Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мамандық меңгеріп, кәсіп бастауға мүмкіндік: Әділет партиясының инклюзивті жобасы қосылды

Мамандық меңгеріп, кәсіп бастауға мүмкіндік: Әділет партиясының инклюзивті жобасы қосылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада «Әділет» партиясының «Әділет – бәріне бірдей мүмкіндік» инклюзивті жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Яғни, жоба қатысушылары қолданбалы мамандықтарды тегін меңгеріп, SMM және қаржылық сауаттылық негізі бойынша білім алады. Алғашқы кезеңде олар визажист, шаштараз және маникюр шебері  сынды бағыты бойынша оқытылады. Сонымен қатар, олар әлеуметтік желілерді жүргізу және қызметтерді ілгерілету жағынан базалық дағдыларды меңгереді.

Жобаның ашылу салтанатына Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, белгілі параспортшы Айсұлу Сүлейменова қатысты. Ол жобаға қатысушылармен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Параспортшы ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасап, нақты мүмкіндіктер ұсынудың маңыздылығын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба тек білім берумен шектелмей, оның нәтижесін жұмысқа орналасу немесе өз бетінше табыс табуына мүмкіндік беруді көздейді.

«Жобаны «Әділет» партиясының Есіл аудандық филиалы іске қосты. Оқу қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Олар меңгерген жаңа дағдысына байланысты жұмысқа орналасып, не болмаса өздігінен табыс табуына жаңа мүмкіндік. Сондықтан жоба білім беру ісінен бастап, одан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі кезеңдерді қамтиды», – деді «Әділет» партиясы аудандық филиалының басшысы Санира Жүсіпова.

Пилоттық жоба аясында жыл соңына дейін 150 адамды қамту жоспарланып отыр. Бастаманың нәтижесіне қарай оның тәжірибесін еліміздің өзге де өңірлерінде енгізу көзделіп отыр.

Жобаға қатысушылардың бірі Айдана Хаймулдина бұған дейін жұмысқа орналасу бойынша партияға жүгінген екен.

Оның айтуынша, жоба туралы ақпаратты естіген бойда қатысуға шешім қабылдаған.

«Жоба жайлы ести салып, бірден оған қатысуға бел будым. Иә, қазір оқып жатырмын. Бұйырса, нәтижесінде өз бетімше табыс табуыма және әрі қарай дамуыма мүмкіндік беретін мамандықты меңгергім келеді», – деді ол.

Ал астаналық бойжеткен Айзере Мақсатқызы болса, осы жобаның арқасында жаңа мүмкіндікке қол жеткізгенін сөз етті.

Айтуынша, визажисттік кәсіпті меңгеру арқылы өзіне деген сенімі арта түскен.

– «Сам себе визажист» бағыты бойынша білім беріп жатқан барша жандарға алғысым шексіз! Бұл жай ғана кәсіп емес, өмірге деген құлшынысымды оятып, өзіме деген сенімімді арттыра түсті. Жаңа дағды үйрену арқылы жаңа мүмкіндікке жол ашылды. Бір маған емес, бұл барша қазақстандықтарға берілген мүмкіндік. Сол себепті «Әділет» партиясына, Құрылтай депутаттарына және Айгерім Нұрбекқызына ризашылығымды білдіремін. Осындай игі бастамаларды қолдап, жастардың өз қабілетін дамытуына жол ашып жүргендеріңіз үшін көп рақмет!, – дейді Айзере Мақсатқызы.

Ұйымдастырушылар бұл бастама ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуетін ашуға, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына көмектесетінін жеткізді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары