Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елімізде экологиялық мә­де­ниет­ті қалып­тас­тыруға бағыт­талған «Таза Қазақстан» тұжы­рым­да­ма­сын іске асыру жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл бастама уақытша науқан емес, қоғамның ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді саясат ретінде орнығып келеді. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – бүгінде әрбір азаматтың күнделікті әдетіне айналуға тиіс маңызды құндылық.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру орталық пен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысына негізделген. Экологиялық дағдыларды қалыптастыру, білім, ағарту бағыттарын қамтитын 60 іс-шарадан тұратын жоспар осы мақсатқа қызмет етеді. Бұл – экология мәселесін тек мемлекеттік деңгейде емес, қоғамдық сана арқылы шешуге бағытталған тәсіл.

«Таза Қазақстан» аясында ел көлемінде 1 294 экологиялық іс-шараның өткізілуі қоғамда экологиялық серпіннің бар екенін айқын көрсетті. Баршаны біріктірген бас­тама барысында әрбір үшінші тұрғынның бой көрсетуі – азаматтардың бейжай еместігін білдіретін маңызды көрсеткіш. Бұл – дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі.

Экологиялық акцияларға 6,4 млн-нан астам адамның қатысуы, оның ішінде 781 мыңнан астам еріктінің болуы қоғамдық жауапкершіліктің жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады. Мұндай белсенділік экологиялық мәдениет біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

844 мың тоннадан астам қалдықтың жиналуы, 1,1 млн га аумақтың тазартылуы – атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл деректер экология саласындағы бастамалардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.

Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бағытында қабылданып жатқан шаралар да назар аударарлық. 1 300-ден астам мобильді топтың 100 мыңнан аса рейд жүргізуі – экология саласындағы тәртіптің күшейгенін көрсетеді. Ғарыштық мониторинг арқылы заңсыз қоқыс орындарының 25%-ға азаюы бақылау мен талаптың нәтижесі бар екенін аңғартады.

Бұл ретте тазалық тек бақылаумен ғана емес, сана арқылы орнығуға тиіс екені анық. Қоғамда «Тазалық – біреудің міндеті емес, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз», деген түсінік қалыптасқанда ғана бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

@TazaQazBot чат-ботының іске қосылуы мен eGov арқылы миллиондаған азаматты қамтыған хабарламалар халықпен кері байланыстың жаңа деңгейін қалыптастырды. 24 мыңнан астам өтініштің түсуі, олардың басым бөлігінің орындалуы – цифрлық құралдардың тиімділігіне айқын дәлел. Бұл мемлекеттік органдардың халыққа жақындай түскенін, азаматтардың өз ауласы мен көшесіне бейжай қарамайтынын білдіреді.

Биыл 335,6 млн ағаш отырғызылды, бұл – экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған ауқымды жұмыс. Бұл – тек статистикалық көрсеткіш емес, бола­шақ ұрпаққа қалдырылатын нақты эколо­гиялық капитал.

Қалдықтарды басқару саласындағы жобалар, сұрыптау мен қайта өңдеуді дамыту, қоқыс жағу зауыттарын салу экология мәселесіне кешенді көзқарастың қалыптасқанын көрсетеді. Бұл бағыттағы инвестициялар еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне салынған ұзақмерзімді инвестиция деуге толық негіз бар.

«Таза Қазақстан» – экология туралы ғана емес, тәртіп, мәдениет, жауапкершілік туралы тұжырымдама. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау уақытша науқан емес, ұлттың өмір салтына айналуға тиіс құндылықтар. Ортақ үйіміз – еліміздің тазалығы әр азаматтың күнделікті ісінен басталады. Мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекеті экологиялық мәдениеті жоғары ел қалыптастырудың берік негізі болады.

Таза Қазақстан – таза болашақ. Сол болашақты қалыптастыруға үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Көшенің тазалығынан бас­тап, ауланың тәртібіне дейінгі әрбір іс ортақ үйіміздің келбетін айқындайды. Мемлекет пен қоғамның бірлескен қадамы ғана экологиялық мәдениеті жоғары, жауапкершілігі берік ел қалыптастыра алады. Бүгінгі әрекет – ертеңгі ұрпаққа қалатын мұра. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» әр азаматты бейжай қалдырмайтын, елдік сананы нығайтатын маңызды бастама.

Ерлан НЫСАНБАЕВ,

Экология және табиғи ресурстар министрі

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары