Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Лудомания: Заңның жауапкершілігі бәрімізге ортақ

Лудомания: Заңның жауапкершілігі бәрімізге ортақ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Лудоманияның себебі мен салдарын саралап, зардабын зерделейтін болсақ, оның бір ғана адамның басына түскен бақытсыздық емес екенін көреміз. Бұл – тұтас бір отбасының тағдырын талқандайтын, тіпті, бүтін бір әулеттің берекесін қашырып, ет жақындарының жүйкесін жұқартатын, қала берді ұлттың болашағына балта шабатын қоғамдағы қауіпті әлеуметтік дерт.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Сондықтан да елімізде ойын биз­несі мен құмар ойынға тәуелділікке қарсы бағыт­талған құқықтық құжаттың қабыл­дануы жай ғана заң шығарушы органның кезекті бір жаңалығы емес, бұл мемлекеттің өз халқы үшін жасаған жауапты да батыл таңдауы болды.

Кейінгі зерттеулерге сүйенсек, елімізде 350 мыңдай адам жүйелі түрде құмар ойын­дардың шырмауына түскен екен. Ал 36 мың адамға «лудомания» диагнозы қо­йылған. Бұл – тек ресми тіркелгені. Құмар ойынға телміргендердің 71 па­йыз­дан астамы жоғары білімді азаматтар екені жаға ұстатады. Осыдан-ақ қоғамды артқа сүйрейтін кеселдің қаупін бағамдай беріңіз.

Былтыр шілде айында Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемле­кеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регла­менттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Осы заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізілді.

Жасыратын несі бар, бұл заң екі жыл бойы қоғамның сүзгісінен өтіп, ең ұзақ талқыланды. Қоғамдық кеңестерде де, Парламент мінберін­де де талқыланды. Үкіметтің қоры­тын­дысын күтудің өзі бір жарым жылға созылды. Мұның өзі мәселенің қанша­лықты күрделі екенін көрсетті.

Жағдай шектен шығып бара жат­қандықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бірнеше мәрте көтеріп, лудоманияны XXI ғасырдағы ең қауіпті әлеуметтік кеселдің бірі деп атады. Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы құмар ойынға тәуелділіктің азаматтарды қарызға батырып, отбасын күйретіп, қылмыс пен суицидке итермелейтінін ашық айтты. Президенттің айтуынша, интернет дамыған сайын лудомания бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, нағыз әлеуметтік індетке айнала бастады.

Былтыр БАҚ саласы қызметкер­лерімен өткен кездесуде Президент лудоманиямен күрес бағытында дер кезінде шешім қабылдағанымызды атап өтті. «Интернет дамыған сайын лудомания проблемасы ушыға түсті және нағыз әлеуметтік індетке айнала бастады. Бұл ұлтымыздың болашағына қатер төндіреді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде мен осы қауіпті құбылыспен күресу үшін бірқатар пәрменді шаралар қабылдадым. Осы мәселе бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысы өтті. Менің тапсырмаммен Үкімет Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Сонымен қатар тиісті заң жобасын тез арада қабылдау жөнінде бұған дейін бірнеше рет айтқан едім», деген Мемлекет басшысы аталған Заңның күшіне енуі азаматтарымызды, ең алдымен, өскелең ұрпақты осы зиян­ды әлеуметтік дерттен сақтауға мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтты. Мәселеге бейжай қарамай, заң жобасын жедел әрі сапалы әзірлегені үшін Мәжіліс пен Сенат депутаттарына алғыс та айтқан-ды.

Ал биылғы тамыз конферен­ция­сының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Президент өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден қорғаудың мемлекеттік маңызы бар міндет екенін айрықша атап өтті. «Балалар өмірлік дағдының көбін мектепте меңгереді. Сондықтан мектеп өзара құрмет пен жанашырлыққа толы қоғамның үлгісі болуға тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің рөліне тоқталып, нашақорлық пен лудомания, буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты зиянды әдеттермен күресте педагогтердің айрықша жауапкершілігі бар екенін ескертті. Оның айтуынша, балаларды эмоциясын бақылауға, әр әрекеттің салдары болатынын түсінуге үйрету – ұлт қауіпсіздігімен тең мәселе.

«Жас ұрпақ арасындағы наркотизмге қарсы іс-қимылға бүкіл қоғам болып жұмылу керек. Бірақ ең бас­тысы, әртүрлі стимуляторлармен әуестену, тіпті ол зиянсыз болса да, түбі жарға жығатынын балалар мен жастарға түсіндіру қажет. Зиянды заттарды тұтыну немесе виртуалды ойындар арқылы шындықтан ажырап, қиялға ерік беру адамды айналасына жексұрын қылып, қоғамнан шеттетеді. Шын мәнінде, мұндай жандар өз болашағына балта шабады. Өзінің дарынын көрсетіп, биік мақсаттарға жете алмайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында.

Дегенмен құмар ойындар объек­тілері белгілі бір деңгейде индустрия, бизнес субъектісі ретінде де мемлекетке табыс әкеліп отырғандықтан, бұған әлемнің барлығына дерлік елдерін­де түбегейлі тыйым салынбаған. Санаулы ғана елдің тыйғаны болмаса, қалғандарында түрлі деңгейдегі шектеулер енгізілген. Алайда «Lancet Public Health» комиссиясының 2024 жылғы зерттеуіне зер салсақ, ғаламдық құмар ойындар индустриясының қаншалықты қауіпті деңгейге жет­кенін айқын көрсетеді. 2028 жылға қарай әлемде құмар ойын салдарынан тұтынушылардың таза шығы­ны 700 млрд долларға жетуі мүмкін. Онлайн-құмар ойындардың жылдам­дығы, үздіксіздігі және көз байлар маркетингі тәуелділікті күшейтетінін халықаралық сарапшылар ашық айтып отыр.

Бұл жаһандық «дауыл» елімізді қашықтан айналып өтіп жатпағаны анық. Смартфон арқылы тәулік бойы бәс тігу мүмкіндігі мыңдаған жастың тағдырын тәуекелге тігіп жатыр. Рас, осы кеселге дауа болар былтыр заң қабылданған. Алайда адамнан айла артылған ба, ойын бизнесінен ақша сауған әккілер түрлі цифрлық технологияларды тықпыштап, жас­ты да, жасамысты да смартфонға телміртіп қойды. Яғни құмар ойын мен цифрлық ойындардың шекарасы жойылып барады. Live-бәстер, ойын ішіндегі микротәуекелдер адамның әлсіз тұстарын дәл тауып отыр.

2020 жылы БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) жүргізген зерттеуде жасөспірімдер арасындағы құмар ойындардың алдын алу бойынша халықаралық тәжірибе зерттелген. Осы арқылы ғаламдық құмар ойын деректерін талдаған. Деректерге сәйкес, ойынға тәуелділік проблемасы әсіресе жасөспірімдер үшін өзекті болып отыр екен. Әлемдік статистика бойынша, жасөспірімдер арасындағы құмар ойындардың таралуы ересектерге қарағанда 2-4 есе жоғары болып шыққан.

Жалпы, әлемде шамамен 3,5 млрд адам онлайн ойын ойнайды екен. Алайда кейінгі кездердегі цифрлық ойындардың көбеюі балалардың онлайн қауіпсіздігіне жаңа сын-қатер туғызып отыр. Осы ретте психолог Самал Атагелді ойын баланың ой-өрісін дамытуы мүмкін, бірақ ол тек ата-ананың бақылауында болған жағдайда ғана пайдалы екенін айтты.

– Ағылшын ғалымдары 2 мың балаға зерттеу жүргізген. Оған 3–8 жас аралығындағы балалар қатысқан. Телефон қарамаған балалармен салыстырғанда дамытушы ойын ойнаған 2 мың балада белсенділік артқаны байқалған. Бірақ біздің елдегі жағдай – басқаша. Себебі біздегі көп ата-ана баласының телефонда не қарап, қандай ойын ойнап отырғанына мән бермейді, – дейді психолог.

Маман бұл үрдістің балаларда «қысқа ойлау» (кликовое мышление), яғни терең ойлануға мүмкіндік бермейтін ойлау түрін қалыптастырып жатқанын айтады.

– Қазір балалар бір нәрсеге ұзақ назар сала алмайды. Бұл психологиясына әсер етіп, агрессияны күшейтеді. Телефонды мүлде тыйып тастау да дұрыс емес. Бастысы, баланы бақылап, онымен жиі сөйлесу керек, – дейді С.Атагелді.

Оның айтуынша, кей жағдайларда ойынға тәуелділік депрессия мен әлеуметтік оқшаулануға әкелуі мүмкін.

Қалай десек те, былтыр күшіне енген заң оңайлықпен қабылданбағанын айттық. Себебі Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаевтың айтуынша, бұл құжатқа қарсы қуатты лоббистік топтар әрекет еткен. Ақпараттық шабуылдар болды, қоғамдық пікірді бұрмалау әрекеттері де жасалды. Бірақ Мемлекет басшысының принципті ұстанымы бәрінен биік тұрды.

Бүгінде заң нақты нормалармен бекітілді. Борышкерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер құмар ойыннан шеттетілді. Өзін-өзі шектеу мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Блогерлер мен инфлюенсерлерге құмар ойын жарнамалауға тыйым салынды. Лицензиясыз онлайн-казиноға тосқауыл қойылып, қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл – мемлекеттің бизнестен бұрын, азаматының тағдырын таңдағанының белгісі.

Дегенмен заң бәрін шешетін жалғыз құрал деп түсінбеуіміз керек. Президенттің өзі айтқандай, әлеуметтік кеселдермен күресте бүкіл қоғам жұмылуға тиіс. Мектеп, отбасы, ұстаз, мемлекет, бәрі бір бағытта әрекет етпейінше, заңның өзі қауқарсыз болып қалуы бек мүмкін.

Қысқасы, лудоманияға қарсы қабылданған заң күрестің соңы емес. Осы заң арқылы ұлттық сананы сауықтыру жолындағы жаңа кезең басталып отыр. Заң қабылданды. Енді оны орындай алмаса билікке сын, ал оған қолдау білдіре алмаса халыққа сын. Осы екеуі арқылы жалпы қоғамның жауапкершілігі сыналмақ. 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see149

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see148

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see148

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see147

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see146

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see143

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see143

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see142

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see141

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see141

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see141

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see140

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see140

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see139

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see138

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see138

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары