Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Кәсіптің кілті гаражда

Елорда тазалығы бәрімізге ортақ жауапкершілік

Елорда тазалығы бәрімізге ортақ жауапкершілік

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астананың ажары мен тұрғындар өмірінің сапасы қала тазалығымен тікелей байланысты. Қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте санитарлық жағдайды сақтау – жүйелі әрі үздіксіз еңбекті талап етеді. Осы маңызды саладағы жұмыстың барысы, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры Замир Сағыновпен әңгімелестік.

– Замир Садықұлы, биыл қар әдеттегіден қалың жауып, жұмысшыларды біраз әбігерге түсірген сыңайлы. Маусымды қалай аяқтадыңыздар, жұмыстың тоқы­раған, тұралаған кезі болды ма?

– Жалпы, былтырғы жыл, берідегі қыс мау­сымы сәтті өтті деп айтуға болады. Қыс бойы 2,2 млн текше метрден астам қар шығарылды. 475 тонна реагент қолданылды. Күн сайын 600-ден астам техника мен 750-ден артық жол жұмысшысы қаланы ақ қар, көк мұздан тазалады. Иә, ақпан мен наурыздың басындағы қарлы жауын кезінде жұмысшыларға біраз салмақ түсті. Қазірдің өзінде шамамен 200-ге жуық қызметкер түнгі ауысымда жұмыс істейді. Алдымыз жаз болған соң, жол жұмысшыларының саны 450–550 адамға қысқарады. Мекеменің теңгерімінде 418 техника бар, жетпеген, қосымша техникаларды мердігерлерден жалға алдық. Ол көліктер де күн-түн тоқтамай, жолға шықты. Айта кеткен жөн, біз тек қаланың 32% аумағын қамтамасыз етеміз. Ең негізгі, орталық көшелердің тазалығына біз жа­уапты болсақ, шағын көшелерді тазалайтын бөлек компания­лар бар. Жалпы алғанда, кейінгі 3–4 жылдың көлемінде қар тазалау, коммуналдық қызмет көрсету саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Еңбегімізге ел-жұрт оң бағасын беріп жатыр.

– Коммуналдық мекеменің тірегі – жұмысшылар. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ынталандыруға қаншалықты көңіл бөлініп отыр?

– Астана қаласының тұрғындары алатын орташа жалақымен салыстырғанда мекеме қызметкерлерінің табысы төмен. Ал жұмыс жеңіл емес, қыстың суығына, жаздың аптап ыстығына қарамай еңбек етуге тура келеді. Соған қарамастан, қаладағы, елдегі басқа коммуналдық мекемелермен салыстырғанда бізге жұмысқа келуге талпынатындар көп. Соған қуанамыз. Қазір бізде жаяу жүріп, қолмен қоқыс жинайтын қызметкерлердің жалақысы шамамен 250–270 мың теңгенің шамасында. Бұл – медициналық сақтандыруға, зейнетақы қорына ұсталатын төлемдерді шегергендегі таза түсім. Бәлкім, өзге өңірдің тазалықшылары, тұрғындары біздегі жалақыны жақсы деуі мүмкін, алайда Астанада азық-түліктен бастап, жалпы күнкөріс қымбат. Аз жалақыны қала тұрғындары місе тұтпаған соң, амал жоқ жұмысшылардың шамамен 90%-ы іргелес ауылдардан келеді. Қарағанды облысының батысындағы Нұра, солтүстігіндегі Осакаров аудандарынан бастап, берідегі Қажымұқан, Қоянды, Талапкер сияқты ауылдардан жұмысшылар мекеменің шағын автобустарымен тегін қатынайды. Нағыз еңбек солардікі. Олардың басым бөлігі жұмысқа таң атпай 03.00-ден қамданады. Себебі тәртіп бойынша 06.00-де жұмысқа кірісу қажет. Бізде арнайы техника жүргізушілерінің ғана табысы жақсы, олар қыстыгүні 800 мың теңгеге дейін жалақы алады. Жұмысшыларды ынталандыру мақсатында бірнеше әлеуметтік шараны қолға алдық. Соның бірі – 80 орындық жатақхана. Оның бірінші қабатында 8 қызметтік пәтер орналасқан. Бұл нысан бұрын басқа мекеменің балансында болған. Кейін әкімдіктің қолдауымен бізге берілген соң, жөндеу жұмысын жүргіздік. Былтыр жыл соңында қызметкерлерге пәтер кілттерін табыстадық. Осыған қоса, бұрынғы орталық кеңсе ғимаратын қайта жөндеп, керек-жарағын түгендеп, пәтер ретінде қызметкерлерге үлестірдік. Ғимараттарды пәтер ретінде жөндеген соң, тұрмыстық техникаларын да түгендеп бердік. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мақсатында бұдан өзге де нақты жұмыс жетерлік.

– Қызметкерлердің алаңсыз еңбек етуіне тағы қандай жағдай жасалған?

– Айталық, бұрын жұмысшылардың қыстыгүні жылынатын, жазда тынығып, тамақтанатын орындары ғимараттардың жертөлесінде орналасқан еді. Енді әкімдіктің қолдауымен бос тұрған ғимараттарды алып, жөндеп, тынығатын орындарды бірінші қабатқа көшірдік. Жұмысшылардың жуынып, тамақ істеуіне, жылынуына, тынығуына қолайлы сегіз орын сайладық. Яғни қаланың барлық ауданында осындай орындар бар. Осыған қоса, қыс айларынан бастап, сәуірге дейін жұмысшыларымызды ыстық тамақпен қамтамасыз еттік. Қызметкерлердің саламатты өмір салтын ұстануына жағдай жасадық. Бассейнге барып, спорт залында жаттығуға мүмкіндік қарастырылған. Былтыр қызметкерлердің 200-ден астам баласына жазғы демалыс ұйымдастырдық. Олар Бурабайда демалып қайтты. Мұндай бастамалар ұжымның ауызбірлігін нығайтып, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына оң әсер етеді, еңбек өнімділігін арттырады. Сондай-ақ қызметкерлер медициналық сақтандыру аясында тегін емделеді. Артық­шылығы, медициналық көмек жұмыс­­шының өздеріне ғана емес, отбасы мүшелеріне де қолжетімді.

– «Астана Тазалық» серіктестігінің былтырдан бері цифрландыруға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге мықтап кіріскенін білеміз. Тәуекел деп коммуналдық салада алғашқылардың бірі болып жаңа, электронды жүйеге көштіңіздер. Нәтиже қалай, көңілден шықты ма?

– Бұрын барлық жұмыс қағаз жүзінде жүргізілетін. Бұл – жүйесіздікке, түрлі заңбұзушылыққа алып келетін. Соның ішінде жанар-жағармайды заңсыз пайдалану, яғни ұрлау жағдайы астыртын іске асатын. Электронды жол парағы осының барлығын тыйып, жүргізушінің заң бұзуына жол бермейді. Жүйе арқылы арнайы техниканың жұмысы нақты уақыт режімінде бақыланады. Техниканың қозғалыс бағыттары, орындалған жұмыс көлемі әрі материалдардың шығыны толық қадағаланады. Бүгінде жүйе 393 арнайы техникаға енгізіліп, нақты нәтижелерді көріп отырмыз. Мысалы, жол парағын рәсімдеу уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарды. Медициналық тексеруде адам факторы жойылып, техниканы желіге шығару қауіпсіздігі артты. Жанар-жағармай шығынын бақылау күшейді, отын деңгейін бақылау датчиктері мен бос жүрісті есепке алу арқылы жыл сайын 10%-ға дейін қаржы үнемделеді. Техниканы мақсатсыз пайдалану түгел дерлік жойылды, жұмыс тиімділігі артты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендеді. Нақты уақыттағы деректердің арқасында басқарушылық шешім қабылдау 15%-ға жеделдеді,  «өтінім – орындау – акт» тізбегінің ашықтығы тәртіпті күшейтіп, даулы жағдайларды азайтты. Бір ғана жанар-жағармайды бақылау арқылы 300 млн теңгенің шамасында қаражат үнем­делді.

– Цифрлық шешімдердің арқасында жұмыстың біразы автоматтандырылса, жұмысшылар да қысқаратын шығар?

– Иә, барлық деректер автоматты түрде қалыптасқан соң, қағазбастылық азайып, енді адами фактор төмендеді. Нәтижесінде, кейбір қызметтерді оңтайландырдық. Мысалы, бұрын тек қағаз құжаттармен айналысқан 35 диспетчердің орны қысқарды. Цифрландырудың арқасында есеп-қисап та автоматты түрде жүргізіп, жалақы бірден есептеледі. Кадр мамандары, бухгалтерлер қысқарады. Бұл жұмыстар қазір қанатқақты режімде іске қосылса, жазда толық енгізіледі деген жоспар бар. 2024 жылы мекемеде шамамен 2 448 адам жұмыс істеген болса, кейінгі оңтайландыру нәтижесінде бұл сан 1 740 адамға дейін азайды. Биыл қыс мезгілінде шамамен 1 428 қызметкер жұмыс істеді. Мұның барлығы цифрландырудың, жұмысты автоматтандырудың нәтижесі. Үнемделген қыруар қаражат мекеменің жоғын түгендеуге, жұмысшылардың жалақысын өсіріп, әлеуметтік жағдайын оңалтуға жұмсалады. Біздің қағидатымыз қарапайым, мекемеге нақты табыс әкелетін негізгі күш – жүргізушілер мен өндірістік персонал. Сондықтан артық әкімшілік, қосалқы қызметтерді қысқарту арқылы еңбек қорын тиімді пайдалануға болады. Цифрландыру жұмысын толық өзіміздің отандық ­IT-мамандар атқарғанын айта кеткен абзал. Білімді жастардың жұмысы көңілден шықты. Қазір бізге қызығып, еліміздің бірнеше аймағынан, тіпті Бішкектен коммуналық сала қызметкерлері келді. Олар да тиімділігін көрсеткен жүйені енгізгелі отыр.

– Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын сөз еткенде, олардың баспанамен қамтылуы туралы айтпай кете алмаймыз. Жақында мекеме қызметкерлерінің үйлі болуына қатысты жағымды жаңалық естіп едік, соны өз аузыңыздан естісек.

– Иә, кеше ғана 7 қызметкеріміз үйлі болуға мүмкіндік алды. Оларға екінші деңгейлі банктер арқылы ипотека рәсімдеу кезінде бастапқы жарнаның 50%-ын төлеуге арналған сертификат табыстадық. Бұл жылдар бойы өз баспанасына көшуді армандап жүрген қызметкерлерге үлкен жәрдем болды. Тұрғын үй сертификатына үміткерлерге мекемеде кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы, кейінгі жылдары өз атында тұрғын үй болмауы керек деген талаптар қойылды. Әлеуметтік жағдайы ескерілді. Біз әрбір қызметкердің отбасылық, тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік қарастырғымыз келеді. Әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде жұмысшылардың тұрғын үй алуы­на көмектесін бастамаларды алда үзбей, жалғастыруға ниеттіміз.

 – Сұхбатты түйіндей келе, тұрғын­дар­дың тазалық сақтау мәдениеті қаншалықты артты деп ойлайсыз?

– Салаға көзқарас өзгеруі қажет дегенді біз үнемі айтамыз. Қоғамда әлі күнге көше таза­лау­ға немесе қар күреу жұмысына бар­ғы­сы келетіндер аз. Бізде еңбек ететін­дер­дің де дені жасы үлкен азаматтар. Жастар жоқ емес, алайда салыстырмалы түрде өте аз. Тазалық тек тазалыққа жауапты жұмысшының мін­де­ті деп ойлайтындар әлі бар. Шын мәнінде, қала тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Қала – ортақ үйіміз. Біз жуыр­да тәжірибе жасап, Мәңгілік ел даңғылы бойындағы бір шақырым аумақты тәулік бойы тазаламадық. Нәтижесінде, сол қысқа уақыт ішінде мыңдаған темекі тұқылы, сусын бөтелкелері, балмұздақ, басқа да тұр­мыс­тық қалдықтар қоқыс тастауға тыйым салынған орындарда үйіліп қалды. Әри­не, тазалыққа бейжай қарамайтын тұр­ғын­да­рымыз көп, оларға алғыс айтамыз. Сол тұр­ғыда мен тазалық бізге үлкен еңбектің, адал жұмысшылардың арқасында келетінін жеткізгім келді.

Әңгімелескен –

Сәндібек АСАНӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see115

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see103

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары