Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Қоршаған ортаны қорғау: 2025 жылға дейінгі экологиялық саясаттың нәтижелері жарияланды

Қоршаған ортаны қорғау: 2025 жылға дейінгі экологиялық саясаттың нәтижелері жарияланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2025 жыл Қазақстан үшін экология және табиғи ресурстарды басқару саласында жүйелі өзгерістер мен нақты нәтижелерге толы жыл болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

1. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы бүгінде азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың маңызды құралына айналды. Ол елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және экологиялық мәселелерді шешу үшін мемлекет пен қоғамның күш жігерін біріктіреді.

Бастама аясында бүкіл ел бойынша 1 294 экологиялық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында «Киелі мекен», «Таза аймақ», «Таза ауыл», «Таза жағалау», «Мөлдір бұлақ», «Мен зерттеушімін», «Тапқыр зерттеушісі», «Табиғатты аяла», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» сияқты аумақтарды жинау, ағаш отырғызу акциялары мен ағартушылық жобалар бар, одан бөлек халықаралық акциялар – «Жер Сағаты», World Clean up Day, Халықаралық құстар күні және т. б. атсалысудамыз.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша, 844 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 1,1 млн гектардан астам аумақ тазартылды. Экологиялық акцияларға 6,4 миллионнан астам адам қатысты, оның ішінде 781 мыңнан астамы ерікті.

Азаматтарды тарту үшін @TazaQazBot чат-боты іске қосылды: 25 мың өтініш келіп түсті, оның 23,6 мыңы орындалды. Көрсетілген сандар кері байланыс құралы ретіндегі тиімділігін растады.

2. Ерекше қорғалатын аймақтарды кеңейту (ЕҚТА). Елімізде жаңа қорық аймақтары құрылды, атап өтсек аумағы 86 мың шаршы га «Мерке» өңірлік паркі. ЕҚТА желісін кеңейту – экожүйені және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Маңызды қадам әл-Фараби атындағы университет базасында Германияның көмегімен экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау институтын ашу болды.

3. Сирек кездесетін жануарларды реинтродукциялау бағдарламалары жойылып кеткен жануарлар түрлерін: жолбарыстарды, құландарды және кертағы (Пржевальский жылқыларын) елдің экожүйесіне қайтаруды қамтиды. Бағдарлама аясында жануарларды бейімдеу, популяция мониторингі, браконьерліктен қорғау және ғылыми-зерттеулер үшін арнайы жағдайлар жасалған.

4. Елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма толық көлемде орындалды (2021-2025 жылдар кезеңінде 18,1 млн ағаш отырғызылды). Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бұл жұмыстар жалғастырылады, ал аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ірі елді мекендердің айналасында жасыл аймақтар құру жөніндегі жұмыстарды бастауға баса назар аударылады.

Мемлекет басшысының 2 млрд көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру жалғасуда. 2021-2025 жылдары барлығы 1,5 млрд көшет отырғызылды. Келесі жылы 208 млн  данадан астам көшет отырғызу жоспарлануда.

Жалпы, 2025 жылы елімізде 335,6 млн ағаш, көшет отырғызылды.

5. Орман саясатының маңызды бағыты –  Арал өңірі мен Каспийдегі шөлейттенуге қарсы күрес. 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған түбінде 920 мың гектардан астам алқапта орман мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.

Қазалыда қуаттылығы жылына 3 млн көшет питомнигі салынды, қосымша тікелей құрғатылған түбінде жаңа питомник салынуда. Қызылорда облысында ҚазОШҰЗИ филиалы құрылды, 1,3 млн га астам алаңда «Арал орманы» табиғи резерватын құру бойынша шаралар қабылдануда.

6. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, оң серпінге қол жеткізілді, 2022 жылмен салыстырғанда елдің ірі кәсіпорындары бойынша нормативтік шығарындылар көлемі 148 мың тоннаға немесе 7,2% -ға төмендеді.

Эмиссияларды төмендетуге ең үздік қолжетімді технологияларды енгізе отырып, кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу есебінен қол жеткізіледі. Жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде ЕҮҚТ-ның 20 анықтамалығы бекітілді, қазірдің өзінде әртүрлі салалардағы кәсіпорындарға 11 КЭР (кешенді экологиялық рұқсаттар) берілді, тағы 22 өтінім қаралуда.

Деректердің ашықтығы мен бақылауында автоматтандырылған мониторинг жүйелері (AМЖ) маңызды рөл атқарады. Бүгінде кәсіпорындарда орнатылған 78 кәсіпорынның 74-і ауаның ластануы туралы деректерді нақты уақыт режимінде жібереді. 2024-2025 жылдары АЖМ орнату талаптарын бұзғаны үшін 43 кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 24,3 млн теңгені құрады.

Жалпы,ел бойынша экологиялық бақылау шеңберінде биыл Экология департаменттері 899 тексеру жүргізді, 2 540 бұзушылық анықталды, 5,4 млрд теңгеден астам сомаға 2 285 айыппұл салынды.

7. Жаңа метанды азайту жөніндегі жаһандық бастамалар. Қазақстан Париж келісімінің тарабы және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының қатысушысы ретінде 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға қысқартуға міндеттеме алды.

Бүгінде  Үкімет 2035 жылға қарай шығарындыларды 17%-ға қысқартуды көздейтін жаңартылған ұлттық салымды (ОНУВ-3.0) мақұлдады.

Биылғы жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртекті офсеттерді сатуға рұқсат етілді, бұл бизнес пен орман шаруашылығының климаттық мақсаттарға қатысуына жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Қазан айында Қазақстанның Даму Банкі Жасыл климаттық қордың (ЖКҚ) аккредитациясын алды, аталмыш шара «жасыл» жобаларды іске асыру үшін мүмкіндіктер ашты.

Белен қаласындағы СОР 30-да Қазақстан шығарындыларды азайту және техникалық көмек көрсету бойынша 3-5 басымдықты іске асыру үшін таза ауа және Климат жөніндегі коалицияның елдік бағдарламасы бойынша үш жылдық қолдау алу үшін іріктелді.

Сондай-ақ ЖКҚ қолдауымен, соның ішінде Қазақстанды қоса алғанда, 14 Ұлттық Климаттық платформа құру жөніндегі бастаманы іске қосу жарияланды.

8. Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару. Жыл сайын елімізде 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар пайда болады. 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі 25,8% -ды құрады, 2025 жылы бұл көрсеткіш 28,6%-ға дейін өсті.

Мәселен, кәдеге жарату алымы қаражатынан жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігі шеңберінде қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданды, оның 22-сі  89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды (барлығы 185 млрд. теңге көзделген.) Бұл қоқыс таситын көліктер, сұрыптау және қалдықтарды қайта өңдеу.

Жоспарланған жобаларды іске асыру 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеудің 40%-на қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Рұқсат етілмеген полигондарды анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс істеуде. Рейдтер аясында Ішкі істер органдарымен бірлесіп, 3 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Сондай-ақ биылғы жылы ғарыштық мониторинг 3 827 полигонды анықтады, оның 3 464 немесе 91% жойылды. 2018 жылмен салыстырғанда полигондар саны 45%-ға қысқарды, бұл оң динамиканы көрсетеді.

Сонымен қатар  қол қойылған инвестициялық келісімдер шеңберінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылыс мерзімі 2-3 жыл болатын 293 млрд теңге сомасына 3 қоқыс өртеу зауытын салу жоспарлануда.

Биыл  біз қалдықтарды түгендеуді, цифрландыруды және барлық процестердің мониторингін көздейтін басқару тұжырымдамасын әзірледік.

9. Ормандарды өрттен қорғау күшейтілді. 2025 жылы орман және табиғат қорғау мекемелері үшін 355 өртке қарсы техника сатып алынды, қосымша 2026 жылдың І тоқсанында 697 бірлік өртке қарсы техника жеткізілетін болады. Еліміздің 11 өңірінде орман шаруашылықтарын техникамен және жабдықтармен жарақтандыру келесі жылы аяқталады.

1,6 млн га алаңда ерте анықтау жүйесі енгізілді, жалпы ауданы 2,2 млн га дейін жеткізілді. Келесі жылы жүйе масштабталады. Осылайша, 2026 жылдың соңына дейін жүйемен еліміздің ең жанғыш 5,4 млн га орманы қамтылатын болады.

10. Экология және табиғи ресурстарды басқару саласындағы Цифрлық жобалар. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі – «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша іске асырылған, экологиялық қордың барлық инфрақұрылымына қолжетімділікті және мемлекеттік органдар, табиғат пайдаланушылар мен жұртшылық арасындағы толық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көпфункционалды цифрлық платформа. Бұл елдегі экологиялық жағдайдың тұтас және өзекті бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік берді, оның негізінде экологиялық тәуекелдерді болжауға, дағдарыстардың алдын алуға және негізделген басқару шешімдерін қабылдауға болады.

EcoQolday жүйесі. Бұл қалдықтарды басқаруды бақылауға, есепке алуға және қолдауға арналған сандық платформа және мобильді қосымша. Жүйе қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу процестерін автоматтандырады және қайта өңдеу саласының дамуын ынталандырады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see107

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары