер тұтқырлығы сәйкес келмейтін май құйылса немесе ол тым ұзақ уақыт ауыстырылмаса, май қоюланып кетуі мүмкін. Соның салдарынан қозғалтқыштың жұмысы ауырлап, бұл жанармай шығынына әсер етуі ықтимал.

Бакқа бензин құю. Фото: depositphotos.com

Сағиевтің айтуынша, май тұтқырлығының өзгеруі де жанармай шығынына әсер етуге қабілетті, алайда нақты нәтиже қозғалтқыш түріне және пайдалану жағдайларына байланысты болады.

Майды дұрыс таңдау неге маңызды?

Маман қозғалтқыш проблемалары тек майдың жетіспеушілігінен ғана туындамайтынын айтады. Кейбір жағдайларда бұған майдың өзін дұрыс таңдамау себеп болады.

Бір қозғалтқыш үшін өндіруші тұтқырлығы мен рұқсаттары әртүрлі майдың бірнеше нұсқасын қарастыруы мүмкін. Таңдау қозғалтқыш конструкциясына, оның күйіне және пайдалану жағдайларына да байланысты.

Мотор майы. Фото: depositphotos.com

Мысалы, көбіне қала ішіндегі қысқа қашықтықтарға арналған және қозғалтқышына жоғары күш түсетін көліктер май таңдауда әртүрлі тәсілді қажет етуі мүмкін.

"Моторлар майдың жетіспеушілігінен гөрі, оны дұрыс таңдамағаннан көбірек зардап шегеді", - деді Сағиев.

Бұл ретте, ең алдымен, автокөлік пен нақты қозғалтқыш өндірушісінің ұсыныстарына сүйену қажет.

Жүргізуші не істеуі керек?

Егер май деңгейі сәл төмендесе, оны өлшегіш таяқша немесе бақылау жүйесінің көрсеткіштері бойынша тексеріп, қажет болған жағдайда сәйкес келетін майды құю керек.

Егер қызыл майшам жанып кетсе, қозғалысты жалғастыруға болмайды. Қозғалтқышты өшіріп, эвакуатор шақыру қажет.

Май деңгейін жүйелі түрде тексеру әсіресе ескі көліктер үшін маңызды, өйткені қозғалтқыштың тозуына қарай май шығыны артуы мүмкін.

"Адамның жасы ұлғайған сайын, денсаулығына соғұрлым мұқият қарауы қажет. Автокөліктерде де жағдай дәл солай. Уақыт өте келе тозу процесі сөзсіз болады, сондықтан ескірген көліктерде майды жиірек ауыстыруды ұсынамыз", - деп түсіндірді маман.

Көлікке арналған әйнек тазалағыштар: айырмашылығы неде және қалай таңдаған дұрыс?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:40
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 09:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары