Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Жанат Әскербекқызы, ақын: Ақындық мамандық та, кәсіп те емес

Жанат Әскербекқызы, ақын: Ақындық мамандық та, кәсіп те емес

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның өлеңдерінде ұлттық рух, адам жанының иірімдері айқын сезіледі. Кейіпкеріміз қазақ әдебиетінің теориясы мен сынына да елеулі үлес қосып келеді. Ақынмен әңгімеміз де рухани кеңістік туралы, әдеби өмір туралы өрбіді.

– Ақын Жанат та, ғалым Жанат та көпке танымал. Өлеңдеріңіз де, ғылыми мақала­ларыңыз да жиі жарияланып отырады. Бірақ өзіңіз туралы көп айта бермейсіз. Құпия, жасырын болғанды жақсы көретін секілдісіз. Оның себебі неде?

– Әлеуметтік желіде «лақап атты» біреу «асқан білгірлікпен»: «ақын болып та, ғалым болып та жарытқаны шамалы» деген мағынада комментарий жазғанын көзім шалып еді. Шамасы, соның айтқаны дұрыс болар. Әзілім ғой... 

Мұғалімдер отбасында дүниеге келіп, тәрбиелендім. Бұл тәрбие әр сөзге, әр іске жауап беруге үйретті. Апаларым (біздің ауылда «әжені» «апа» дейді) тарапынан да ескерту, бағыт беру көп болды. «Алға шықпа – көз тиеді, артта қалма – сөз тиеді. Тең ортада жүр», – дейтін еді 92 жас ғұмыр кешкен нағашы апам. Шама келсе, солай болуға тырысып жүрген түріміз шығар. 

– «Ғылым мен поэзияның ортақ тұсы бар: ол – әдебиет» деген екенсіз. Ғылым жо­лына бет бұрмағаныңызда немен айна­лысар едіңіз? Жалпы, өлең ақынды асырай ала ма? 

– Екеуінің біреуі ғана десе, екеуін санамдағы бір сарайға орналастырып, «әдебиет» деген бір атаумен таңдар едім. Әрине, таңдау жасауға мүмкіндік берілсе. Ақындық – пешенеге бұйыратын өнер бол­са, ғылым – қабілет пен ізденістің же­місі. Егер ғылымға бет бұрмасам, ақын бо­лып жүрер едім, әрине, бола алсам... 

Ақындық – мамандық та, кәсіп те емес. Алайда адамның рухани азығы өлең болғандықтан, сөзсіз асырайды. Кемеңгер Абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең», – деп тегін айтпаса керек.

– Сіздің алғашқы зерттеген тақыры­быңыз – мифология. Яғни, мифтің поэти­ка­дағы қызметі туралы болғаны белгілі. Ми­фо­логия – бұл қызық дүние ғой, тіпті бұл са­лаға қалам тартқандар (қазақ әдебиетінде) көп емес. Кейін де бұл тақырыпқа қайта оралған сәттеріңіз болды ма?

– Алғашқы емес, негізгі тақырыбым. Қазіргі қазақ әдебиеттануында мифо­поэ­тикалық зерттеулер аз емес. Ал мен әде­биеттегі мифтік қабатты зерделеуді бас­та­ған кезімде санаулы ғана еді. Менің ал­­­дымда Сейіт Қасқабасовтың ғылыми-теориялық тұжырымдары мен Серікбол Қоңдыбайдың ұлттық мифологияның та­мырына үңілген еңбектері тұрды. Ал шетел әдебиетануында, мәдениеттану мен фоль­к­лортануында мұндай еңбектер баршылық. Өз зерттеулерімде көп қайталанатын тұ­жы­рымдарды айтсам, алман жұртының Фридрих Шеллинг деген ақыны әрі ға­лымы: «Миф – ежелгі поэзия, поэзияның ядро­сын мифтен табамыз», – деген екен. Америка жазушысы Торнтон Уайлдердің: «Миф дегеніміз – өзінің тарихын ұзақ ға­сырлар бойы әңгімелеген ха­лықтың ар­ман­шыл жаны», – деген қанатты сөзі ме­нің жадымда ән салып тұрады десем де бо­лады. Итальяндық Джамбатисто Вико тек поэзия ғана емес, ілім-ғылым, өнер атау­лының бастауы миф екенін айтады. Мен де осы позицияны ұстанам. Мифо­ло­гия арқылы структуралық антропологияға, семиотикаға назар аудару мен бастаған үрдіс емес, әлем ғылымындағы дәстүр. Миф пен әдебиеттің сабақтастығын әде­биеттанушы ғалымдардың әр талдауынан көре аласыз десем артық айтқандық емес. 

– Ғалымдық деген ақын адамға өлең жазуға кедергі келтірмей ме? 

– Кедергі келтіретін бойкүйездік пен жалқаулық қана... Өлеңді жоспарлап жаза алмайсыз. Ғылыми ізденісті қатаң тәртіп­­пен жоспарлы түрде жүзеге асыру керек. Егер өлең жазылар сәт келіп тұрса, жа­засың. Оған ғылымның еш кедергісі жоқ. 

– Миф тақырыбынан бөлек, ақын Есен­ғали Раушановтың та өлеңдерін зерттегеніңіз бар. Сіз ол кісінің поэзиясына ғылыми тұр­ғыдан баға беруге тырысқаныңызды білеміз. Бұған ақынның өзі (көзі тірісінде) қалай қарады?

– Қазақ өлеңінің тереңдігі мен биік­тігін, шалқар кеңістігін, поэтикалық мүм­кіндігін танытатын туындылардың біре­гейі, былайша айтқанда, өлең бейнелеудің «кіл қаракөгінен» түзілген – Есенғали Рау­шанов поэзиясы. Әдебиеттанушы әрі мифолог ғалым ретінде өлең табиғатын танып, оның мәні мен мазмұнын өзім ден қойған мифопоэтикалық аспектіде тал­да­дым. Жалпы, қазақ поэзиясындағы мифо­поэтикалық пішінді зерделеу ғылымдағы жаңа арналарға жол ашады. Сөйтіп, поэ­зияның рухани құндылық екенін дәйектей түседі. Менің зерттеуші ретіндегі мақсатым да осы еді. 

Есенғали ағаның өлеңін алғаш талда­уым, ұстазым Рымғали Нұрғалидың ерек­ше назарын аударды десем болады. Ұс­та­зыма талдауды алдында ұсынған едім. Рым­ғали ағам Еуразия ұлттық универ­сите­тіндегі кабинетіне бір күні мені шақырды. Барсам, Есенғали аға отыр екен. «Сенің өлеңіңді мына қызым талдапты, оқып көр», – деп компьютерде терілген мақа­ланы ақынға берді. «Жақсы ақын екенімді Тоқаш көкем айтып еді бір кезде», – деп күле сөйлеген ақын ағамыздың әзіл-шыны аралас лебізін ол кезде түсіне қоймадым. Бұл, шамасы 2001 жыл болу керек. Сол мақала кейінірек Рымғали ағаның қол­дауымен «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді. Есенғали аға Рымғали ұстазыммен телефон арқылы хабарласып, ризашы­лығын білдіріпті. Соған қарағанда дұрыс көзқарас әу бастан болған сияқты. 

– Раушановқа дейін Оралхан Бөкей шығармаларына қызыққаныңызды айтасыз. Қаламгердің туындылары несімен баурады?

– Оралхан Бөкей туындыларындағы табиғат пен адам тақырыбына, сондай-ақ ерекше мінезді кейіпкерлеріне оқушы кезімнен қызығушылығым ерекше болды. Романтикалық әуендегі әңгіме-повесте­ріндегі Алтай келбеті, Қар Қызының тағ­дыры, Сайтан көпірдегі оқиға, жетім ботаны жетелеген Ақботаның трагедиясы, осы сияқты ерекше сипатты оқиғалардың мифтік бояумен үйлестірілуі айрықша әсер етті. Жалпы, бала күнімізден апамдар айтқан ертегілер мен 5–7 кластардағы «Ежел­гі дүние тарихы» оқулығында бері­ле­тін көне грек мифтері есімде ерекше сақ­талып еді. Осы бір қызығушылық көр­кем әдебиетке, миф әлеміне, көне дәуірге деген ынта-ықыласымды оятқан болар. 

– Өлеңге оралсақ: «Поэзияға кеуденің керегі жоқ. Қазаққа өлең керек. Нағыз өлең. Құдіретті өлеңнің алдында бәріміз дәрмен­сізбіз!» дегеніңіз бар. Нағыз өлең дегеніміз қандай өлең?

– Нағыз өлеңнің қандай екенін Абай әйгілеп айтты емес пе: «Өлең сөздің пат­шасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы» деп басталатын өлеңінің әрбір жолында нағыз өлеңге қойылар талап ай­қын көрсетіледі емес пе? Абайдан асырып не айтайын.

– Өлең арқылы бір адамның тағдырын өзгерту керек болса, қай өлеңіңізді таңдар едіңіз?

– Айта алмаймын... Ойлану керек... Мүмкін «Қара гүл»... Әлде «Адасқан қаз» немесе «Қыш тақтадағы сына жазу». 

– Ақындық жолда өзіңізбен күрескен кезіңіз болды ма?

– Адам өмірі өзімен күресуге құрылған. Өзгені емес, өзімізді жеңе алмай келеміз...

– Осыдан он жыл бұрын «өлең мені тас­тап кеткен жоқ па?» деген қаупіңізді айтқан екенсіз. Тастамағанының дәлелі – өлеңде­ріңіз. Қазір ше, ондай қауіп жоқ па?

– Қауіп сейілген жоқ...

– Өмірде айта алмаған дүниені өлең­мен жеткізген тұсыңыз ше? Ондай сәттер кез­­­­десе ме?

– Тағы да Абайға жүгінейін: «Өлең шір­кін өсекші, жұртқа жаяр, Сырымды тоқта­тайын айта бермей» демей ме ұлы бабам...

– Поэзия деген сіз үшін?

– Өлең – рухқа нәр, әр берер қуат көзі. 

– Бүгінгі жас ақындардың өлеңдерінен сіз байқаған кемшілік не жетістік қандай?

– Тереңге бойламау, өз-өзіне риза болу – ең басты кемшілік дер едім. Ал жетістік ретінде жас ақындардың өлеңдеріндегі тың ізденістерді айтуға болады. 

– Жаңа заманның әдебиетінде жаңа­шылдық бар ма?

– Әрине, бар. Әр заманның сөз өнеріне әкелер өз өрнегі бар екенін ескерсек, тә­уелсіздік, жаһандану қазіргі көркем туын­дыларға өзінің игі әсерін тигізетінін ешкім жоққа шығара алмайды.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен 

Гүлзина БЕКТАС 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see136

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see133

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see130

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see130

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see130

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see129

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see128

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see126

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see126

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see126

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see126

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see126

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see125

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see124

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see124

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see124

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see123

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see123

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары