Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі

Қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Елімізде бұл бағытта жүйелі саясат жүргізіліп, экология­лық ахуалды нығайту дамудың негізгі басымдығы ретінде қарастырылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Астанада өткен өңірлік эко­ло­гиялық саммитте бұл саланың түйткілі тек климат мәселесімен ғана шектелмейтінін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесе ұйымдастырылған форумда: «Қазіргі экология тек климат мәселесімен шек­телмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі. Яғни әңгіме таза ауа мен сапалы суға, бүлінбеген топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесіне, қоғамның тұрақтылығына, ұрпақтың келешегіне қатысты болып отыр. Жалпы, ақыл-ойдың тұнықтығы, қоғамдағы үйлесім мен адами бақыт та осыған саяды. Ал экология дегеніміз – жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарай­тын саналы өмір салты. Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафтар да, климаттық қауіп-қатерлер де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісе­міз. Орталық Азия мен көршілес аймақ­тар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап болып отыр. Атап айтқанда: су тап­шылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауаның ластануы, биоалуантүрліліктің жойылу қаупі. Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді. Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды», деді.

Ата заңның 31-бабында «Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деп жазылған. Қоршаған ор­таны қорғауды әркім өзінен бастағаны жөн. Бұл тұрғыда еліміз экологиялық таза энергия өнді­рісін нығайтуды жіті қолға алды. Био­алуантүрлілікті бүлдіруге емес, кері­сінше, қорғап, табиғи қалпында сақтауға баса мән беріліп жатыр. Игерусіз қалып, то­зуға айналған жерді тыңайтып, қал­пына келтіру, су ресурстарын басқару жүйесіне реформа жүргізу, тіршілік нәрін үнемдеу саясатына көшу көзделген. Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде өңірлік ынтымақтастықты нығайту да мақсат етілген. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 15 пайыздан аспақ. Қазба байлыққа бай елдердің бірі ретінде, оның ішінде мұнай мен газ қоры мол мемлекет ретінде көміртегісіз энергетиканы өрістетуді қолдаймыз. Бұл да – қорша­ған ортаны қорғаудың бір тетігі. Жылу электр стансаларын «таза көмір» технологиясына көшірудегі мақсат та айқын – энергетикалық ірі нысандардан қоршаған ортаға тарайтын зиянды заттарды азайту.

Президент табиғатты қорғау, эколо­гия­лық мәдениетті қалыптастыру және «жасыл» даму моделіне көшу мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырып жатыр. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр еліміздегі ең ауқымды экология­лық бастамалардың бірі – елді мекендерге 15 млн ағаш егу жоспары толық орындалған. 2021–2025 жылдары республика көлемінде 18,1 млн-нан астам ағаш егілді. Бұл көгалдандыру шарасы ғана емес, өндіріс нысандары шоғырлан­ған қалалардағы экологиялық ахуалды жақсартып, ауа сапасын арттыруға және халықтың қолайлы өмір сүруіне мүм­кіндік берді. 2020 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы алдағы 5 жыл ішін­де орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған еді. Президент тапсырмасына сәйкес 2022 жылы 61,7 мың гектар аумақ­қа ағаш отырғызу жоспарланса, іс жүзін­де 66 мың гектар аумаққа көшет егілді. Осылайша, жыл сайын жоспар межеден артық орындалып, көгалдандыру ісіне ерекше мән беріліп келеді.

Қашанда «жұмыла көтерген жүк жеңіл». Кейінгі жылдары жалпыұлттық үрдіске айналған «Таза Қазақстан» эко­логиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауда қуатты бастамаға айналды. Мәселен, былтыр акцияға 6,4 млн-нан астам азамат қатысып, 2,8 млн-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды. 795,8 мың тонна қоқыс жиналып, мың гектардан астам аумақ тазартылды. Бұл – елдегі экологиялық мәдениеттің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанының айқын көрінісі. Алдағы кезеңде министрлік алдында бұдан да ауқымды міндет тұр. 2026 жылы 2 млрд ағаш отырғызу бағ­дарламасын жалғастыру, орман тұқым­бақтарын кеңейту, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін дамыту және экологиялық цифрландыруды күшейту жоспарланып отыр.

Былтыр экологиялық заңнаманы жетілдіру бағытында да маңызды шаралар іске асырылды. Атап айтқанда, орман шаруашылығы, ерекше қорғала­тын табиғи аумақтар және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жаңа заң қабылданды. Бұл құжат орман көмір­тегі офсеттерін дамытуға, орман өрттері кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және туризм нысандарына инфрақұрылым тар­ту мәселелерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Экологиялық кодекске енгізіл­ген өзгерістер қоршаған ортаны қорғау шараларын қаржыландырудың жаңа тетікте­рін қалыптастырды. Енді табиғатты қорғау іс-шаралары эмиссия төлемдерімен қатар, экологиялық талаптарды бұзғандардан өндірілетін айыппұлдар мен келтіріл­ген залалды өтеу қаражаттары есебінен де жүргізіледі.

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәде­ге жарату мақсатында 2025–2035 жылдар­­ға арналған жаңа тұжырымдама бекітіл­ді. Нәтижесінде қалдықтарды қайта өң­деу көлемін арттыру, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу және зама­науи инфрақұрылымды дамыту көзделіп отыр. Алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қал­дықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысы басталады. Жалпы, инвестиция көлемі 293,3 млрд теңгені құрайтын үш келісімге қол қо­йылды. Болашақта бұл кәсіпорындар Еуропалық өнеркәсіптік эмиссиялар стандарттарына сәйкес жұмыс істейді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқару жөніндегі жаңа тұжырымдамасы осы саладағы көптеген мәселені жүйелі түрде шешуге бағытталған. Қалдықтарды есепке алудың нақты болмауы, бірыңғай нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу деңгейінің төмендігі (25–26 пайыз), тағам және құрылыс қалдықтарын өңдеу инфрақұрылымының жеткіліксіздігі қай­та өңдеуді экономикалық тұрғы­дан тиімсіз етіп келді. Тұжырымдама негізін­де радиоактивті қалдықтардан басқа барлық қалдықты толық өңдеу, өнеркәсіптік қалдықтарды қайталама айналымға тар­туды 10 пайызға арттыру көзделген. Сон­дай-ақ коммуналдық қалдықтарды полигондарға жөнелту көлемін кемінде 10 пайызға азайту жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында әзірленген құжаттың негізгі миссиясы – қоршаған ортаны қорғау. Қуанарлығы, өнеркәсіптік кә­сіпорындардың қоршаған ортаға әсерін азайту бағытында нақты нәти­же­лер бар. Ірі кәсіпорындардағы зиян­ды шығарындылар көлемі 148 мың тоннаға, яғни 6 пайызға төмендеді. Сонымен қатар 91 ірі кәсіпорынның 78-і автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесін енгізді. Бұл эмиссияларды нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік береді.

Цифрландыру бағытында да маңызды жұмыс атқарылды. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың ұлттық деректер базасы платформасы әзірленді. «Tabigat.gov.kz» интерактивті картасы іске қосылып, орман кесу, стихиялық қоқыс орындары мен табиғи ресурс­тарды пайдалану үдерістерін ғарыштық мониторинг арқылы бақылау мүмкіндігі енгізілді. Сондай-ақ су тасқынын болжауға арналған «Tasqyn» ақпараттық жүйесі жетілдіріліп, экологиялық мәселелер бойынша тұрғындармен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін «TazaQazBot» Telegram-чат-боты кеңінен қолданылып келеді.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау бағытында да бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Жамбыл облысында жалпы аумағы 74,8 мың гектарды құрайтын «Мерке» мемлекеттік өңір­лік табиғи паркі құрылды. Елімізге тағы 7 бас Пржевальский жылқысы әкелі­ніп, табиғи ортаға 66 бас құлан қайта жіберілді. Сонымен қатар «Арал орманы» резерватын құру, «Жасыл белдеу» мекемесін қалыптастыру, қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығын ашу, жолбарысты тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Пржевальский жылқыларын қайта жер­сін­діру бағдарламасы жал­ғасып, елімізге тағы 8 бас әкелу жос­парланған. Ресей Федерациясымен бір­лескен жоспар аясында 4 жолбарыс жеткізілді.

Былтырдан бастап Каспий теңізінің экожүйесін зерттеу және қорғау бағы­тында Қазақ Каспий теңізі ғылыми зерт­теу институты жұмысын бастады. Соны­мен қатар еліміз Жасыл климаттық қор­дың аккредитациясынан өтіп, ха­лық­аралық «жасыл» қаржыландыру мүм­кіндігіне жол ашты.

Тілсіз жау өрттен сақтану шаралары да күшейтіліп келеді. Министрлік­тің мәліметінше, орман және табиғатты қорғау мекемелеріне 355 бірлік арнайы техника сатып алынды. Бұдан бөлек, кәдеге жарату алымдары есебінен қосымша 35 млрд теңге бөлініп, 1052 бірлік өрт сөндіру техникасымен толықтыру көзделіп отыр. Бүгінде 66 өрт сөндіру автокөлігі, 162 шағын орман өрт сөндіру кешені, 71 трактор жеткізілді. Қалған техникалар жыл соңына дейін алынбақ.

Табиғатты қорғау, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қашанда маңызды міндет.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 09:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары