Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

МӘМС тің қаржысы қалай жұмсалып жатыр?

МӘМС тің қаржысы қалай жұмсалып жатыр?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

МӘМС жүйесі өтініштерді арнайы плафтормаларда ғана қарастырады. Алайда ірі мегаполюстерде жүйеге шағымданбаған, көңілі толмайтын адамдардың саны ресми статистикаға ілінбей отыр. 

«Бір сағаттан кейін пломбасы сынып түсіп қалған»

Қазіргі таңда Астана қаласының тұрғыны Аягөз Болтайдың сөзінше, 2022-2023 жылдары Қарағандыда тұрған кезде балаларын үнемі балалар стоматологиясына апарып жүретін. Олардың тістерін кішкентай кезінен бастап әр алты ай сайын тексертіп тұрады. 

Оның сөзінше, Қарағандыда баласына қойылатын пломба, анестезия және тіпті хирургиялық процедуралар да МӘМС есебінен төленген. 

«Хирургиялық процедура дегенде балалардың тіл жүгеншігін кесуді айтып отырмын. Ол үшін ештеңе төлемейтінбіз. Тағы бір рет нақтылап сұрағанда олар сонда барлық қызмет МӘМС есебінен болатынын айтты», – дейді анасы. 

«2023 жылы қарашада Астанаға көшіп келгеннен кейін балалар стоматологиясын таба алмай жүрдік. Көп жер «МӘМС бойынша жұмыс істейміз» деп жазады. Бірақ хабарласып, нақтылап сұрай бастасаң, тек химиялық пломба тегін екенін айтады. Ал қалған қызметтердің бәрі ақылы. Атап айтқанда, жарықпен қатайтылатын пломба, анестезия, сынама т.б.», – дейді Аяу Болтай. 

Аягөз Болтай қызына өткен жылы МӘМС есебінен химиялық пломба қойған, алайда бір сағаттан кейін пломбасы сынып түсіп қалған. Соңында баласына қайтара қоймаған. 

Ол Астанада әзірге жергілікті органдарға шағынданып көрмеген. Себебі, оның айтуынша, Астанада шағымдар уақытында қаралмайды. Олар өзара бір-бірімен хат алмасқанымен, мәселе сол күйі шешілмей қалады дейді. 

Астанадағы тіркелудің қиындығы

Ал Сабина Сапунова бұрын Қостанай облысы Жетіқара қаласында тұрған. Астана қаласына өткен жылы қазанда көшіп келген. Оның айтуынша, шағын қалада уақытша немесе тұрақты тіркеуің болмаса да, емханаға тіркеле аласың. Яғни тек нақты тұрып жатқан жеріңді көрсетсең жеткілікті. 

Ал Астанада емханаға тіркелу үшін кем дегенде уақытша тіркеуің және сонымен қатар емханаға тіркелместен бұрын міндетті түрде флюорографиядан өту қажет. 

Оның сөзінше, егер соңғы бір жыл ішінде флюорографиядан өтпеген болсаң, оны ақылы негізде өтуің керек. Яғни олар алдымен сені емханаға тіркеп, содан кейін МӘМС негізінде флюорографиядан өтуге мүмкіндік бере алмайды. Сабинаның ойынша, бұл дұрыс емес. Себебі ол тұрған Жетіқара қаласында емханаға тіркелместен бұрын флюорографиядан өту міндетті емес болған. 

«Әрине, көңілім толмайды, осыған дейін шағымданған емеспін. Себебі емханаға өте сирек жүгінеміз. Егер маған шұғыл қажет болса, жекеменшік емханаға бара саламын. Ұрысып, шағымданып отырғым келмейді», – дейді Сабина Сапунова. 

«Жазылғың келсе ұзақ күтесің»

Аягөз Болтайдың сөзінше, МРТ, КТ және басқа да тексерістерге кезек толып қалған, жазылған жағдайда ұзақ күтесің. Себебі саған бірнеше ай бұрын жазылып қойған деп айтады. Ал ақылы негізде өткің келсе, бірден өте аласың дейді. 

Ал Сабина Сапунова жақында емханада қызына қан тапсыру анализі үшін барған. Сосын жолдаманы шығарып беру үшін медбикеге жүгінген. Сөйтсе ол анализді МӘМС есебінен тек 2 қыркүйек өте алады екен. Ал ол анализді таңертең өтемін деп ойлаған. 

«Жарайды, маған шұғыл қажет емес, неліктен қызымның көзінің астында қара дақтар шыққанын ғана білгім келген. Бірақ басқа адамдарға шұғыл өту керек болуы мүмкін ғой. Осы жағын түсіне алмадым», – дейді ол. 

МӘМС шағымдарға қатысты не дейді?

МӘМС жүйесінің Астана қаласындағы филиалының сарапшы маманы Абдулла Шерхановтың сөзінше, МӘМС-тің сапасына қатысты әр қалада медициналық көмектектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингтеу бөлімі жұмыс істейді. Қызмет көрсетуші ұйым мен қордың арасында сапалы қызмет көрсету бойынша келісімде көрсетілген міндеттеме бар. 

«Қорға шағым түссе, медициналық ұйымға мониторинг жасап, бәрін тексереді, егер келісімшартты бұзу анықталса, онда белгілі бір шаралар қолданылады. Алайда егер пациент зардап шексе, оны комитетке хабарласып айту керек. Олар да мониторинг жүргізеді. Ал фондтан оған қаржы берілмейді», – дейді Абдулла Шерханов.

«Біз өтінішін жерге қалдырмаймыз»

Оның пікірінше, кінә МӘМС жүйесінен емес, қызмет көрсетіп отырған медициналық ұйым немесе адамнан болуы мүмкін. Кадрдың сапасы секілді мәселелерге басқа салалар жауапты. Оны МӘМС жүйесімен шатастырмау керек. 

Маманның пікірінше, егер халық байланысқа шығып, өтінішін қалдырса, біз өтінішін жерге қалдырмай қарастырамыз дейді.  

«Qoldau 24/7, E-Otinish, msqory.kz сайты секілді платформалар арқылы өтініш қалдырса болады. Егер сұрақ бізге емес, министрлікке қатысты болса сол жақтың сұрағы деп жауабын айтамыз. Ешқандай сұрақ жауапсыз қалмайды», – дейді Абдулла Шерханов. 

«Сабыр сақтап, күту керек»

Абдулла Шерханов тіркеу кезіндегі бюрократиятылық қиындықтарды Астанаға келіп жатқан адамдар санының көптігімен байланыстырады. 

«Мектеп мен ауруханалардың саны өсіп жатқанымен, көзге көрінетіндей емес. Иә, болашақта бәріне қолжетімді болатындай жоспарлар бар. Сабыр сақтап, оны күту керек. Ол мәселе де шешіліп жатыр», – дейді ол.

Шымкент қаласы: МӘМС қызметін пайдалана алмаған тұрғынның зары

Шымкент қаласының тұрғыны Назима Оразымбетқызы 2021 жылы МӘМС міндеттелгеннен бастап оған ақы төлей бастаған. Алайда 2025 жылы 30 қыркүйекте жұмыстан шығып қалып, қазан айында үйінде болады. Сосын қарашаның төртінен бастап қайта жұмысқа тұрады. 

«Қыстыгүні ауырып қалып дәрігерге барамын. Кеуде тұсып ауырып тұр, демала алмаймын. Сонда маған сіз қазан айының ақысын төлемепсіз, соны төлеуіңіз керек. Егер 5000 тг көлемінде төлеп жіберсеңіз сізді ақылы негізде қабылдаймыз, ал егер төлемесеңіз қабылдай алмаймыз деді. Алайда менің ентігіп жатқанымды көріп, бірден кардиограммаға жібереді. Тексергеннен кейін күрделі ештеңе жоқ деп үйге қайтарады», – дейді ол. 

Оның сөзінше, үйге барып, ашуланып ызаланған. Тіпті Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео түсірген. 

Назима Оразымбетқызының айтуынша, посттан кейін жұмысына бастығы, медбикесі және басқа да әртүрлі адамдар келіп тұр. Олар белгілі бір мекенжайды айтып, ол жақта комиссияның күтіп отырғанын айтқан. Барса 5-6 адам отыр екен. 

«Ол жақта жағдайымды біліп, УЗИ түсірді. Апаратын жерлерге апарды. Ол жақта Шымкент қаласындағы МӘМС-тің өкілі жоқ еді. Ол кісі араға бір-екі күн салып хабарласты. Сөйтіп, олар менімен хабарласып сөйлесті. Ол жағдайға олар біздің кінәміз жоқ, ол ай сайын төленетін нәрсе деді. Мен бірнеше жыл төлеп келе жатқан ақшам неге ауырған кезде маған қызмет етпейді деп сұрадым. Олар ақша ортақ фондқа түсіп бөлінеді. Егер ақшаңызды әртүрлі процедураларға жаратпасаңыз, ақша басқа мұқтаж жандарға деп жауап берген», – деді ол. 

Алайда «менің ақшамнан қанша мұқтаж адамға операция өтті, неге ақшамның қайда кетіп жатқанын ашық көрмеймін» деген сұрақтарына жауап ала алмаған.

Сөйтіп, ол екі күннің ішінде ақысыз барлық медициналық тексеруден өткенімен, бірақ МӘМС-ке қатысты сұрақтары жауапсыз қалған. Одан МӘМС орталығының баспасөз хатшысы хабарласып, видеоны өшіруін сұраған, бірақ Назима Оразымбетқызы өшіруден бас тартқан. Тек түсіндіру жұмыстары жүргізілді деуге ғана келіскен. 

Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалының баспаөз қызметінің мәліметіне сенсек, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, МӘМС жүйесінде медициналық көмекті толық көлемде алу үшін азаматтың соңғы 12 ай ішінде үздіксіз жарна  төлемдері болуы қажет. Егер белгілі бір себеппен бір айдың немесе бірнеше айдың жарнасы түспей қалса, азаматтың МӘМС жүйесіндегі мәртебесі өзгеруі мүмкін. Дегенмен бұл жағдайда медициналық көмектің барлық түріне қолжетімділік бірден тоқтамайды.

«Мысалы, азамат жұмысынан айырылған кезде сақтандырылған мәртебесін сақтаудың мүмкіндігі бар. Ол тұрғылықты жері бойынша «Мансап» орталығына жүгініп, жұмыссыз ретінде ресми тіркеле алады. Мұндай жағдайда азамат жеңілдік санатына енгізіліп, оның МӘМС жарналары мемлекет есебінен төленеді. Бұл жұмыссыздық кезеңінде медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді», – дейді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар егер азамат жұмыссыз ретінде ресми тіркелмесе және белгілі бір кезеңде жарна төленбесе, кейін жұмысқа орналасқан соң өткен айлар үшін дербес төлеуші ретінде жарна төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Дербес төлеушілер үшін ай сайынғы жарна мөлшері 4 250 теңгені, яғни ең төменгі жалақының 5 пайызын құрайды. 

Олардың айтуынша, маңыздысы азаматтар өздерінің МӘМС мәртебесін алдын ала тексеріп, жарналардың уақытылы аударылуын бақылап отырғаны жөн. 

Алматы қаласының тұрғыны: «МӘМС жүйесіне қатысты әр жылдары әртүрлі пікірім болды»

Раушан Жакупова Алматыда 2004 жылдан бері тұрады. МӘМС-ті жүйе құрылған уақыттан бастап төлеп келе жатыр. Өйткені ол жұмыс істейтін компанияда МӘМС-ті төлеу міндетті. 

«МӘМС жүйесіне қатысты әр жылдары әртүрлі пікірім болды. Басында ұнамаған, қазір ұнайды. Себебі мен Алматыда жақсы емханаға тіркелдім. Ол жердің әкімшілігі мен дәрігерлері адамдарға жақсы қарайды. Күтетін кезегі көп емес», – дейді ол.

Оның сөзінше, бұрын МӘМС жүйесінің кемшіліктері көп еді. Мысалы, терапевтке жазылу немесе лорға бару керек болса ұзақ күтесің. Ал қазір ол қаралатын клиникада көп күттірмей керек кезде тар буынды маманға жазылуға болады. Сондықтан қазір оның жүйеге көңілі толады. 

Қордың 2026 жылғы дерегіне сүйенсек, МӘМС-ке медициналық заттарды сатып алуға Алматы қаласына 341,3 млрд тг, Астана қаласына 274,4 млрд тг, ал Шымкентке 141,7 млрд тг бөлінген. 

Егер тұрғындардың МӘМС-ке қатысты шағымы болса, Call центр, E-otinish, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және msqory.kz сайты мен телеграм чат бот арқылы өтініш бере алады.

Руслан БАЗАРБАЕВ, Мақсұт Нәрікбаев университетінің 1-курс магистранты

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 12:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары