Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Макроэкономикалық тұрақтылық жауапкершілігі

Макроэкономикалық тұрақтылық жауапкершілігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президент тапсырмасынан кейін Олжас Бектенов басқаратын Үкімет шұғыл қадамдарға барды. Атап айтсақ, баға мен тарифтерге уақытша шектеу енгізіліп, ипотека мен автонесиелеу бағдарламалары қайта қарастырылды. Үкіметтің түсіндіруінше, бұл қадам­ның басты мақсаты – макроэкономика­лық тұрақтылықты сақтау мен халықтың әлеуметтік жүктемесін жеңілдету. Мемлекет басшысының макроэкономикалық тұрақтылықты қам­тамасыз ету әрі экономикалық рефор­малардың теріс салдарын барынша азайтуға қатысты тапсырмаларын орындау осылай жүзеге асырылмақ.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Қандай шешімдер қабылданды?

Бір ай бұрын көпшілік бензин бағасының қымбаттауына қатысты наразылық білдіре бастады. Енді Үкі­мет биылғы 16 қазаннан бас­тап жағдайды өзгертеміз деп уәде беріп отыр. Нақтырақ айтсақ, жанармай бағасын көтеруге тыйым салмақ. Мора­торий жарияланды. Инфляция бір қалыпқа келгенше ешкім бағаны шұғыл өсіре алмайды. Энергетика вице-ми­нистрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, бұл шешім Президенттің әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес қабылданған.

«Бүгіннен бастап АИ-92 мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілді. Біз үшін ең бастысы – халықтың тұрмыстық жағдайын жеңілдету. Энергетика министрлігі Бәсекелестік­ті қорғау агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп шешімнің нақты орындалуын қатаң бақылайды. Сондай-ақ электр энергиясы мен жылу тарифтерінің де негізсіз өсуіне жол берілмейді. Бұл бағыттағы жұмыс тек уақытша шара емес, ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тетігі», деді вице-министр.

Коммуналдық төлемдердің шарық­тап кеткені де ел есінде. 2023 жылы «тарифтерді көтеру – сапаны арт­тырудың жолы» деген уәжбен басталған науқан екі жыл бойы жалғасты. Бірақ нәтижесі халыққа оңай тиген жоқ. Енді Үкімет бұған нүкте қоймақшы. 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін коммуналдық тарифтерге де мораторий жарияланды. Бұл шешім электр, су, жылу, кәріз, газ – бәріне қатысты. Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың айтуынша, тарифтерді ұстап тұру – жүйелі реттеу саясатының бастауы.

Кәсіпкерлер үшін ең қиын дүние – есеп пен тексеру. Шағын бизнес иелері қағазбен алысып, инспектордан шаршаған еді. Енді бұл ауыртпалықтан арылмақ. 2026 жылдан бастап салық жүйесі «таза парақтан» басталады. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа кезеңде микро және шағын бизнеске бұрынғыдай қатаң бақылау болмайды.

«Біз бизнеске дем беруді мақсат етеміз. Президенттің тапсырмасына сәйкес, тексерулер мен камералдық бақылаулар тоқтатылады. Егер кәсіпкер негізгі қарызды өтесе, өсімпұл мен айыппұлдар кешіріледі. Сондай-ақ салық төлеушілерді оңайлатылған тәртіппен есептен шығару үдерісі енгі­зіледі. Бұл – адал жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тыныс береді. Экономика дамуы үшін ең алдымен бизнеске сенім қажет», деді министр.

Үкімет ипотека рәсімдеудің қиын­дағанына да назар аударыпты. Енді тұрғын үйге бөлінетін қаржы екі есе артады. «Наурыз» және «Наурыз-Жұ­мыскер» бағдарламаларына 500 млрд теңге бағытталады. «Әскери баспана» жобасы да қайта іске қосылады. «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимованың сөзінше, бұл шаралар тұрғын үйге қол­же­тімділікті арттырады.

«Бұдан былай пәтерлердің бағасы мемлекет бақылауында болады. Құрылыс компаниялары үш жылға дейін бағаны көтермеуге міндеттеледі. Ал әскери қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндік туып отыр: олар дайын пәтерді тікелей «Баспана маркет» арқылы сатып ала алады. Мұндай шаралар тұрғын үй нарығын тұрақтандырып, азаматтардың үмітін қайта жандырады», деді ол.

Үйлесім қажет

Экономист Андрей Чеботарев осы экономикалық саясаттағы бірнеше қайшылыққа назар аударды.

«Көпшілік салықтың көтерілуінен кейін баға өседі деп ойлады. Бірақ бизнес әрқашан алдын ала әрекет етеді. Салық әлі енгізілмей жатып, кәсіпкерлер соны ескеріп, бағаларды қымбаттатып үлгерді. Мұны Ұлттық экономика министрі де мойындаған. Көптеген компания салықтың жаңа мөлшерін жылдың басынан бастап-ақ есепке қосқан. Қазір кейбір шаралар жеңілдетілгенімен, бағалар кері түспейді. Ешкім бағаны қайта төмендетпейді», дейді қаржыгер.

Сарапшы мұны макро­эконо­мика­лық тұрғыдағы бірінші «ерекше» жағдай деп атады. Билік бір шешім қабылдап, кейін оны өзгерткенде на­рықта сенімсіздік пайда болады. Ал баға шарықтап кеткен соң оны кейін тоқтату немесе кері қайтару мүмкін емес. Екінші мәселе – Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы қайшылықта.

«Президент Жолдауда экономи­калық саясатты үйлестіріп, бірге жұмыс істеу керек деді. Бірақ іс жүзінде үйлесім жоқ. Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтереді. Ал келесі күні Үкімет жеңілдетілген ипотекалар таратып, нарыққа қайта ақша құяды. Бұл – газ пен тежегішті бір мезгілде басумен тең. Көлікті тоқтатқың келеді, бірақ екінші адам жанындағы педальмен газды басып отыр. Нәтижесінде, мотор қызып, жүйе күйіп кетуі мүмкін немесе транспорт мүлде басқарудан шығады», дейді А. Чеботараев.

«Таза парақтан» бастау – дұрыс қадам

Экономист Айбар Олжаев болса, баға мен тарифтерге енгізілген мораторий – уақытты ұзарта тұрудың амалы сияқты деп бағамдайды.

«Үкімет бұл шешімді инфляцияның күрт өсуінен қауіптенген соң қабыл­дағаны байқалады. Шын мәнінде, мемлекет нарық тетіктеріне араласпауы керек еді. Біз бұған дейін экономиканы ырықтандыру бағытында нақты жарлықтар дайындағанбыз, яғни нарық өзі реттелуге тиіс болатын. Бірақ қазіргі жағдайда бағаның бірден шарықтап кетуінен сақтану үшін осындай уақытша шаралар қолға алынды. Ал оның ұзақмерзімді тиімді әсері әзірге белгісіз», дейді ол.

Десе де, сарапшы салық жүйесіндегі өзгерістер өрге бастайды деген пікір айтты. Жаңа кодексті «таза парақтан» бастау – өте дұрыс шешім. Бұл бизнеске жаңа тыныс береді, бұрынғы қателіктер мен тексерулерді қайта-қайта маздата бермейді. Амнистия мен өсімпұлдарды есептен шығару да кәсіпкерлер үшін жақсы ынталандыру болмақ.

«Ал ипотека мәселесінде қайшы­лық бар. Бір жағынан, Үкімет қымбат­шылыққа қарсы күрес жүргізіп отыр, екінші жағынан арзан ипотеканы ұлғайту арқылы сұранысты қайта арттырып, бағаның өсуіне өзі түрткі болуы мүмкін. Бұл белгілі бір құрылыс компанияларының лоббиі секілді әсер қалдырады. Қазір керісінше, ипотекалық нарықты сәл «суыту» керек еді. Сонда ғана тұрғын үй бағасы төмендеу үрдісіне түсер еді. Авто­несие бағдарламасына келсек, бұл да қымбатшылыққа қарсы саясатпен үйлесе бермейтін шешім. Жеңілдетілген автонесие баға қысымына қарсы жұмыс істеудің орнына, кейде керісінше, сұранысты күшейтіп жіберуі мүмкін», дейді А.Олжаев.

Ең алдымен азаматтардың табысы артуға тиіс

Экономист Марат Абдурахмановтың пайымдауынша, тарифтерді тоқтата тұру коммуналдық шаруашылық жүйесіне әсер етпейді. Өйткені жүйенің өзі өзгермейді.

«Мысалы, ипотекалық бағдар­ламалар­дың қысқаруы экономикаға және тұрғын үйдің қолжетімді болуына әсер етпейді. Өйткені қазіргі жағдайда 20 пайыздан жоғары мөлшерлемемен берілетін ипотека көпшілікке арман. Ипотека алған адамдардың саны – шамамен 140 мың. Ал тұрғын үйге мұқтаж отбасы саны – 2 миллионға жуық. Салыстыруға да келмейді. Жалпы, Үкіметтің қабылдап жатқан шараларын қысқа да, ұзақ мерзімде де тиімді деуге болмайды, себебі жүйелі шешімдер жоқ. Егер еңбекақы, оның ішінде ең төменгі жалақы өспесе, онда мұндай шаралар тапсырманы жүзеге асыруға жеткізеді деп айту қиын. Себебі табыс көбеймесе азаматтардың әл-ауқаты да жақсармайды. Демек, халықтың материалдық жағдайы бәрібір өзгермейді. Экономика расында өсіп жатса, неге ең төменгі жалақы 155 доллар ғана, ал күнкөріс деңгейі 100 доллар болып тұр? Қаржы министрлігі салық түсімдері артқанын айтып жүр. Республикалық бюджетке 10 трлн теңге, жергілікті бюджеттерге 6 трлн теңгеден астам қаржы түскен. Келесі жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 15 және 9 трлн теңгеге жетуі керек. Бірақ бұл қағаздағы өсім халықтың тұрмысын жақсартпайды. Салық төлемейтін, жұмыс орнын ашпайтын инвесторлар елге еш пайда әкелмейді», дейді М.Абдурахманов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:265
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see134

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see103

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see103

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see103

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары