Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

AMANAT партиясының жобасы халыққа өмірді қарызсыз бастауға көмектесіп жатыр

AMANAT партиясының жобасы халыққа өмірді қарызсыз бастауға көмектесіп жатыр

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың шектен тыс қарыздану мәселесін көтеріп, өз Жолдауында олардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын айтқан. Ол халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету керек екенін мәлімдеді. Нәтижесінде, Президенттің тапсырмасы бойынша «AMANAT» партиясының бастамасы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Бүгінде жоба бұл мәселені бір реттік шарамен емес, жүйелі түрде жүргізілетін болған. Бұл туралы Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтты.

– Біз «жалақы – төлем – жаңа қарыз» шеңберін бұзып жатырмыз. «Қарызсыз қоғам» жобасы адамға үш түрлі тірек болып отыр: білім беру, құқықтық тұрғыда қорғау және берешекті өтеудің ыңғайлы жаңа кестесін әзірлеу. Президент жобаны жалғастыру жөнінде нақты міндет қойды. Сондықтан жобаны алдағы уақытта да жалғастыра береміз. Біз үшін оқу сертификаты емес, нәтиже маңызды. Отбасылар қарыз қамытынан құтылуы керек және несиеге өмір сүрмеуге тиіс», – деді Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

«AMANAT» партиясының Астана қаласындағы кеңсесінде 40 шақты заңгер жұмыс істесе, өңірлерде тағы ондаған маман еңбек етеді. Былтырдың өзінде 845 мың адамға көмек көрсетіп, биыл 1 миллион қазақстандықты қамтымақ. Ал Call-орталыққа күн сайын үш мыңға жуық қоңырау шалынады.

«Қарызсыз қоғамның» атқарушы директоры Олжас Ордабаевтың айтуынша, жоба мамандарының жұмысы телефон арқылы кеңес берумен ғана шектелмейді. Биылдың өзінде қарыз жүктемесі 28 миллиард теңгені құрайтын 40 мыңнан астам адам жүгінген.

 – Мамандарымыздың араласуы арқылы миллиард теңгеден астам берешекті есептен шығаруға немесе қайта құрылымдауға мүмкіндік туда. Бірде айыппұл мен өсімпұлы алынса, енді бірінде төлем кестелері түзетілді. Бұл – біз үшін сенім білдірген адамдардың тағдыры. Жоба – қарапайым кеңес беру шеңберінен шығып, азаматтарды толғандырған мәселе бойынша істің басынан аяғына дейін қолдау көрсететін толыққанды жүйе. Олар талап-арыздар әзірлейді, ЭЦҚ алуға көмектеседі, банкроттықты рәсімдеу кезінде азаматтарға қолдау көрсетеді, ал алаяқтық фактілері анықталған кезде материалдарды Қаржылық мониторинг агенттігіне және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдайды, – деді ол.

Жоба заңгерлері күн сайын түрлі ауыр жағдайға тап болады. Соның бірі – Нарима Асаинова. Ол қайта құрылымдау және банкроттықты рәсімдеу кезінде борышкерлерге көмек көрсетеді.

– Бір клиентке банктер қайта қаржыландырудан бас тартқан. Сөйтсе, оның 11 миллион теңге қарызы бар болған. Құжатын дұрыстап, оның төлем қабілетін көрсету арқылы сот қарыз жүктемесі айтарлықтай төмендетті. Істі сотқа дейін жеткізу – мәжбүрлі шара. Алайда бұл – Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырудың жарқын дәлелі. Яғни, әр адам құқықтық салада әрекет ету арқылы өз мүддесін қорғай алады, – дейді ол.

«Қарыссыз қоғам» жобасына қатысқан көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері өзінің тұғырықтан шыққанын айтты.

– Дәулет Мұқаевтың Instagram парақшасынан қарыздан құтылуға болатынын көріп қалдым. Сөйтіп Шымкент қаласындағы «AMANAT» партиясының филиалына барып, өтінішімді жазып кеттім. Есепшотым ареста түсіп, картам бұғатталып қалған. Мәселемнің бәрі оңынан шешілді. Ал аз көлемдегі несиелерімді жауып, ірісін бөліп төлеуге график бекітілді. «Барсаң, ақша сұрайды, қызметіне 10 мың теңге алады» деген өтірік сөз. Өзімнен ешкім ақша алмады, бәрін тегін шешіп берді. Тіпті, артынан құрбымды ертіп апардым. Қиналым жүргенімде жобаның маған көп көмегі тиді, – деді көпбалалы ана.

Еске сала кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы 2023 жылы 2 мамырда 12 банктің және 11 мемлекеттік органның қолдауымен бастау алды. Сарапшылардың дәрісінен бөлек, жобаға қатысушылар enbek.kz порталына тіркелу және ЖК ашудан бастап, соттан тыс банкроттық кезінде көмектесу және берешекті өтеу кестесін әзірлеуге дейінгі түрлі сұрақ бойынша кеңес алады. Барлық кеңес тегін беріледі, заңгерлер әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары