Түркістан облысында ағайындылар ірі көлемде есірткі өндірген
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Түркістан облысында полиция есірткі зертханасын жойды. Оны Арыс қаласындағы екі ағайынды ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Түркістан облысында полиция есірткі зертханасын жойды. Оны Арыс қаласындағы екі ағайынды ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция ақпаратынша, қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталған.
"Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Осы ретте ІІМ есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 09:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















