Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қарызсыз қоғам жобасы жұмыс берушілердің қолдауына ие болды

Қарызсыз қоғам жобасы жұмыс берушілердің қолдауына ие болды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Құжат «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын жүйелі жүзеге асыруға, қызметкерлердің несиеге тәуелділігін азайтуға, олардың қаржылық сауаты мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ отбасылар мен еңбек ұжымдарының әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов қатысты. 

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «Қарызсыз қоғам» жобасы кейінгі жылдары партиялық бастамадан ауқымды жалпыұлттық бағдарламаға айналғанын және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарды қолдау құралы ретінде өз тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.

«Қарызсыз қоғам» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауына ие болды. Биыл Президент өз Жолдауында оны одан әрі жүзеге асыру және дамыту қажет екенін тағы да атап өтті. Жобаның құндылығы формалды көрсеткіштермен емес, айқын нәтижелермен және азаматтарға тигізетін нақты пайдасымен өлшенеді. «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігі партияның, мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен қоғамдық құрылымдардың бірлескен күш-жігері арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай өзара іс-қимыл күрделі қоғамдық міндеттерді шешудегі әлеуметтік әріптестіктің әлеуетін айқын көрсетеді. Осы тұрғыда «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою қисынды әрі уақтылы шешім болып отыр», – деді Дәулет Кәрібек.

Меморандум «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру шеңберінде тараптар ынтымақтастығының жалпы қағидаттарын, бағыттары мен нысандарын айқындайды. Оның мақсаты – азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға, жауапты қаржылық мінез-құлық қалыптастыруға және еңбек ұжымдарының қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату әрі ұзақ мерзімді, жүйелі және тиімді өзара іс-қимылды дамыту.

Құжат аясында қызметкерлерге кеңес беру, ақпараттық және заңгерлік көмек көрсету, оқыту іс-шараларын жүргізу, түсіндіру материалдарын әзірлеу және тарату, сондай-ақ несиеге тәуелділіктің жүйелі себептерін бірлесіп талдау және әрекет ету шараларын әзірлеу көзделуде.

Ұйымдастырушылық өзара іс-қимыл шеңберінде тараптар бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жобаны сүйемелдеу үшін цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндігі туралы уағдаласты.

Өз кезегінде, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында тұрақты қарым-қатынас болмайынша, лайықты еңбек, әділетті жалақы және қауіпсіз жағдай жөніндегі халықаралық стандарттарды жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, меморандум осы бағыттар бойынша жүйелі және бірлескен жұмыстың негізін қалайды.

«Қарызсыз қоғам» – «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған өте маңызды және уақтылы жоба. Біз әрдайым бірлескен жұмысқа белсенді атсалысуға дайынбыз. Партиямен бірлесіп жұмыс берушілерді қаржылық сауаттылықты арттыру және несие жүктемесін азайту бағдарламаларына тарту – маңызды қадам деген ойдамыз. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге қолайлы жағдай жасайды. Бүгінде өңірлерде әлеуметтік диалог орталықтары ашылды. Мәселен, жуырда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында осындай орталық өз қызметін бастады. «AMANAT» партиясының және кәсіподақтардың атсалысуымен осы орталықтарда қызметкерлердің қарыз берешегі мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде», – деді Жұмабек Жанықұлов.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар «AMANAT» партиясы мен «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, қызметкерлердің мүддесін қорғауға және елдегі әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see179

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see161

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see159

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see157

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see155

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see155

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see155

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see154

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see154

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see153

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see153

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see152

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see152

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see151

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see151

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see150

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see150

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see150

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see149
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары