Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Энергетик ішемін деп денсаулығымды құрттым: Алматыда науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

Зеленский Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді

Қазақстандық Аян Тұрсын чемпиондық титул үшін жапониялық спортшымен жекпе жек өткізеді

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

Украина келесі жылы АҚШ тан 400 млн доллар ғана әскери көмек алады

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

Елордада балалар әкім шыршасына қатысты

Маң дала, маңғаз мекен

Биыл магниттік дауылды күндер саны рекорд жаңартты

Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

Астанада тіркеуге тұруға шектеу қойылды

Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram нан неге шыға алмай жүрміз?

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

Қоршаған ортаны көркейтетін экологиялық бағдар

Қоршаған ортаны көркейтетін экологиялық бағдар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елімізде экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселесі кейінгі жылдары мемлекеттік саясаттың страте­гиялық басымдықтарының біріне айналды. Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес Экология және табиғи ресурс­тар министрлігі әзірлеген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы осы бағыттағы жүйелі әрі ұзақмерзімді жұмыстың негізі болып отыр.

Экологиялық акциялар – нақты нәтиже

«Таза Қазақстан» – уақытша науқан емес, қоғамның ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді саясат, экологиялық тәртіп пен жауапкершілікті күн­делікті өмір салтына айналдыруды мұрат тұтқан кешенді ұлт­тық бағдар. Басты ұстанымы – қоршаған ортаны қорғау мемле­кеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екендігін баршаның санасына сіңіру.

«Таза Қазақстан» тұжырым­дамасы азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, экологиялық білім беруді күшейту, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамыту, су ресурстары мен жануарлар әлеміне ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын енгізу сынды 7 негізгі бағыттан тұрады, 60 іс-шараны қамтиды. Министрлік бұл жұмысты жер­гілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтық қоғаммен бірлесіп жүзеге асырып келеді.

Биыл «Таза Қазақстан» аясында ел аумағын қоқыстан тазар­ту, көгалдандыру, ағарту­шылық бағыттағы 1 300-ге жуық экологиялық іс-шара өтті. Олар­дың қатарында дәстүрге айналған «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза өлке», «Таза жағалау», «Мөл­дір бұлақ», «Киелі мекен», «Бү­кілқазақстандық ағаш отырғы­зу күні», «Болашақты бірге отыр­ғызайық» акциялары, сондай-ақ «Жер сағаты», «World Clean Up Day», Құстардың халықаралық күні, тағы басқа да игі бастамалар бар. Жоба еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып, қалалар мен ауылдарды, шалғай елді мекендерді қамтыды.

Басты мақсат – экологиялық ахуалды жақсарту, тазалық мәде­ниетін қалыптастыру, халықты нақты табиғатты қорғау іс-шарала­рына тарту. «Таза Қазақстан» аясында әрқайсысы нақты міндет­терді шешуге бағытталған эколо­гиялық акциялардың кешені іске асырылып жатыр.

Қасиетті, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыруға, тазалауға арналған «Киелі мекен» акциясы барысында ескерткіштер, мемориалдар мен қоғамдық маңызы бар орындардың аумақтары ретке келтіріліп, іс-шара елдің мәдени мұрасын сақтауға, тарихқа құр­метпен қарау мәдениетін қалып­тастыруға ықпал етеді.

Өзендер, көлдер, бұлақтар, басқа да су айдындарының жаға­лауларын тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысушылар қоқыстарды жинап, жағалау аймақтарын тазалау арқылы су ресурстарын сақтауға, табиғи экожүйелердің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосады.

Ауылдарда тазалық орна­туға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, көшелерді таза­лауға, ауыл тұрғындарының қо­лайлы өмір сүру ортасын қалып­тастыруға бағытталған «Үлгілі ауыл» акциясы аясында ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Таза өлке» – көшелерді, аулаларды, саябақтар мен скверлерді, басқа да қоғамдық кеңістіктерді тұрмыстық қоқыстан тазалауға арналған акция.

«Өнегелі ұрпақ» акциясының мақсаты – ардагерлер мен қарт адамдардың аулаларын, қарттар үйлерінің аумақтарын тазалау, абаттандыру арқылы қоғамдағы қамқорлық пен өзара көмекті нығайту.

Биыл «Таза Қазақстан» эколо­гиялық акциясы аясында ел аумағын көгалдандыруға бағытталған «Бүкілқазақстандық ағаш отыр­ғызу күні», «Түлектердің ағаш егуі», «Жасыл аула», «Жасыл елді мекен», «Мерейлі отбасы», «Өз ағашыңды отырғыз» сынды акциялар аясында 335,6 млн түп ағаштың отырғызылуы – экологиялық тепе-теңдікті сақ­тауға бағытталған ауқымды жұмыс. Бұл тек статистикалық көрсеткіш емес, болашақ ұр­паққа қалдырылатын нақты экологиялық капитал. Еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізілетін жаппай сен­біліктер мен аумақтарды тазалау жұмыстарына тұрғындар, еріктілер, студенттер, кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер белсенді қатысты.

Алғашқы ауқымды экофестиваль

Биыл 21–26 сәуір аралығында елімізде ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Тақырыптық апта Астанада еріктілердің, бел­сенділердің, стартаперлердің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен «Таза Қазақстан» бас­тамасын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларына арналған республикалық экофес­тивальден басталды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен экофестиваль аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптар көрме­сі, интерактивті аймақтар ұйымдас­тырылды.

Кештің қорытындысында қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан сала көшбасшылары марапатталды. Жеңімпаздар 4 аталым аясында анықталды. «Үздік экологиялық стартап жоба» аталымында күн, жел стансаларының жұмысын бақылауға, басқаруға арналған инновациялық платформа – «Faceplate» жобасы жеңіске жетті. Экология саласындағы ғылыми жобалар мен білім бағ­дар­ламаларына арналған «Жа­сыл университет» аталымында «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ жеңімпаз атанды. «Экологиялық білім үздігі» конкурсында Қарағанды облысы, Теміртау қалалық білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі, «Экологиялық ағарту және ақпараттандыру» аталымында Қостанай қалалық білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі үздік деп танылды.

Эстафетаны еліміздің өңірлері де қабылдап, апталық аясында қа­лалар мен ауылдарда 200-ге жу­ық түрлі экологиялық іс-ша­ра өтті.

Ел рекорды

«Таза Қазақстан» аясындағы маңызды оқиғалардың бірі елі­міздің Дүниежүзілік тазалық күні – «World Clean Up Day» халықаралық акциясына қатысуы болды. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жүздеген мың адамды біріктірген ауқымды экологиялық іс-шаралар өтті. Аумақ, аулалар тазаланып, мыңдаған тонна қоқыс жиналды, ағаштар мен бұталар отырғы­зылды.

Бастаманың ауқымы мен қамту деңгейі «Таза Қазақстан» шеңберінде экологиялық акцияға қатысушылар саны жө­нінен ұлттық рекорд тір­кеуге мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш эко­ло­гиялық күн тәр­ті­бінің қоғамда кең қолдау тапқанын, әр жастағы, түрлі ма­ман­дық иелерін бірік­тіре алатынын айқын дәлелдеді.

20 қыркүйекте «World Clean Up Day» аясында еліміздің барлық өңірінде жап­пай абаттандыру, тазалық жұмысы ұйым­дастырылды. 422 мыңнан астам адам сенбіліктерге қатысты. 9 000 гектардан астам аумақ қоқыстан тазартылды, 12 000 тоннадан астам қалдық жиналды, 18 000 түп ағаш пен бұта отырғызылды.

Жасалған жұмыс қорытын­дылары, қатысушылар саны, қол жеткізілген нәтижелер еліміз тарихындағы ең ауқымды эколо­гиялық іс-шаралардың бірі ретінде КИнЭС рекордтар кітабына тіркелді.

Баршаны біріктірген бастамалар

«Таза Қазақстан» тұжырым­дамасының маңызды құрамдас бөлігінің бірі – «Amanat» пар­тиясының бастамасымен жү­зеге асып келе жатқан «Таза бейсенбі» акциясы. Апта сайын өтетін акцияға партия мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен еріктілер белсенді қатысады. Іс-шара барысында көшелер, саябақтар, өзен мен көл жағалаулары, тұрғын үй кешендерінің аумақтары қо­қыстан тазартылып, жасыл же­лек отырғызылады. Сөйтіп, «Таза бейсенбі» акциясы тек бір күндік тазалық емес, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, экологиялық мәдениетті күн­делікті өмірге енгізуге бағытталған тұрақты дәстүрге айналды. Биыл акция ірі қалаларда 34 рет өткізіліп, 2 500-ден астам адам қатысты, 29 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 200-ге жуық көшет егілді.

Осылайша, «Таза бейсенбі» акциясы қоғамдағы экологиялық мәдениеттің қалыптасуына нақты үлес қосып келеді.

Қыркүйек айында Алматы облысы, Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды эколо­гиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы өтті. Бір аптаға жалғасқан ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсерді.

Эстафета аясында тек қоқыс жинау ғана емес, депутаттардың халықпен кездесулері, жастарға арналған open-air іс-шаралары, қоғамдық қабылдаулар, таза ауада «Чемпиондық рух» жаттығулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Вандализмге жол жоқ!» жобасы шеңберінде «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешені, «Ақыртас» сарай кешені, «Бірлік» монументі, ежелгі Сауран қалашығы сияқты тарихи нысандар тазартылып, абаттандырылды. Осылайша, road-эстафета табиғатты қор­ғау, мәдени мұраны сақтау, экологиялық па­трио­тизмді қалыптастыру мін­деттерін тоғыстырды.

Екінші жыл қата­рынан Ха­лықаралық құстар күні аясында қа­наттыларға қам­қорлық таныту жұ­мыстары жүр­гізі­ліп келеді. Та­биғат қор­ғау мекеме­ле­рінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен, сондай-ақ еріктілермен бірлесе құстардың мекендеуіне, көбеюіне қолайлы жағдай жасау мақсатында әртүрлі формадағы ұялар жасап, орнатады. Биыл 1–7 сәуір аралығында 200-ден ас­там мектеп аумағына 1 500-ге жуық құс ұясы мен жем­сал­ғыштар орнатылды. Оған 3000-нан астам мектеп оқушылары мен табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Тәртіп пен талап қатар жүруге тиіс

Рұқсат етілмеген қоқыс орын­дарын жою бағытында қабыл­данып жатқан іс-шаралар да назар аударарлық. 1 300-ден астам мобильді топтың 100 мыңнан аса рейд жүргізуі экология саласындағы тәртіптің кү­шейгенін көрсетеді. Ғарыштық мониторинг арқылы заңсыз қоқыс орындарының 25%-ға азаюы бақылау мен талаптың нәтижесі зор екенін аңғартады. Бұл ретте тазалық бақылаумен ғана емес, сана арқылы орнығуға тиіс. Қоғамда «Тазалық біреудің міндеті емес, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз» деген түсінік қалыптасқанда ғана мәселе түбегейлі шешіледі.

«Таза Қазақстан» тұжырым­дамасында жаппай цифрландыру мәселесі де бекітілген. Қоғамның әлеуметтік желілерді жаппай пайдалануына ерекше көңіл бөле отырып, 2024 жылғы 5 шілдеден бастап қызмет ететін @TazaQazBot Телеграм-чат-ботының негізінде халықтан өтінім алудың жаңа сервисі әзірленіп, пайдалануға берілді. Біржарым жылдың ішінде чат-бот халық арасында кеңінен таралып, @TazaQazBot чат-ботының іске қосылуы мен eGov арқылы миллиондаған азаматты қамтыған хабарламалар халықпен кері байланыстың жаңа деңгейін қалыптастырды. 25 мыңнан астам өтініштің түсуі, олардың басым бөлігінің орындалуы цифрлық құралдардың тиімділігін көрсетеді.

Жыл басынан @TazaQazBot чат-ботқа 25 676 өтінім келіп түсті, оның 23 890-ы орындалды, 126-сы орындалып жатыр, 1 660-сы түрлі санаттағы өзге де мәселелер бол­ғандықтан, орындаудан алынып тасталды.

Чат-боттың қызметі мемле­кеттік органдардың халыққа жа­қындай түскенін, азаматтардың өз ауласы мен көшесіне бей-жай қарамайтынын білдіреді. Плат­форма қоршаған ортаның лас­тануына, экологиялық нормаларды бұзуға «нөлдік тө­зімділік» мәде­­ниетін қалып­тастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» тұжырым­дасамын халық арасында кеңінен таратуға өңірлердегі танымал экоблогерлер ат салысты. Эко­блогерлер өзінің күнделікті өмі­рінде тазалықты, қоқыс сұ­рыптауды экологиялық әдетке айналдырған, ағартушылық пен экологиялық дағдыны қалып­тастыруға баса назар аударады.

«Таза Қазақстан» бастамасы тек аумақтарды тазалаумен шектелмей, экологиялық білім мен ағартушылық жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Бағдарлама аясында еліміздің бірнеше қаласында жасыл балабақшалар ашылды. Онда балаларға қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау, табиғатты сақтау дағдылары ерте жастан үйретіледі. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында да экологиялық сабақтар, пікірталастар мен семинарлар ұйым­дастырылып, студенттерді нақты жобаларға тарту арқылы олардың экологиялық санасын арттыру көзделген. Мысалы, университеттерде жасалған акциялар мен зерттеулер арқылы қалдықтарды өңдеу, жасыл кеңістіктерді сақтау, экотуризмді дамыту мәселелері насихатталады. Осындай іс-шаралар арқылы «Таза Қазақстан» эколо­гиялық білім саласында тұрақты жүйе қалыптастырып, болашақ ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтуға үлес қосады.

Таза орта – ұрпаққа аманат

Жыл басынан бері «Таза Қа­зақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған акцияларға 6 млн 400 мыңға жуық адам, яғни еліміздің әрбір үшінші тұрғыны қатысты. Мұндай белсенділік экологиялық мәдениет біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көр­сетеді. Еріктілердің саны был­тырғымен салыстырғанда көбейіп, шамамен 800 мыңға жуық болды.

Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған шаралар барысында 844 мың тоннадан астам қалдықтың жиналуы, 1,1 млн гектар аумақтың тазартылуы – атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл деректер экология саласындағы бастамалардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.

«Таза Қазақстан» – экология туралы ғана емес, тәртіп, мәдениет, жауапкершілік туралы тұжырымдама. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау – уақытша науқан емес, ұлттың өмір салтына айналуға тиіс құндылықтар. Ортақ үйіміз – Отанымыздың тазалығы әр азаматтың күнделікті ісінен басталады. Осы орайда мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекеті экологиялық мәдениеті жоғары ел қалыптастырудың берік негізі болмақ.

«Таза Қазақстан – таза болашақ. Сол болашақты қалыптас­тыруға үлес қосу әрқайсымыздың аза­маттық парызымыз. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» әр азаматты бей-жай қалдырмайтын, елдік сананы нығайтатын маңызды бастама болып қала бермек. Тұжы­рымдама 2029 жылға дейін жалғасып, қалдықтарды басқару, жасыл желек отырғызу, экологиялық білім, қоғамдық жауап­кершілікті қалып­тастыру бағытындағы кешенді шараларды қамтиды. Әр азаматтың қатысуы – табиғатты қорғау ісіндегі басты міндет. Көшенің тазалығынан бастап, аула мен саябақ­тарды қорғауға дейінгі әрбір іс-әрекетіміз ортақ үйіміздің келісті келбетін айқындайды. Сол арқылы біз таза болашаққа өз үлесімізді қосамыз.

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Энергетик ішемін деп денсаулығымды құрттым: Алматыда науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

26 Желтоқсан 2025 13:48see122

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

25 Желтоқсан 2025 14:20see111

Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды

26 Желтоқсан 2025 11:06see110

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

27 Желтоқсан 2025 00:13see110

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

25 Желтоқсан 2025 12:29see110

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

25 Желтоқсан 2025 15:48see110

Зеленский Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді

26 Желтоқсан 2025 17:12see109

Қазақстандық Аян Тұрсын чемпиондық титул үшін жапониялық спортшымен жекпе жек өткізеді

26 Желтоқсан 2025 11:52see108

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

25 Желтоқсан 2025 14:11see108

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

25 Желтоқсан 2025 17:29see108

Украина келесі жылы АҚШ тан 400 млн доллар ғана әскери көмек алады

25 Желтоқсан 2025 18:58see108

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

25 Желтоқсан 2025 16:48see108

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

25 Желтоқсан 2025 14:13see108

Елордада балалар әкім шыршасына қатысты

26 Желтоқсан 2025 15:54see107

Маң дала, маңғаз мекен

25 Желтоқсан 2025 14:20see107

Биыл магниттік дауылды күндер саны рекорд жаңартты

25 Желтоқсан 2025 17:29see107

Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

26 Желтоқсан 2025 18:04see107

Астанада тіркеуге тұруға шектеу қойылды

26 Желтоқсан 2025 17:12see106

Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram нан неге шыға алмай жүрміз?

25 Желтоқсан 2025 14:17see106

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

26 Желтоқсан 2025 20:50see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары