Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандағы бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері аталды

Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

БҚО да ақтүтек боранда хабар ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды

Атыраудағы қатты желден бес автокөлік зақымданды: шығынды кім өтейді?

Цифрлық валюта: Қазақстан көшбасшылар сапында

Қазақстанның қай өңірінде инфляция баяулады?

Орталық Азиядағы халықаралық IB бағдарламасы бойынша мұғалімдер даярлайтын тұңғыш жоғары оқу орны анықталды

Президент әкімшілігі билік Ордасының бір бөлігін бұзып, билейтін зал салмақшы

ҚТЖ жолдардың жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырып жатыр

Денсаулық сақтау министрі жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты тың мәліметпен бөлісті

БҰҰ: дағдарыс һәм даму

Қазақстанда жаңа көлік саудасының рекорды тіркелді

Алтын мен мыс өндірісінің өсуі өңдеу өнеркәсібіне серпін берді

Қазақстан мен Франция азаматтарды реадмиссиялаудың құқықтық негізін бекітті

Чемпиондар лигасының үздік қақпашысы . Темірлан Анарбековке топ 5 лигадағы қай клубтар мұқтаж

Жас өрендердің жыр додасы

Тоқаев Жапония императорымен кездесті

Алматыда шетелдік туристер көп баратын ТОП 8 орын қайсы

Пара алумен ұсталған Хромтау әкіміне үкім шықты

Мэрайя Кэри 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады

Қарызсыз қоғам ауылға аманат

Қарызсыз қоғам ауылға аманат

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мәселен, несиені тұрмыстық қажеттіліктерге емес, табысты кәсіп бастау үшін алып, бизнеске салған адам ұтады. Бизнестен көп қаражат жинап, сосын қажеттіліктеріне жұмсаса да болады. Кәсіптің көзін тауып, ақшаның дәмін татқан кісі жиған-тергенін басқа да бизнеске салуды жөн көреді. Қаржылық сауаттылық адамды бос шығын, артық төлемдерден сақтандырады. Киім, жиһаз, тұрмыстық техника, телефонды бөліп төлеуге алып жатқан адамдар қызығына кіріп кетпей, ақшасын есептеп көрсе пәленбай миллионға жеткенін байқайды. Ал 1-2 млн теңге несиеге кәсіп ашып, ақша жинап алып барып, үйі мен өзіне керектісін түгелдесе, қазіргідей дүние жарысқа түспес еді. Шамасы жетсін-жетпесін бір-бірінен қалыспай жарысудың салдарынан да адамдар қарыз­ға батып жатыр. Әйтеуір, соңғы жылдары азаматтарымыз ипотекалық несиеге үй мен көлік алып, маңызды мәселені шешуге көше бастады. Баспана – өмір сүретін тұрағына, ал көлік күнкөріс көзіне айналды. Бұл да халықтың мемлекеттің көмегіне қарап қалмай, өз бетінше әрекет еткенінің көрінісі. 

Елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болғандықтан, банктердің берген жоғары пайызды несиесін төлей алмай жатқандар жетерлік. Себебі тұрақты жұмысы жоқ төлем қабілетіне кепіл жоқ. Десе де, арасында ай сайын төлем жасап жүргендер баршылық. Әрбір екінші адамның несиесі бар. Оның басым бөлігі әлгінде айтқан тұрмыстық қажеттіліктерге алынған. Несиені төлей алмай қалған 1,5 млн борышкерлердің есепшоты бұғатталған. Ал жұмыссыз азаматтардың көбеюіне әкеп соқты. Белгілі бір жерде жұмыс істеу үшін есепшот  ашық болуға тиіс. Бүгінде халықтың банктерге берешегі 26 триллион теңгеден асып кеткен. Банктер саудамен айналысып, халық банктердің асыраушысына айналды. Бұл алаңдатарлық мәселеге мемлекеттік деңгейде мән беріліп, Президент пәрменімен 2019 жылдың өзінде 500 мың адамның несиесі кешірілді. 90 күннен аса төленбеген қарызы бар борышкерлер банкрот деп таныла бастады. Сөйтіп, қоғамда қалыптасқан «жалақы – төлем – жаңа қарыз» шеңберін бұзу басталды. Бұл іске бас партия кірісті. Азаматтар банктерге берешекті болып қалмау үшін «AMANAT» партиясы Президент тапсырмасына сәйкес «Қарыз­сыз қоғам» жобасын жүзеге асырып келеді. Яғни, азаматтардың қаржылық сауат­ын ашумен айналысуда. Нәтижесінде, бір миллионнан аса адам қаржылық сауат ашу курсынан өтті. Бұл іске елдегі 21 қар­жылық ұйымның ішінен 12 банк қар­жыгерлері мен 11 ведомство, эконо­мика­лық сарапшылар жұмылдырылды. Партияның 200-ге жуық білікті заңгері әлі күнге бұл бағытта кеңес беруді жал­ғастыруда. Тіпті, ата-анасының жағдайы бар-жоғына қарамастан, айфон алдыратын жастарға шейін қаржылық сауат ашу сабақтары жүргізілді. Бүгінгі жастар не­сиенің өзін жөнімен алуды үйренсе игі еді. Себебі жас отбасыларға үй мен көлік, күнделікті табыс түсіп тұратын кәсіп теледидар, телефон және т.б. дүниелерден маңызды болуы керек. Мысалы, 2023 жылы 7 миллионнан астам отандасымыздың мойнындағы несиесінің жалпы сомасы 15 триллионнан асса, қазір 26 триллионға жеткен. Қарызы 180 миллиард теңгені құрайтын 45 мың 200 борышкер банкрот деп танылып, тізім біршама азайды. Олардың 5 жылдан бергі қарызы өтел­меген екен. Олардың арасында әлеуметтік осал топтар да бар. 

«Қарызсыз қоғам» жобасының аясында биылдың өзінде 862 мыңнан астам адам кәсіби құқықтық көмек алған. Оның 53 па­йызы ауыл адамдары болса, 61 пайызы – әйелдер. Көпшілік уақытылы төлей алмаған қарыздың кесірінен есепшоты бұғатталып, жұмыссыз қалып, уайыммен күн кешіп жүр. Қазір несиені реттеуге арналған заңдар жұмыс істеп тұр. Сондықтан уайым кешіп жүре бермей, мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Соның арқасында партияға өтініш берген 500 мыңға жуық борышкердің жартысына несие төлеудің жаңа кестесі түзіліп, қарызын қайта құрылымдауға мүм­кіндік туды. Олардың банк картала­рындағы арестті шешуге заңгерлер көмектесіп, жа­лақы мен әлеуметтік төлемдер алуына жол ашылды. Десе де, әлі де несие тарихы нашар адамдар әлі де бар. Олардың қаржылық білімінің төмендегін пайдаланып, сот орын­­даушылары мен коллекторлар өз дегенін істеп жүр. Банкрот деп танылу үшін де, несие төлеу кестесін түзу үшін де, сот орындаушылары мен коллекторға алданбау үшін де заңгерлер мен сотқа жүгіну керек. Мемлекет басшысы қабылдаған заң борышкерлердің мәселесін шешуге тиіс. Оған жауапты органдар банктер мен кол­лек­торлардың ықпалында кетпей, заң та­лаптарының орындалуына жұмыс істеу керек. Әйтпесе, ел ішінде әлі де зейнеткер­лердің зейнетақысын бұғаттап тастап жатқан сот орындаушылары мен коллекторлар бар. Өздеріңізге коллекторлық компания­лардың банктердің қарызын сатып алуға мораторий жарияланған. Ол тағы бір жылға созылып жатыр. «Қарызсыз қоғам» аясында 35 мыңдай адамның қарызы қарызы толығымен есептен шығарылса, жүздеген азаматтың төлем қабілеті қалпына келтірілді.

Сондай-ақ екінші дәрежелі банктерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көрсетпеуді қоғам талап етуде. Банктердің айналасында дау көбейіп кеткендіктен, Президент Парламентке «Банк туралы» заң әзірлеуді тапсырды. Қазір заң жобасы Сенаттың қарауында жатыр. Банктердің өсімі де борышкерлерді титықтаумен келеді. Халық емес банкрот боп жатқан, жоғары өсімді банктер бұқараны да, мемлекетті де, бизнесті де шығындатып жатқан. Салыстырмалы түрде қарасақ, 22-38 пайыз бен 2,5-4 пайыздың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар емес пе? Президенттің шетелдік банк филиалдарын ашуды тапсырғанына біраз болды. Бірақ әлі созбалаңға салынып келеді. Шетелдік банктерде өсім төмен. Ал Ислам банктерінде тіпті жоқ. Біздің екінші деңгейлі банктердің өсімін төмендету керек. Банкроттық пен несие айналасындағы проблеманың шешімі осы да ғана. Пайыз өсімін 22-38-ден 4-8 пайызға дейін төмендету қажет. Елдегі екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға мемлекеттен триллиондар бөлініп келді. Қанша табыс тауып жатса да, Президент айтқандай, қозғалыссыз жатқан активтерді экономиканы көтеруге бұрмай келеді. Сондықтан екінші банктерге мемлекет тарапынан көмек бермеу керек те әрі пайыздың үстемақысын төмендетуді заңмен шегелеп талап ету қажет. Жаңа заңда несие алу мен бөліп төлеуге тауар сатып алуда клиенттің төлем қабілеті жан-жақты ескерілертін болады. Банктердің үстемақысы жоғары болғандықтан, қарызын төлей алмай жүргендер пайызды төмендетуді сұрануда. Халықтың сөзінің жаны бар. Біздің банктер 4-8 пайызбен үстемақыны асырмаса мұртын балта шаппайды, бәрібір еселенген табысқа кенеледі. 

Қарыз алмас бұрын терең ойланып, жан-жақты зерделеп барып, алған немесе бас тартқан дұрыс. Бұл нормативтік те реттелді. Егер несие рәсімдеп қойып, 24 сағат ішінде айнып қалсаңыз, бас тарта аласыз. Сарапшылар осындай кедергілер кепілсіз несие рәсімдеу көрсеткішін төмендетуге себеп болғанын айтады. Цифрландыру дәуірінде онлайн кепілсіз несие рәсімдеу оңай боп кетті. Соңы кейбір отбасын шарасыз қалдырды. Енді банктің өзіне барғандарға несие беру де көзделіп отыр. Сол сияқты алаяқтықпен рәсімделген несиелер банкрот деп танылуда. Барлық іс-шара халықтың қаржылық сауатын арттыру мен бейберекет несие рәсімдеуден сақтандыру үшін жасалып жатыр. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтті. «AMANAT» партиясы халыққа түсіндірме жұмысын жүргізу мен құқықтық көмек көрсетуді жалғастыра бермек. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов алда атқарылатын үш басымдықты жария етті. Алға қойған мақсат стратегиялық міндетке айналады. Жастарды қарызданудан сақтандыру үшін «AMANAT» партиясы Оқу-ағарту, ғылым және жоға­ры білім министрліктерімен бірге жұмыс істейді. Яғни, бюджет, процент, несие мен цифрлық қауіпсіздік туралы базалық білімді меңгеруді әр оқушы мен студенттің оқу процесінің міндетті бөлігі болады. Төрағаның айтуынша, қаржылық сауаттылық экономи­калық дефолтқа ұшырамауға кепіл. Қазір несие қарыздары тақырыбы толық зертте­ліп бітті. Сондықтан нақты қадамдар ай­қын. Енді көпшілікке ұғынықты бірыңғай ме­ханизм жүзеге асырылады. Жасанды интеллект базасы негізінде «борышкер терезесі» құрылады. Онда борышкерлерге жазылатын айыппұлдар мен үстемақысын есептен шығару тетіктері енгізіледі. Десе де, бұл – ұзақ уақыт талап ететін бастама. Бәрібір аяқсыз қалмайды. Себебі партия қарызданып қалған азаматтар үшін қабылданып жатқан шаралар қолжетімді болады. Қажетті рәсімдерді бастау үшін талап етілетін кешіктіру мерзімі қысқар­тылмақ. Яғни, әрбір отбасының нақты кі­рісі ескеріліп, төлем кестесін қалпына кел­тіру жоспары икемді етілмекші. Ал әлеу­меттік жағынан осал санатқа жататын жан­дарға жалған банкроттық үшін жауап­кершілікті күшейту көзделеді. Жалпы айт­қанда, банкроттық туралы заңды одан әрі жетілдіру жоспарланған. Бұл тұста несие жаппай кешіріледі деп түсінбеу керек. Ең дұрысы, алған қарызды уақытылы төлеп тұру. Қоғамда борышкерлер арасында алған несиесі нәпақа табуға мотивация болып, көп жұмыс істеп жүргендер жоқ емес. Олар да тұрмыстық қажеттілікке несие алуды тоқтатып, бизнес бастауға немесе үй мен көлік алуға бетбұрыс жасаса аяққа тұруына септігі тиеді. 

«AMANAT» партиясының тағы бір же­місті бастамасы – «Ауыл аманаты» жо­басы. 2,5 пайызбен несие беріп, ауыл тұрғын­дарының өз кәсібін бастап, тұрмысын тік­теуіне септігі тиді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерімен өткен жиында: «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беруде. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарлама­ға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бө­лінеді», – деді. 

Бұл жаңалық ауыл тұрғындарының үмітін оятып, қуантып тастады. Халыққа арзан пайызды несие керек. Іргедегі Қытай 1 пайыздық несие таратып, азаматтарының бизнеспен айналысуына жағдай жасап, қазір бәрі инвестор болатын дәрежеге жеткен. Еліміз үшін 20-38 пайыздық несиеге қарағанда 2,5 пайыздық несие қолжетімді болса, нұр үстіне нұр болар еді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда партия тарапынан бұдан да басқа игілікті істер көптеп атқарылуда. Отбасылардың өмір сүру салтын қарызсыз қалыптастырып, мол табысты кәсіпті болуында «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» қайырлы жоба болып тұр. 

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:27
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 06:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандағы бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері аталды

17 Желтоқсан 2025 09:35see110

Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

17 Желтоқсан 2025 16:16see109

БҚО да ақтүтек боранда хабар ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды

16 Желтоқсан 2025 16:26see108

Атыраудағы қатты желден бес автокөлік зақымданды: шығынды кім өтейді?

16 Желтоқсан 2025 22:23see108

Цифрлық валюта: Қазақстан көшбасшылар сапында

17 Желтоқсан 2025 13:04see108

Қазақстанның қай өңірінде инфляция баяулады?

17 Желтоқсан 2025 13:12see108

Орталық Азиядағы халықаралық IB бағдарламасы бойынша мұғалімдер даярлайтын тұңғыш жоғары оқу орны анықталды

17 Желтоқсан 2025 12:17see108

Президент әкімшілігі билік Ордасының бір бөлігін бұзып, билейтін зал салмақшы

17 Желтоқсан 2025 11:15see107

ҚТЖ жолдардың жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырып жатыр

16 Желтоқсан 2025 18:46see107

Денсаулық сақтау министрі жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты тың мәліметпен бөлісті

18 Желтоқсан 2025 02:22see107

БҰҰ: дағдарыс һәм даму

18 Желтоқсан 2025 07:13see107

Қазақстанда жаңа көлік саудасының рекорды тіркелді

16 Желтоқсан 2025 22:23see106

Алтын мен мыс өндірісінің өсуі өңдеу өнеркәсібіне серпін берді

17 Желтоқсан 2025 10:12see106

Қазақстан мен Франция азаматтарды реадмиссиялаудың құқықтық негізін бекітті

17 Желтоқсан 2025 13:03see106

Чемпиондар лигасының үздік қақпашысы . Темірлан Анарбековке топ 5 лигадағы қай клубтар мұқтаж

18 Желтоқсан 2025 12:40see105

Жас өрендердің жыр додасы

18 Желтоқсан 2025 03:54see105

Тоқаев Жапония императорымен кездесті

18 Желтоқсан 2025 09:24see105

Алматыда шетелдік туристер көп баратын ТОП 8 орын қайсы

16 Желтоқсан 2025 18:00see105

Пара алумен ұсталған Хромтау әкіміне үкім шықты

17 Желтоқсан 2025 13:02see105

Мэрайя Кэри 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады

16 Желтоқсан 2025 16:26see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары