Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ел тұрғындарының арасында борышкерлердің көбеюі – бүгінгі күннің алаң­­­датарлық мәселе­лері­нің бірі болып отыр. Банк­­тер мен микроқаржы ұйым­­дары жұрттың төлем қабі­лет­терін тексер­­мей, қарыз таратуы сал­д­арынан кейін­гі жыл­дары төлем уақыты кешік­­тіріл­­ген немесе мүл­де төлен­беген несиелер саны күрт артты.

Коллаждарды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Дегенмен қаржы ұйымдары­ның қызметін реттеуге арналған заң­намалардың қабылдануы, Қаржы мониторингі агенттігінің бел­сенді жұмысы тұрғындар мой­нындағы қарыз қамытын сәл жеңіл­детті. Соған қарамастан, көп­тен қордаланған мәселенің түпкі түйініне жету оңай болмай тұр.

Жыл басындағы мәлімет­тер­ге сүйенсек, 8,5 млн отандасы­мыз­дың несие қарызы бар. Со­ның ішінде 1,5 млн адам қарыз­дарын 90 күннен артық кешік­тірген немесе төлемей жүр. Өткен жылы жеке адамдар тұ­ты­нушылық не­сиені ипотекаға қарағанда екі есе көп алған. Борышкер­лер мәселесінен Ақтөбе облы­сы да сырт қалмады. Мемле­кет­тік нес­ие бюро­сының дерегі­не сәй­кес, өт­кен жылы Ақтөбе об­лы­сы­ның 41 539 тұрғыны банк­­­тер, мик­ро­қаржы ұйым­­дары мен кол­лек­торлардың «қара тізі­міне» енген. Төленбей қал­­­ған қа­рыз пси­хологиялық қы­­­сым туғызады, отбасылардың өмі­рі­не тынышсыздық әкеледі, тө­лем карточкалары мен есеп­шо­ты бұғатталған адам қаржы ауда­рым­дарын да жүргізе алмайды.

Елдегі ең көп қарыз алушы­лар­дың саны, олардың жас ерек­ше­лігі, әлеуметтік жағдайы, не­сие­ні алу мақсаты, төлей алмау себе­бі жөнінде ортақ талдау жоқ. Бұл жерде әрбір борышкердің жағдайын жеке қарастыру керек деген пікірді ұстанады мем­ле­кеттік орган өкілдері. Де­генмен екі жыл бұрынғы жағ­дай­мен салыстырғанда, биыл қарыз­да­рын төлей алмай жүрген ақтө­бе­ліктер саны азая бастаған. Об­лыстық прокуратура мен жұ­­мыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жыл басында 26 мың ақтөбеліктің банктер мен микроқаржы ұйымдарының алдында қарызы бар деп мәлімет берді. Мемлекеттік кредит бюро­сы­ның өткен жылғы дерегі мен мем­лекеттік органдар берген мә­лі­мет арасында айырмашылық – 15 мың адам.

– Азаматтарымыздың қарызға кіріп кетуіне қаржы сауатты­лы­ғының аздығы да себеп болып отыр. Әр адам, әр отбасы қол­да­ғы қаражатты жоспарлау, бас ар­тық шығындардан бас тарту, жинақтау мәдениетін үйреуге тиіс. Осы мақсатта өткен жылы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 22 151 ақтөбелік қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыды. Жұмыс берушілер, банк филиалдары өкілдері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен Ақтөбедегі адам көп жиналатын орындарда бірнеше рет Ашық есік күнін өткіздік. Еңбек мобильді орталығы маман­дары келушілерге бос жұмыс орын­дарын ұсынды, банк мамандары қарыздарды реттеу, банк­рот­тыққа беру жолдары жөнінде кеңес берді, – деді об­лыстық жұ­мыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар бас­қармасы басшы­сының орынбасары Ермек Тауанов.

 – Облыстық прокуратура қызмет­кер­лері банктер, микро­қаржы ұйымдарынан несие алып, 90 күннен астам уақыт төлей алмай жүрген 26 мың борышкердің жағ­дайына талдау жүргізіп, арасынан мүгедектер, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отба­сыларды бөліп алдық. Осал топтағы азаматтардың несие алу мақ­саттары анықталып, әлеу­меттік жағ­дайына толық талдау жүргізілген соң көмек түр­лері қарастырылады, – дейді Ақтөбе об­лыстық прокуратурасы бас­қар­­ма бастығының орынбасары Ардақ Сәдуақасов.

Несиені уақтылы төлей алмау­дың бір себебі – тұрақты жұ­мыс орындарының болмауы. Еңбек нарығы қай салада болсын тәжірибелі мамандарға зәру. Мәселен, «Еnbek.kz» порталы арқылы ақпан айы­на Ақтөбе қаласынан 891 жұмыс орны ұсы­нылған. Осы ретте тек ақпан айын­да өткізілген Ашық есік кү­нін­де «Ақтөбе қаласының мансап орталығы» филиалы арқылы 42 ме­кеме 110 маманға сұраныс түсір­ген.

– Біз бекітілген кестемен жұ­мыссыз азаматтар, бас бостан­ды­ғынан айыру орындары­нан босатылғандар, пробация қыз­меті есебінде тұрған тұл­ға­лар, алимент жөніндегі борышкер­лер­ге жұмыс орындары жәр­мең­кесін ұйымдастырамыз. Мәсе­лен, қаңтар-ақпан айларында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақ­­стан медицина уни­вер­ситетіне кіші техникалық қыз­­­мет­­кер, «Автологистика» ЖШС-не техник-слесарь (жа­ла­қы­сы – 400 мың теңге), «Аграр­лық несие кор­порациясы» АҚ-на заң бөлі­мі­нің бастығы (500 мың теңге), «Анвар» ЖШС-не есеп­­ші, қоймашы (180 мың теңге), «Темірбетон бұйымдары – 25» ЖШС-не көпір кранының машинисі (200 мың теңге), «QazTechPlast» ЖШС-не сауда менеджері (230 мың теңге), аспаз (220 мың теңге), пластикалық құбыр шығаратын жабдық ма­ши­нисі (320 мың теңге), оператор көмекшісі (250 мың теңге), «Ер Қосай Секьюрити» ЖШС-не күзетші (140 мың теңге), «FIBC Kazakhstan» ЖШС-не тігінші (150 мың теңге) мен станок операторы (180 мың теңге) керек болды. Ақтөбе қаласындағы №2 мектеп-гимназиясына директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары (195 мың теңге) мен орыс тілі сыныптарына математика пәні мұғалімі (185 мың теңге), «Сәттілік және К» ЖШС-не бала­бақша меңгерушісі (300 мың теңге) қажет, – дейді «Ақтөбе қа­ла­сының мансап орталығы» фи­лиа­лының директоры Айна Мырзатаева.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның борыш­керлікті реттеуге қатысты өз ұста­нымы бар.

– Мәжіліс депутаттары банк қызметі жөнін­дегі заңды қарау кезінде борыш­кер­лер­дің арыз-шағымдарын үш деңгейде қарау жүйесін бекітті. Бұл қалай жүзеге асырылады? Ең бірінші кезекте клиент арызын банктің өзі қарайды. Екі тарап ортақ мәмілеге келе алмаған жағдайда клиент қаржы омбудсменіне арыздануға құ­қылы. Өткен жылдан бастап микро­қаржы ұйымдарының бо­рыш­керлері несие қарызына бай­ланысты қаржы омбудс­ме­ніне шағымдана алады. Биыл банк клиент­тері де осы мүмкіндікке ие болады. Бір сөзбен айтқанда, микронесие ұйымы мен банк клиенттеріне жеке-жеке омбудс­мен бекітілді, – дейді Д.Еспаева.

Жалпы, қарызға белшесінен батқан­дардың жағдайы аз уақыт­та шешіле салмайды. Борыш­кер­лердің көбі микро­қаржы ұйым­да­рының клиент­тері. Мәселен, бір адам бір микроқаржы ұйы­мынан қатарынан 5-6 несие алса, екіншісі елдегі 100 микро­қаржы ұйымының бәріне қарыз. Бір несиені жабамын деп екінші, үшінші, төртіншісін ала бергендер де көп. Осындай бей-берекет­сіздік қаржы ұйымдарының қыз­метін заңдық тұрғыдан қатаңдату тура­лы шешімге әкелді. Борыш­кер әуелі микроқаржы ұйымын­дағы омбудс­менге келеді. Омбудс­мен екі тараппен келісе отырып, бірыңғай төлем кестесін әзірлейді. Бірақ микроқаржы ұйымына қарызды өтеу талабы банк қарыздарын өтеуден мүлде бөлек. Осы ретте Мәжіліс депутаттары банктер мен микроқаржы ұйымдарында ортақ омбудсмен болуы керек деген ұсыныс жасады. Бұл өте күрделі, даулы мә­селе. Елде қарызға батқан аза­­маттардың саны көп. Осы ретте микроқаржы ұйымы мен банк­терде бірыңғай омбудсмен қызметі тек 2027 жылдан бастап енгізілетін болды.

Дегенмен, былтырдан бас­­­тап мик­­роқаржы ұйымдарының жұ­­мысын Қаржылық бақылау агент­­тігінің қатаң бақылауынан кейін қарыз төңірегіндегі қара тұман біраз сейілгендей болды. Борышкерлердің банктермен мәмілеге келуі, төлеу уақытын ұзартып, сомасын азайту шара­ла­рының қабылдануынан соң қарыз төңірегіндегі ахуал біртіндеп түзе­ліп келеді. Микроқаржы ұйым­дарына бақылау күшейген соң борышкерлер саны көбей­ген жоқ. Жеке адамдар мен қаржы ұйымдарының арасына омбудсмен инситутының ен­гі­зілуі, мәселе шешімін тап­па­ғанда борышкердің Қаржы бақылау агенттігіне ша­­ғым­дану мүмкіндігіне ие болуы азамат­тар құқығын қорғау бағы­тында нәтиже беретін іс. Соған қарамастан, өте сирек жағдайда бол­маса қаржы ұйымдары еш­кімге қарызының есесін жібер­мейді. Бұл жерде қарыз алушы уақытты созып, сәл ұтқаны­мен, бәрібір мойнындағы жүкте­месінен құтыла алмайды. Сол себепті әрбірі­міз қарыз аларда ақыл тара­зы­­­­сына салғанымыз жөн. «Көрпеңе қарай көсілу» қай кезде де ең ұтқыр шешім болады.

Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар

Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 09:03

«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға

Саясат • Бүгін, 09:00

Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде

Референдум • Бүгін, 08:58

Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным

Саясат • Бүгін, 08:55

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Келісім мен тұрақтылық темірқазығы

Қоғам • Бүгін, 08:50

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Қоғам • Бүгін, 08:45

Риелторлар нарығына реформа керек

Қоғам • Бүгін, 08:43

Іскер болмай, ілгерілеу жоқ

Экономика • Бүгін, 08:40

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

Қоғам • Бүгін, 08:38

ЖИ-ді оқу жүйесіне енгізу жеделдейді

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35

Көпдеңгейлі тілдік модель

Digital • Бүгін, 08:33

Инженерлік білім – ел болашағының берік негізі

Білім • Бүгін, 08:30

Игілігі мол интеллектуалды жобалар

Digital • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары